Атмасфералық жағдайды қалыптастыру.
«Миға шабуыл»
Әдісі бойынша сұрақ- жауап сәті
1 Сұрақтар береді
1.Температура дегеніміз не?
2.Кельвин шкаласынан Цельсий шкаласына айналдыратын формуланы жаз.
3. Күн бетінің температурасы 6000 К-ге дейін қызады. Осы температураны Цельсий шкаласына айналдыр?
4. Жылу алмасы дегеніміз не?
5.Суретті қысқаша түсіндір
Пікірталас сұрақтарыменжұмыс Ассоциация құру
Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері: жұмыс жасау, жылу алмасу.
Ішкі энергия деп денені құрайтын барлық бөлшектердің кинетикалық энергиясы мен осы бөлшектердің өзара әрекеттесуінің потенциалық энергиясының қосындысын айтамыз. Дененің температурасы жоғары болған сайын оның ішкі энергиясы артады. Химиялық реакция деп нәтижесінде бір заттың құрамы мен құрылысы жағынан өзгеше болатын басқа затқа түрленуін айтады. Химиялық реакциялар өзара әрекеттесуші денелердің ішкі энергиясының өзгерісін тудырады. Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы өзгергенде, демек дененің тепмпературасы өзгергенде оның ішкі энергиясы өзгереді. Көрсетілетін тәжірибелер: Ауаның және судың ішкі энергиясының артуы немес кемуі температура өзгерісіне тікелей байланысты. Зат температурасының өзгеруіне байланысты туындайтын процестер жылулық процестер деп аталады.