Сабақтың тақырыбы: Жобаға арналған идея. Оқу бағдарламасына сәйкес



Дата16.03.2022
өлшемі0,88 Mb.
#135859
түріСабақ
Байланысты:
Жобаға арналған идея


Цифрлық сауаттылық пәнінен қысқамерзімді жоспар



Бөлім: Роботтехника. Жоба.




Педагогтің Т.А.Ә.

Оспанова Сандугаш Сагитовна

Күні:

24.01.2022

Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Жобаға арналған идея.




Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
3. 1. 1. 1 таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгерту үшін клавиштерді пайдалану;
3.2.1.2 мәтінді теру ережесін сақтау;
3.2.1.3. мәтінді өңдеу.







Сабақтың мақсаты: Мәтін теру ережесін сақтай отырып, мәтінді өңдеуді үйрену.







Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі. 2мин

Оқушылармен амандасу, психологиялық ахуал туғызу.
Балалар, шаттық шеңберіне жиналайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық! Көңіл-күйді көтеру үлкен өнер. Иә, балалар.

  • Қанекей балалар көңіл-күйлерің қалай? Керемет! (қолдарын көтереді)

  • Сабаққа дайындықтарын қалай? Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)

Ендеше сабағымызды бастайық.
Қиылған суреттер бойынша топқа бөлу.
1 – топ. «Құс қанаты»
2 – топ. «Гүл»
3 – топ. «Аққу»

Мұғаліммен амандасады, сабаққа дайындалады. Бір – біріне қарап күлкі сыйлайды. Суреттерді таңдап, топқа бөлінеді.








Үй тапсырмасын тексеру. 5мин

Жұппен жұмыс
Word мәтіндік редакторының терезе элементтерін толықтырып жаз.


(Мәзір жолы, тақырып жолы, сызғыш, құрал саймандар тақтасы, жұмыс алаңы, айналдыру жолағы, қалып – күй аймағы

Word мәтіндік редакторының терезе элементтерін жазады.



Смайликпен бағалау

Смайлик, таратпа қағаз



Жаңа сабақ
15 мин

«Ашық микрафон» әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашу.
- Халқымыздың қандай ұлттық өнер түрлерін білесіңдер?
- Күнделікті тұрмыста ою-өрнекпен безендірілген қандай тұрмыстық заттарды пайдаланасыңдар?
- Айдос «Қазақтың ою – өрнегі» тақырыбындағы жоба жұмысын орындауда мәтіндік редакторды қалай қолданарын білмей отыр? Оқушылар Айдосқа көмектесеміз бе? Қалай ойлайсыздар «Қазақтың ою – өрнегі» тақырыбындағы жоба жұмысын орындауда мәтіндік редакторды қалай қолданар едіңіздер?
Сабақтың тақырыбы: Жобаға арналған идея.
Сабақтың мақсаты: Мәтін теру ережесін сақтай отырып, мәтінді өңдеуді үйрену.

Мәтінді редакциялау жолдарымен әрі қарай танысайық. Мәтінді редакциялау әдістері барлық мәтіндік редакторларда ұқсас болады. Мәтін, символ, сөз, жол мен абзацтан тұрады. Мәтінді редакциялаған кезде тінтуірдің көмегімен мәтінді ерекшелеген ыңғайлы.



Редакторда мәтін теру үшін алдымен теру тілін дұрыс таңдап алу керек. Ол үшін компьютер экранының оң жақ төменгі бөлігінде орналасқан Языковая панель (Тілдер жолағы) батырмасын тінтуірмен шертеміз. (2-сурет, қызыл бағыттама) Тілді таңдау үшін, пернетақтадан Shift + Alt немесе Shift + Ctrl пернелерін (бірге басу арқылы) ауыстыруға болады.

Мәтін теру кезінде әріптерді қате жазу, әріптерді қалдырып кету сияқты қателер жіберіледі. Осындай қателерді жөндеу үшін төмендегі пернелерді немесе командаларды бірге пайдалану керек.
1.Бағыттаушы пернелер арқылы мәтінмен жоғары, төмен, оңға, солға жүреміз. Қате кеткен әріптерді Bakspace пернесімен солға қарай, Delete пернесімен оңға қарай өшіруге болады.


Сұрақтарға жауап береді.
Жаңа сабақтытың тақырыбы, мақсаты-мен танысады.
Күнді, тақырыпты дәптерлеріне жазады.

Тілді ауыстыру командасын дәптерлеріне жазады.






1-слайд

2-слайд
3 -слайд

4-слайд




Жаңа сабақты бекіту
10 мин

Практикалық жұмыс.
Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ою­өрнегі»

  1. Мәтіндік редакторды іске қос.

  2. Құжатқа «Ою-өрнек» атауын бер.

  3. Мәтінді редакторда тер.

  4. «Жоба» бумасын ашып. Қажетті суретті тінтуірдің оң жағымен шертіп,

контекстік мәзірден копировать (Көшіру) командасын басып, суретті көшіріп ал.

  1. Мәтіндік редакторды ашып, Вставить (Қою) батырмасы арқылы терген мәтіннің соңына суретті орналастыр.

  2. Жобаға мәтін мен суреттерді енгізген соң, Сохранить(Сақтау) батырмасын басамыз.



Қазақтың ұлттық ою­өрнегі
Қазақтың ою-өрнегін үй жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіру үшін қолданады. Ою-өрнектердің жануар, өсімдік сипатты, геометриялық т.б. түрлері бар.

Бағалау парағы
Оқушының аты – жөні:
Сынып:

Тапсырма



Балл

+

Мәтіндік редакторды іске қостым

1




Құжатқа атау бердім

1




Мәтіндік редакторда мәтін тередім

1




Бумадан суретті көшіріп алдым

1




Мәтіндік редакторға сурет қойдым

1




Құжатты сақтадым

1




Барлығы

8






Сергіту сәті. Көзге арналған гимнастика

Тапсырманы компьютерде орындайды.
Бағалаупарағы арқылы өзін - өзі бағалайды.
Көзге арналған жаттылар жасайды.


Бағалау парағы


Таратпа қағаздар, бағалау парағы , «Көзге арналған жаттығу-
лар» бейнеро-лик


Қорытындылау
5мин

Топпен жұмыс
«Сәйкестендіру» кестесі.
1 – топ

Бас әріпті теру үшін




Home (Хоум)

Меңзерді жолдың басына жылжыту

Shift+Alt немесеShift+Ctrl

Тілді ауыстыру үшін

Shift



2-топ

Бас әріптерден тұратын сөзді жазу үшін




B ackspace

Меңзерді жолдың соңына жылжыту

Caps Lock

Солға қарай өшіру

End (Энд)

3 – топ.

Меңзерді жоғары, төмен, оңға, солға жүргізу үшін




Delete



Оңға қарай өшіру

Shift

Бас әріпті теру үшін




«Сәйкестендіру» кестесін орындайды


Бағдаршам әдісі арқылы топтар бір –бірін бағалайды.


Плакат, бағдаршам-дар


Рефлексия


3мин



Кері байланыс: «Білім қоржыны»
Қызыл қоржын - Өте жақсы түсіндім, мен үшін қызықты болды.
Көк қоржын – Мен сабақты жақсы түсіндім
Сары қоржын - Тақырып бойынша әліде ізденуім керек.



«Білім қоржыны» әдісі бойынша сабаққа кері байланыс жасайды.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды атап, қолпаш- тау.

Қоржындар, стикерлер




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет