Сабақтың басы Briefing
|
1.Сәлемдесу, түгендеу
Білім алушыларды мозайка тәсілі, жылу берілу тәсілдерінің суреттері арқылы топқа бөлемін.
1-топ жылуөткізгіштік
2-топ конвекция
3-топ сәуле шығару
Топ ережесін сақтауды сұраймын.
Білім алушыларға оқу мақсатын хабарлаймын. ;
Briefing
Brainstorm
-Неліктен қыздырғыштар төменде орналасқанына қарамастан үйлердің төбесіне жақын жердегі ауа температурасы еденмен салыстырғанда жоғары болады?
Балалар өз ойларын айтады
Group discussion
Әр топқа 4 стикерге дененің ішкі энергиясы, жылулық процестерге және жылу берілу туралы 4 сұрақ, 4 жауабын жеке-жеке жазу ұсынылады.. Топтар бір-бірін өзара ауызша бағалайды.
Дененің ішкі энергиясы дегеніміз не?
Жауабы: Дененің ішкі энергиясы деп денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысының энергиясы мен олардың өзара әрекеттесу энергиясын айтады.
Ішкі энергия қандай жағдайда өзгереді?
Жауабы: Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы өзгергенде, дене мен дененің температурасы өзгергенде оның ішкі энергиясы өзгереді.
Жылулық процестер дегеніміз не?
Жауабы: Зат температурасының өзгеруіне байланысты туындайтын процестер жылулық процестер деп аталады.
Жылу берілу дегеніміз не?
Жауабы: Денемен жұмыс істелмей немесе дененің өзі жұмыс істемей тұрғандағы ішкі энергияның өзгеру процесі жылу берілу деп аталады.
Бағалау: білім алушылар бір-бірін өзара ауызша бағалап, дұрыс жасаған топқа «от шашу» жасайды.
|
Түрлі-түсті стикерлер
Жылу берілу процестерінің суреттері.
|