Оқушыларға жіппен бейнелеу туралы түсінік беру, орындау әдістерін үйрету. Оқушылардың жұмысқа деген белсенділігін арттыру, қызығушылықтарын ояту. Ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:1.Оқушылар өз ойын ашық айтады,сабаққа белсенділігі
Үй тапсырмасы: “Құрақ”. “Құрақтың түрлері”. «Бір айналым сәт» стратегиясы арқылы үй тапсырмасын сұрап, қорытындылаймын.
«Бір айналым сәт» стратегиясы.
Оқушылар үйге берілген тапсырмалар бойынша шеңберге тұрып, бір-бірін жалғастырып, тігіп келген жұмыстарын қорғайды.
ІІІ. Жаңа сабаққа ену.
Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларды сыни ойландыру мақсатында бейнеролик арқылы жіппен жұмысты көрсетіп, ақпарат беру. “Миға шабуыл” түрткі тапсырмасын беремін.
(Оқушылар бейнероликтен көргендері бойынша өз пікірлерін ортаға салады. )
Тақтаға күннің жадын сабақтың тақырыбын жазамын.
Жіппен бейнелеу тәсілі \изонить\ - жіптерден жасалған дизайндардың әр түрі. Жіппен бейнелеу тәсілі көптеген қызықты өрнектер ойлауға мүмкіндік туғызады. Бұл өмірде шығармашылықты көзбен мөлшерлей білуді, қолдың еңбегін бейнелеуді, эстетикалық талғамды талап етеді.
Англияда XVI ғасырда пайда болған Англия ойшылдары ілгектеп бекітудің тәсілін ойлап тапты. Олар ағаш тақтайшасына шеге бекітіп оған жіпті кереп ілуді, үй тұрмысына әсемдік бұйым етіп жасауды білді. Бұл техниканы ойлап тапқанГ.А.Баницкий мулина, тігін және машина жіптерін пайдаланып, қол құралдарына қайшы, циркуль, сызғыш, қарындаш қолданған.
Изонить тәсілімен суреттемелер, бейнелеу тағы көптеген заттар жасауға болады. Бұл тәсіл қиын болмағанымен, жасаушы адамнан ұқыптылықты, тәртіпті, шыдамдылықты талап етеді.
(«Көңілді күн» әні бойынша видеоролик арқылы сергіту)
V. Сарамандық жұмыс
(Сарамандық жұмыстың жасалу ретімен таныстырып, жасалу схемаларын екі топқа таратамын.)
Жұмыстың жасалу реті
Қатты қағазға бұрыш жасап, сызып, әр бөліктерді бірдей етіп бөлеміз, нүктелерді инемен түйреуішпен тесу керек, жіпті инеге өткізіп, схема бойынша жүргіземіз.
Циркульмен шеңбер жасау үшін сызбасын алып, тең бөліктерге бөліп белгілеп, нүктелерді инемен тесіп, инеге жіп өткізіп сызба бойынша фигура шығарамыз.
Жұмыс барысында түс үйлесімді болуына ерекше көңіл бөлу керек. Әр
түстің өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, ақ түс – пәктік, тазалықтың белгісі,
VІ. Постер қорғау. ( Сарамандық жұмыс жасалып болғаннан соң, екі топ оз жұмыстарын қорғайды.)
«Соңғы сөзді маған қалдыр» стратегиясы бойынша бақылаушылар сойлеп, топты өзара бағалайды.
Рефлексия «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
“Бүгінгі сабақтағы көңіл күйім” .Смайликтер тарату
“Бүгінгі сабақтан алған әсерім”. Стикерлер тарату
«Дана ағашына» рефлексия жапсыру сәті
Оқушылар өздерінің бүгінгі сабақтағы көңіл күйін смайликтер арқылы көрсетеді. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлері жайлы жазып, «Дана ағашына» жапсырады.
VІІ. Үйге тапсырма
Әр оқушы өз бетінше жіппен бейнелеп,бір композиция құрастырып келу.