Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:8.1.А.Жылу құбылыстары
|
Мектеп: С. Датұлы атындағы ЖОМ
|
Күні: 25.09.2018 ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Қалилаева Замира
|
Сынып: 8
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
|
8.3.2.5. жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау.
8.3.2.6. Заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндіру.
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар: Жылу мөлшерін, заттың меншікті жылу сыйымдылығын талқылай алады.
|
Оқушылардың басым бөлігі: Жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін, заттың меншікті жылу сыйымдылығының формулаларынтүрлендіріп есептер шығара алады.
|
Кейбір оқушылар: Жылу мөлшері мен меншікті жылу сыйымдылығын талдай отырып күрделі есептерді шығарып, осы тақырыпқа байланысты проблемалық сұрақтарды шешіп, өмірмен байланыстыра алады
|
Бағалау критерийі:
|
Жылу мөлшері мен заттың меншікті жылу сыйымдылық ұғымдары туралы мағынаны тұжырымдайды.
Жылу мөлшерімен заттың меншікті жылусыйымдылық ұғымдарының формулаларын қандай шамаларға тәуелді екенін ажыратып түрлендіреді, есептерді шығаруда қолданады.
|
Тілдік мақсаттар:
|
Пәндік оқыту мақсаты:
Q –Жылу мөлшері
c – меншікті жылу сыйымдылығы
m – масса
t – температура
Осы сабақтағы кездесетін терминдерді, формулаларды дұрыс оқып оның мәнін ұғыну.
Тілдік оқыту мақсаты:Меншікті жылусыйымдылығы, масса, температура, жылу мөлшері терминдерін ауызша және жазбаша сипаттай алады.
Пәндік лексика және терминология:
Жылу мөлшері – теплота – heat
Температура – температура – temperature
Масса – масса - mass
Меншікті жылусыйымдылық - удельной теплоемкости – specific heat
Диалогқа қатысты сөз тіркестері:
Жылу мөлшері дегеніміз?
Меншікті жылусыйымдылық бұл - ....
Жылу мөлшері қандай шамаларға тәуелді?
|
Құндылықтарға баулу:
|
Зайырлы қоғамда тәуелсіз елдің саналы ұрпағын,үздіксіз білім алуға,сыни ойлауға,өзгелердің пікіріне құрметпен қарап,ынтымақтастықта жұмыс жасауға бағыттау.
|
Пән аралық байланыс:
|
Математика – формулаларды пропорция арқылы түрлендіреді.
Химия – металдардың құрамынан меншікті жылу сыйымдылықтарын ажыратады.
|
Бастапқы білім:
|
Жаратылыстану пәндерінен жылу ұғымын біледі.Жылу алмасу процесі. Жылу берілу түрлерімен таныс.
|
Жоспар
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері:
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері:
|
ресурстар
|
Сабақтың басы
2 минут
1 минут
5 минут
1 минут
|
Сыныпты түгелдеу
Сыныпта жағымды ахуал туғызып
1,2,3 сандары арқылы топтарға бөлу
«Кинометофора» әдісі арқылы жылу мөлшеріне арналған бине жазба көрсетіледі. Сол арқылы тақырыпты ашамын, мақсатты айқындаймын.
БО: «Нұсқау беру және айту»
«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі арқылыжылу мөлшері мен заттың меншікті жылу сыйымдылық ұғымдары туралы мағынаны тұжырымдайды.
Оқулықтағы 1,2,3 тәжірибелерді оқып, талқылап, тәжірибені орындап дәлелдеуге тапсырма беріледі
1-тәжірибе. Судың жылу процесін қарастырайық. Тәжірибебарысында температураны қарапайым термометрмен өлшеңдер. Судың температурасын жоғарылату үшін неғұрлым көп уақытжұмсалса, соған сәйкес берілген жылу мөлшері де соғұрлым көп
болады. Суды жылытуға қажет жылу мөлшері температураныңөзгерісіне пропорционал екені түсінікті.
мұндаt1 – бастапқы температура, t2 – соңғы температура,
– температураның өзгерісі, ∆(дельта) – өзгеріс.
2-тәжірибе. Екі бірдей ыдыс алайық. Оның біреуіне 1 кг,
екіншісіне 2 кг су құйыңдар (7.1-сурет). Оларды бірдей жағ дайдабірдей температураға дейін қыздырайық. 2 кг суды жылыту үшінекі есе уақыт қажет, яғни жылумөлшері массаға тура пропорционал: Q ~ m.
3-тәжірибе. Екі бірдей ыдысқамассалары және температураларыбірдей екі түрлі сұйықтық (су жәнеглицерин) құйыңдар. Олардыбірдейтемпературағадейінқыздыруүшінәртүрліуақыткерек.
|