Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау Сабақтың мақсаты


Қысқаша жұрнақтар мен жалғаулар анықтамалығы



бет2/3
Дата25.03.2017
өлшемі0,72 Mb.
#12383
түріСабақ
1   2   3

Қысқаша жұрнақтар мен жалғаулар анықтамалығы


-А-
-а1 Көсемше (етістікке жалғанса)жұрнағы айт-а-мын
-а2, Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақ Мұқ-а
-а3 Барыс септік жалғауы (зат есімге жалғанса) тойым-а
-а4 Есімдерден  етістік  жасайтын жұрнақ сан-а
-ар1 -//- жас-ар
-ай1 -//- мол-ай
-ай2 Еліктеу сөзден етістік тудыратын жұрнақ жалп-ай
-айын Бұйрық  рай жұрнағы,жекеше түрі бар-айын
-айық -//-,көпше түрі бар-айық
-ақ1 Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ қон-ақ
-ақ2 Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақ Қор(ы)қ-ақ(ы түсіп қалады)
-аған -//- Қа(п)б-аған (кейінді ықпал)
-аң Сын есімнің шырайын жасайтын жұрнақ боз-аң
-ар2 Есімшенің жұрнағы бар-ар
-атын -//- бар-атын
-ау Жинақтық сан есім жұрнағы алт(ы) –ау ы түсіп қалады
-аң, Туынды еліктеуіш жұрнағы томп-аң
                -Б-
-быз,-біз Жіктік жалғауы, көпше түрі келген-біз
-бын,-бін -//-, жекеше түрі
-бақ,-бек Есімшенің жұрнағы қон-бақ
-бен,бенен Көмектес септігінің жалғауы сіз-бен
-ба,-бе1 Етістіктің болымсыз түрі жұрнағы жаз-ба
көрін-бе
-бе2 Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ сүз-бе
-бақ,-бек -//- жұм-бақ
-ба,-бе3 Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ қыз-ба, бөс-пе
                 -Г-
-ген Есімше(бұр. өткен шақ)жұрнағы кел-ген
-ге Барыс септік жалғауы үй-ге
-гер1 Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақ сауда-гер
-гі1, -гіш, Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ сүз-гі, іл-гіш
-гек, -//- іл-гек
-гі2 Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ күз-гі
-гі3, -гей Қалау райдың жұрнағы кел-гі-сі
-гі4 Етістіктен сын есім  жасайтын жұрнақ күлдір-гі
-гіш - біл-гіш
-гір - біл-гір
-гілікті Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ жер-гілікті
-гер2 Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ тең-гер
-гіле Етістіктен етістік тудыратын жұрнақ кер-гіле
-гіз Өзгелік етіс жұрнағы әкел-гіз
-гелі Көсемше жұрнағы кел-гелі
-гөй Зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақ ақыл-гөй
                  -Ғ-
-ға Барыс септігінің жалғауы тау-ға
-ған Есімшенің жұрнағы оқы-ған
-ғар Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ оң-ғар
-ғалы Көсемше жұрнағы бар-ғалы
-ғыз Өзгелік етіс жұрнағы ал-ғыз
-ғы1 Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ бұр-ғы
-ғы2,-ғай Қалау рай жұрнағы бар-ғы-м, бар-ғай-сың
-ғы3 Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ жаз-ғы
-ғыш Салыстырмалы шырай жұрнағы сар-ғыш
-ғыш1
Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ сыз-ғыш
-ғыш2 Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ жаз-ғыш
-ғақ -//- тай-ғақ
-ғыр1 Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ тұр-ғылықты
-ғылтым Салыстырмалы шырай жұрнағы боз-ғылтым
-ғылт -//- сұр-ғылт
-ғыл -//- боз-ғыл
-ғыла Етістіктен етістік жасайтын жұрнақ бұр-ғыла
-Д-
-дар1,- дер Көптік жалғау адам-дар
