Қолдану
Қайнау – бұл тек қана ашық беттегi сұйықтың интенсивтi булануы емес, сонымен қатар бу көпiршiктерiн түзетiн қуыс көлемiндегi сұйықтың да интенсивтi булануы.
Егер сұйық бiрқалыпты қыздырылмаған болса, онда су көпiршiктерi қалқып шыққан кезде олардың iшiндегi қысым бу конденсациясының есебiнен азаяды да, көпiршiктер жарылып кетедi. Ал сұйық жеткiлiктi қыздырылған болса, онда көпiршiктер жарылуын тоқтатады да, сұйық бетiне еркiн қалқып шығады. Сұйық қайнайды (2.3 – сурет).
Көпiршiк iшiндегi қысым үш қосылғыш арқылы анықталады: p = p0 + ρgh + 2σ/r , мұндағы p0 – сыртқы қысым, ρgh – биiктiгi h болатын сұйықтың жоғарғы қабаттарының гидростатикалыққысымы, 2σ/r – радиусы r болатын көпiршiк бетiнiң майысуына(қисаюына) байланысты өзгеретiн қысым (§2.4 – қараңыз), ρ және σ – сұйықтың тығыздығы және беттiк керiлу коэффициентi (§ 2.4 – қараңыз). Мына төмендегi шарт орындалған кезде сұйық қайнай бастайды.
pk≥p0+ρgh+2σ/r (2.2)
мұндағы pk – қаныққан будың қысымы. Әдетте 2σ/r<<p0 және ρgh<<p0. Бұдан, былай болатындығы шығады:
pk≥p0 .
Сонымен, барлық сұйықтың температурасы бiрдей, ал қаныққан будың қысымы әдетте оның бетiне түсiрiлген сыртқы қысымға тең немесе сол қысымнан сәл артық болған жағдайда сұйық қайнай бастайды.
Сұйықтың қаныққан буының қысымы сыртқы қысымға тең болғандағы сұйықтың температурасы қайнау температурасы деп аталады. Атмосфералық қысымның қалыпты жағдайындағы сұйықтың қайнау температурасы қайнау нүктесi деп аталады.
Су бетiне түсiрiлген сыртқы қысымның өсуiмен бiрге қайнау температурасы жоғарлайды да, қысымның азаюына байланысты температурасы төмендейдi. Барлық басқа шарттары бiрдей болған жағдайда да, әр түрлi сұйықтардың қайнау температуралары әртүрлi болып келедi (2.3 – сурет).
а) Таратпа материал және табыс критерийлері таратылып, оқушыларға өз беттерінше білім алуға мүмкіндік беріледі. (7 мин)
ә) Жаңа материалды топтық талқылау (3 мин)
б) «Көршіңнің қалы қалай?» (әр оқушы өзінің оң жағындағы баланың жаңа тақырып бойынша білімін «бағдаршам» тәсілімен бағалайды) (1 мин)
в) Жаңа тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тереңдете түсу үшін интерактивті тақтада электронды оқулықтан бейнежазба көрсетіледі. (2 мин)
Жаңа тақырыпты бекіту және жаңа білімді ескі біліммен ұштастыру.
а) Әр топқа әртүрлі тапсырма беріледі(10 мин):
1-топ – төрт сабақ бойы меңгерілген булану құбылысы бойынша «Білім қабырғасын» құру;
2-топ – буланудың екі тәсілі «Кебу» мен «Қайнаудың» айырмашылығы мен ұқсастығын көрсетіп, Венн диаграммасын жасау;
3-топ – постер құрастыру:
4-топ – флипчартпен жұмыс.
ә) Жұмыстарын қорғау және стикерлер арқылы бағалау(7 мин)
1-топ 2-топқа және керісінше, ал 3-топ 4-топқа және керісінше қорғайды.
|
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
Достарыңызбен бөлісу: |