Сабақтың тақырыбы: Жолашар, тоқымқағар
|
Мектеп: Жамбыл атындағы ММИ
Мұғалімнің аты-жөні: Разбекова С.К.
Күні: 05.03.2020
|
Сынып: 6 «Ә»
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны:
|
Бөлім атауы
|
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз.
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
|
Т 1 - мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау;
ӘТН 4 - үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану.
|
Сабақ мақсаттары:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Мәтіннің атауын талқылайды және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжайды, үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Мәтіннің атауын талқылайды және көтерілетін мәселені болжайды; үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады, синонимдік қатарларын түрлендіріп сөйлем құрайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: үстеулерді қатыстырып жинақы мәтін жазады.
|
Бағалау критерийі
|
Мәтіннің атауын талқылайды және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжайды, үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады, синонимдік қатарларын түрлендіріп сөйлем құрайды, үстеулерді қатыстырып жинақы мәтін жазады.
|
Тілдік мақсат
|
Тақырыпқа байланысты сөздер мен сөз тіркестері: жолашар, жолаяқ, жоралғы дәстүр, межелеген жер, тоқымқағар.
|
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылығы: Тарих, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Қазақ халқының салт- дәстүрін жаңғырту және сақтау.
|
Пәнаралық байланыс
|
Әдебиет, өзін-өзі тану.
|
Алдыңғы оқу
|
Қазақтың дастарқаны
|
Сабақтың жоспары
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин
|
Ұйымдастыру. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Жолаушыға тілек».
«Мозаика» тәсілі арқылы топқа бөлемін.
Қызығушылығын ояту. «Домино» ойыны
Оқушылардың алдына әр түрлі сөздер жазылған қағаз қиынды-лары беріледі. ( Жолың болсын, сапарың сәтті болсын, ақ жол, алдың ашық болсын, ай барып, аман орал, келуіңмен, қош келдің, аман- есен оралуыңмен, қош көрдік, тоқымын шаң болыпты, ұзақ жол жүріпсің).
Сөздерді екі топқа бөлу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы ашылады.
ҚБ. Мадақтау сөздер. «Жарайсың, тамаша»
Оқу мақсатымен, критерийлерімен таныстырамын.
|
«Жолаушыға тілек»
І топ. «Бата»
ІІ топ. «Тілек»
ІІІ топ. «Ниет»
«Жарайсың»,
тамаша!»
|
Ортасы
3 мин
10 мин
3 мин
5 мин
10 мин
|
«Сканерлеп оқу» әдісі арқылы мұғалім мәтінді дауыстап оқиды. Оқушылардан мәтінде қандай ұлттық дәстүр сипатталатынын тыңдап, тапсырмалар орындайды.
ТЖ. 1- тапсырма. Оқушылар мәтін атауын талқылайды, көтерілетін мәселеге болжам жасайды.
1-топ. «Қабырғадағы сурет» әдісі арқылы
«Жолашар» ұғымына түсінік береді
2-топ. «Қос жазба» күнделігі арқылы
«Тоқымқағар» ұғымына түсінік береді
3-топ. «Ассоциация» әдісі арқылы
Көтерілетін мәселеге болжам жасайды.
Дескриптор
1топ
|
2 топ
|
3 топ
|
мәтінді мұқият тыңдайды;
мәтін атауын талқылайды.
|
мәтінді мұқият тыңдайды;
мәтін атауын талқылайды.
|
Көтерілген мәселеге болжам жасайды..
|
Дескриптор негізінде кері байланыс беру арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.
ТЖ. 2- тапсырма. «Сәйкестендіру тесті» арқылы үстеудің мағыналық түрлерін ажыратыңдар.
Мезгіл үстеуі әдейі, жорта
Мекен үстеуі осынша, неғұрлым
Мақсат үстеуі кеше, бүгін
Мөлшер үстеуі төмен, жоғары
Дескриптор
- үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады.
Дескриптор негізінде кері байланыс беру арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.
ЖЖ. 3- тапсырма. «Ойлан, жұптас-бөліс». Үстеулерге мысалдар жазып, синонимін табады, сөйлем құрайды.
Үстеу
|
Синоним
|
Сөйлем
|
жылдам
|
тез
|
Жылдам хабар алғызды.
|
|
|
|
|
|
|
Дескриптор
-Үстеулерге мысалдар жазады;
-үстеулердің синонимін табады;
-сөйлем құрайды.
Дескриптор негізінде кері байланыс беру арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.
Ж. 4- тапсырма. Үстеулерді қатыстырып, салт-дәстүрдің біріне жинақы мәтін жазады.
Дескриптор
Мәтін құрылымын сақтайды;
Сауатты жазады.
Дескриптор негізінде кері байланыс беру арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.
|
ОӘК материалдары
«Сканерлеп оқу» әдісі
«Қабырғадағы сурет» әдісі
«Қос жазба күнделігі» әдісі
«Ассоциация» әдісі
Сәйкестендіру тесті
«Ойлан, жұптас-бөліс»
«Бас бармақ»
|