-дар2 Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ білім-дар
-да1,-де1 Жатыс септік жалғауы жер-де
-да2,-де Еліктеу сөзден етістік тудыратын жұрнақ ербең-де
-да3,-де Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ тұз-да
-дат,-дет -//- ән-дет
-дан1,-ден Есімдерден етістік жасайтын жұрнақ көңіл-ден
-дан1,-ден Шығыс септік жалғауы ауыл-дан
-дан1,-ден Топтау сан есімінің жұрнағы жүз-ден
-дай,-дей Үстеу жасайтын жұрнақ жаз-дай
-дай1,-дей1 Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ таудай
-дай2,-дей2 Болжалдық сан есім жұрнағы 40-30-дай
-дап,-деп -//- он-дап
-дың,-дің Ілік септігінің жалғауы ел-дің
-дыр,-дір Өзгелік етіс жұрнағы оз-дыр
-ды1,-ді1 Табыс септігінің жалғауы (зат есімге жалғанса) ел-ді
-ды1,-ді2 Жедел өткен шақ/ етістікке тікелей жалғанса/ жұрнағы кел-ді
-ды1,-ді3 Жіктік жалғауы /көсемше арқылы жасалса/ кел-е-ді
-ды1,-ді4 Есімдерден сын есім тудыратын жұрнақ құм-ды жер
-дық1,-дік1 -//- күз-дік
-дық2,-дік2 Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақ. бел-дік
-дас,-дес1 -//- жол-дас
-дас,-дес2 Есімдерден етістік жасайтын жұрнақ ұйым-дас
-дау,-деу Сын есім  шырайын жасайтын жұрнақ үлкен-деу
-дау1 ,-деу1 Үстеу жасайтын жұрнақ тез-деу
-даған Болжалдық сан есім жұрнағы мың-даған
-деген Болжалдық сан есім жұрнағы жүз-деген
-дайын Үстеу жасайтын жұрнақ тоты-дайын
-дікі Меншіктік мәнді білдіреді біз-дікі
-дақ Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ қуыр-дақ
-Е-
-е1 Көсемше (етістікке жалғанса) жұрнағы кел-е-ді
-е2 Барыс септік (зат есімге жалғанса)жалғауы төрім-е
-е3 Зат есімнен етістік тудыратын  жұрнақ сын-а, өрт-е
-еке1,-ек1 Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақ Әб-еке
-ейін Бұйрық рай жұрнағы,жекеше кел-ейін
-ейік Бұйрық  рай, 1ж. көпше кел-ейік
-еген Етістіктен есім тудыратын жұрнақ сүз-еген
-ер1 Есімшенің жұрнағы кел-ер
-ер2 Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ кө(к)г-ер
-етін Есімше жұрнағы көр-етін
-еу Жинақтық сан есім жұрнағы 
бес-еу
-ең Еліктеу сөз жасайтын жұрнақ елп-ең
-Ж-
-жан Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақ Абай-жан
-И-
-й1 Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақ апа-й
-й2 Көсемше(етістікке жалғанса) жұрнағы сөйле-й
-и3 Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ тарих-и
-и5 Еліктеуден етістік жасайтын жұрнақ қылт-и
-йтын Есімшенің жұрнағы сұрайтын
-йтін -//- сөйле-йтін
-йын,-йін Бұйрық рай жұрнағы,1- жақ, жекеше ойна-йын
-йық,-йік -//- ,1- жақ, көпше ойна-йық
                         -К-
-ке Барыс септігінің жалғауы ет-ке
-кен Есімше жұрнағы күт-кен
-кі,-кей Қалау райдың жұрнағы кет-кі-сі
-кі1,-кіш Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ кес-кі, кес-кіш
-кі2 Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ іш-кі(бөлме)
-кір Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ
өт-кір
-кілікті -//- жет-кілікті
-к1 Жіктік жалғау жеткіз-се-к
-к2 Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ күре-к
-кер1 Есімдерден етістік жасайтын жұрнақ ес-кер
-кер2 Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ табыс-кер
-кер3 Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақ талап-кер
-келі Көсемше жұрнағы кет-келі
-кіле Етістіктен етістік жасайтын жұрнақ кес-кіле
-кек Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ керіс-кек
-кіз Өзгелік етіс жұрнағы   сеп- кіз
                   -Қ-
-қыз Өзгелік етіс жұрнағы айт-қыз
-қа Барыс септік жалғауы шаш-қа
-қан Есімше жұрнағы айт-қан 
-қалы Көсемше жұрнағы айт-қалы
-қар
Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ
бас-қар

-қай Сын есім шырайын жасайтын жұрнақ қоңыр-қай


-қыр Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ ұш-қыр
-қақ -//- ұрыс-қақ 
-қ1 Жіктік жалғауы бар-са- қ
-қ2 Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ ақса-қ
-қ3 Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ тара-қ
-қы1 Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ жина- қы,шап-қы
-қы2 Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ қыс-қы 
-қы3 Қалау рай жұрнағы айт-қы-сы 
-қын,-қыш Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ қаш-қын, ұш-қыш
-қыш1 Етістіктен сын есім  жасайтын жұрнақ айт-қыш
-қой Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ сән-қой
-қыла Етістіктен етістік жасайтын жұрнақ ат-қыла 
                      -Л-
-лар,-лер Көптік жалғау бала-лар
-лап,-леп Болжалдық сан есім жұрнағы жиырма-лап
-лық1,-лік1 Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақ бала-лық, екі-лік 
-лық1,-лік2 Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ өлке-лік
-лы1,-лі1 -//- дене-лі
-лы1,-лі2 Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ жинау-лы
-лау1,-леу1 Сын есім шырайы жұрнағы шикі-леу
-лау2,-леу2 Туынды үстеу жұрнағы ілгері-леу
-лай,-лей -//- осы-лай
-л Ырықсыз етіс жұрнағы тара-л                   
-ла,-ле Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ сыр-ла 
-лан,-лен -//- ашу-лан
-лас,-лес Есімдерден сын есім жасайтын сыр-лас (дос)
-лас,-лес Есімдерден етістік жасайтын жұрнақ сауда-лас
-М-
-мыз1,-міз1 Жіктік жалғау келе-міз
-м1 -//- кел-се-м
-мын1,-мін1 -//- кел-е-мін 
-мыз2,-міз Тәуелдік жалғау бала-мыз, үй-іміз
-м2 -//- бала-м
-м3 Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ сөйле-м
-ман,-мен -//- орал-ман
-ма,-ме1 -//- шығар-ма
-ма,-ме2 Болымсыз етістік жұрнағы кел-ме
-ма,-ме3 Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ бұра-ма,қына-ма
-мды, -мді -//- жара-мды
-малы,-мелі -//- таңда-малы, бүр-мелі
-мен,-менен Көмектес септік жалғауы баламмен , баламен
-мақ,-мек Есімше жұрнағы бар-мақ-пыз
-майынша Туынды үстеу жұрнағы бар-майыншы
-мейінше -//- кел-мейінші
-Н-
-ның,-нің Ілік септігінің жалғауы күн-нің
-ны,-ні Табыс септігінің жалғауы ана-ны
-н1 -//- ана-сы-н
-н2 Өздік етіс жұрнағы/етістікке жалғанса тара-н
-н3 Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ бора-н
-н4 Ырықсыз(құрамында л дыбысы болса)етіс жұрнағы тазала-н
-на,-не Барыс септік жалғауы ел-і-не
-на,-не Етістіктен етістік жасайтын жұрнақ жи-на
-нан,-нен Шығыс септік жалғауы үйім-нен
-нан,-нен Топтау сан есімі жұрнағы он-нан
-нда,-нде Жатыс септік жалғауы төрі-нде
-нды,-нді Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ құра-нды
-ншы,-нші Реттік сан есім жұрнағы жеті-нші
-нікі Меншіктік мәнді білдіретін жұрнақ се(н)-нікі
-Ң-
-ңқыра Етістіктен етістік жасайтын жұрнақ шыда-ңқыра
-ңкіре -//- сөйле-ңкіре
-ңыз1,-ңіз1 Тәуелдік жалғау (зат есімге жалғанса) ана-ңыз
-ңыз2,-ңіз2 Жіктік жалғау (етістікке жалғанса) сөйле-ңіз
-ңдар, -ңдер -//-,3-жақ, анайы сөйле-ңдер
-ң1 -//-,2-жақ жеткізсе-ң
-ң2 Етістіктен еліктеу сөз жасайтын жұрнақ сыла-ң
-ң3 Тәуелдік жалғауы,2-жақ ана-ң
-П-
-п Көсемше жұрнағы биле-п
-пын,-пін Жіктік жалғау,жекеше айтып-пын
-пыз,-піз                -//-,(көпше түрі) келіп-піз
-пен,-пенен Көмектес септік жалғауы үміт-пен
-паз Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ өнер-паз
-пақ,-пек Есімше жұрнағы кет-пек
-палы,-пелі Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ ас-палы
-па,-пе1 Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ бөс-пе
-па,-пе2 Болымсыз етістік жұрнағы айт-па
-па1,-пе2 Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ кес-пе
-пайынша Үстеу тудыратын жұрнақ айт-пайынша
-пейінше -//- кет-пейінше
-пана Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақ бас-пана
                  -Р-
-р1 Есімшенің жұрнағы оқы-р
-р2 Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ қысқа-р
-р3 Өзгелік етіс жұрнағы сөйле-р
-рақ Салыстырмалы шырай жұрнағы жақсы-рақ
-рек -//- келте-рек
                   -С-
-сың,-сың,- Жіктік жалғауы,2-жақ,жекеше түрі бара-сың
-сың-дар, -//-,көпше бара-сың-дар
 -сің-дер -//-,көпше келе-сің-дер
-сын,-сін1 Бұйрық рай жұрнағы бар-сын
-сыз,-сіз1 -//,2-жақ, сыпайы түрі бара-сыз
-сыз,-сіз2 Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ ұят-сыз
-с1 Есімшенің болымсыз түрі жұрнағы барма-с
-с2 Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ төбеле-с( басталды)
-с3 Ортақ етіс жұрнағы сөйле-с
-сын,-сын2 Үстеу тудыратын жұрнақ кешкі-сін
-сын,-сін3 Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ көп-сін
-сыра, -//- жалғыз-сыра
-сіре -//- жетім-сіре
-са,-се Шартты рай жұрнағы бар-са
-сы,-сі Тәуелдік жалғауы III ж (жекеше) бала-сы
-сы,-сі Жіктік жалғауы бар-ғы-сы
-сымақ Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақ ақын-сымақ
                 -Т-
-тың,-тің Ілік септік жалғауы іс-тің
-тыр,тір Өзгелік етіс жұрнағы айт-тыр
-т1 -//- шақыр-т
-т2 Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ бөге-т
-тар,-тер Көптік жалғау дос-тар
-тан,-тен1 Шығыс септік жалғауы мектеп-тен
-тан,-тен2 Топтау сан есімінің жұрнағы алпыс-тан
-тай,-тей Есімдерден сын есім тудыратын жұрнақ сүт-тей
-тай,-тей1 Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақ апа-тай
-тай,-тей2 Үстеу тудыратын жұрнақ қыс-тай
-тай,-тей3 Болжалдық сан есім жұрнағы он-онбес-тей
-таған -//- қырық-таған
-тап,-теп -//- бес-бестеп
-тау,-теу1 Салыстырмалы шырай жұрнағы алыс-тау
-тау,-теу2 Туынды үстеу жұрнағы кеш-теу
-ты,-ті1 Табыс септігінің жалғауы (зат есімге жалғанса) шарт-ты (орындады) 
-ты,-ті2 Жедел өткен (етістікке тікелей жалғанса)жұрнағы кет-ті,кетпе-ді
-ты,-ті3 Жіктік жалғауы(көсемше жұрнағы арқылы жасалса) кет-е-ді
-ты,-ті4 Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ атақ-ты әнші
-тық,-тік -//- қыс-тық (киім)
-тікі Меншікті мәнді білдіретін жұрнақ Шымкент-тікі
-тайын Үстеу жасайтын жұрнақ қыс-тайын
-тал Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ сезім-тал
-тас1,-тес1 -//- сынып-тас( қыз)
-тас2,-тес2 Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ дос-тас
-та,-те1 -//- тіс-те
-та,-те2 Жатыс септік жалғауы ағаш-та
-тан,-тен Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ тамақ-тан
                 -У-
-у1 Тұйық етістік жұрнағы Тас-у
-у2 Еліктеу сөзден зат есім тудыратын жұрнақ дүмп-у
-у3 Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ көсе-у,еге-у
-улы,-улі Етістіктен сын есім жасайтын ас-улы,іл-улі
-уық,-уік -//- жыла-уық
-уыл,-уіл Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ қара-уыл
-уыш,-уіш -//- тіре-уіш
                  -Х-
-хана Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақ ем-хана
                -Ш-
-ша,-ше Туынды үстеу жұрнағы бала-ша
-шы,-ші Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақ ән-ші
-шылық -//- шаруа-шылық
-шек1 Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ ерін-шек
-шақ1 -//- мақтан-шақ
-шақ2 Зат есімнің рең мәнін жасайтын жұрнақ құлын-шақ
-шек2 -//- іні-шек
-шік,-шық -//- қап-шық
-ша,-ше1 -//- жүрек-ше
-ш -//- қалқа-ш
-шаң,шең- Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ бой-шаң 
-шыл,-шіл1 -//- ұйқы-шыл
-шыл,-шіл2 Сын есімнің шырайы жұрнағы ақ-шыл
-шылтым -//- ақ-шылтым
-шілтім   -//- көк-шілтім
-шы-ші Өтіну, тілек мәнді білдіретін жұрнақ кел-ші
              -Ы-
-ымыз Тәуелдік жалғау (зат есімге жалғанса)                     бабалар-ымыз
-ым1,-ың,-ы1,
     -ыңыз1 -//- бабалар-ым, бабалар-ы бабалар-ыңыз
-ы2 Есімдерден  етістік жасайтын  жұрнақ бай-ы 
-ыңыз2 Жіктік жалғау бар-ыңыз
-ы3 Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ қазақ-ы (ит)
-ып Көсемше жұрнағы айт-ып
-ыңдар Жіктік жалғау,2-жақ,көпше түрі айт-ыңдар
-ым2,-ық  
-ынды1 Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ қыс-ым, қаз-ық 
жу-ынды 
-ық2 Етістіктен сын есім  жасайтын жұрнақ тол-ық 
-ынды -//- жу-ынды 
-ыңқы -//- бас-ыңқы   
-ымды Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ қон-ымды 
-ыс1 Ортақ етіс жұрнағы жаз-ыс 
-ыс2 Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ айт-ыс  
-ын1, -//- құй-ын   
-ыш1 -//- қуан-ыш   
-ыш2 Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақ Нұртай- Нұрыш
-ыра 
-ырай   Еліктеу сөзден етістік жасайтын жұрнақ былб-ыра   
баж-ырай 
-ыл1 Ырықсыз етіс жұрнағы айт-ыл-ды
-ын2 Өздік етіс жұрнағы жу-ын-дым 
-ын3 Туынды үстеу жасайтын жұрнақ жасыр-ын келу 
-ыл2 Еліктеу сөзден зат есім жасайтын жұрнақ ыр-ыл, гүр-іл 
-ыл3 Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақ шу-ыл 
-ыл4 Еліктеу сөзден зат есім жасайтын жұрнақ тарс-ыл
-ырақ Сын есімнің шырайлары жұрнағы қызыл-ырақ
-ыншы Реттік сан есім жұрнағы қыр(ы)қ-ыншы(қырқыншы) 
-ыңқыра Етістіктен етістік жасайтын жұрнақ айт-ыңқыра 
-ыр Өзгелік етіс жұрнағы ас-ыр
-ың1 Еліктеу сөз тудыратын жұрнақ жылт-ың 
-ың2 Еліктеу сөзден зат есім тудыратын жұрнақ ыз-ың
-ыт Есімдерден етістік жасайтын жұрнақ   су-ыт
                       -І-
-і   Тәуелдік жалғауы (зат есімге үй-і  
-ім1, ің жалғанса) үй-ім, үй-ің  
-іміз, -іңіз1 -//- үй-іміз, үй-іңіз
-іңіз2   Жіктік жалғауы (етістікке жалғанса) кел-іңіз 
-іңдер -//- кел-іңдер  
-іп Көсемше жұрнағы көр-іп 
-ік1 Есімдерден етістік жасайтын жұрнақ бір-ік
-ік 2 Етістіктен зат есім жасайтын түкір-ік  
-ім2 жұрнақтар біл-ім  
-іс1 -//- жүр-іс
-іш1 -//- сүйін-іш
-інді,-ін1 -//- үй-інді, ек-ін(егін)  
-ір1 Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ бүк-ір 
-ір2 Өзгелік етіс жұрнағы кет-ір
-ін2 Өздік етіс жұрнағы көр-ін
-ін3 Ырықсыз (құрамында –л дыбысы болса) біл-ін 
-іс2 Ортақ етіс  жұрнағы көтер-іс
-іл1 Ырықсыз етіс жұрнағы кер-іл 
-іл2 Еліктеу сөзден зат есім тудыратын жұрнақ   гүр-іл  
-інді     Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ түй-інді( жіп) 
-іңкі -//-,жұрнақ көтер-іңкі  
-ілдір Сын есімнің шырайы жұрнағы көг-ілдір (көк+ілдір)
-ірек -//- көг-ірек (көк+ірек)
-іре 
-ірей Еліктеу сөзден етістік тудыратын жұрнақ желб-іре(желп+іре) 
шік-ірей 
-інші Реттік сан есім жұрнағы бес-інші 

Бастауыш сыныптарда дидактикалық материалдарды пайдалану

Қазіргі уақыт талабына сай сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, өзіндік тың ізденістерге талпындырады.Сабақ өткізу барысында жаңа технологияны қолданып, жаңаша дидактикалық материалдар пайдалану, оқушылардың сабаққа қызығушылығы артып отырады.


Оқыту үрдісін нығайтуда, оқушылар білімін тереңдетуде дидактикалық тапсырмалардың алатын орны ерекше. Дидактикалық тапсырмалар арқылы пәннің мазмұндылығын арттыруға, оқушыға жаңа білім беруге, алған білімін жүйелеуге, пысықтауға, қорытындылауға болады.
Ауызша сұрақ – жауаптан айырмашылығы – дидактикалық карточкалар арқылы бір мезгілде бірнеше оқушы қамтылып, сынып оқушыларының зерігуіне жол берілмейді. Тарау немесе бөлім бойынша құрастырылған дидактикалық тапсырмалар бірнеше тақырыпты, бірнеше ұғымды бір – бірімен байланыстырып, оқушының тарау бойынша алған білімін жүйелеп, қорытындылауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, дидактикалық карточкаларда тапсырмалар көбіне көрнекті кескінделеді ,сызбасы беріледі немесе түрлі түспен жазылады, т.б. Бұл білімді қабылдауға, жүйелеуге есіту анализаторымен бірге көру анализаторы да қатысады, бұл – оқушының ойлау үрдісін, есте сақтау үрдісін арттыра түседі.
Оқушылардың қазақ тілі , әдебиеттік оқу пәніне деген қызығушылығын оятуда шығармашылық тапсырмалар, дидактикалық тапсырмалар мен ойындар, танымдық жаттығулардың алатын орны ерекше екені белгілі. Себебі бұндай тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың дербес ойлануына, тұжырым жасауына мүмкіндік беретін өз білімін тексеру және өзара жарысу элементтері бар. Оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып әр түрлі сөзжұмбақтар шешу, дидактикалық тапсырмалар орындау барысында оқушылар өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
Сондай-ақ мұндай дидактикалық материалдарды кез келген технологияда жұмыс істейтін мұғалім пайдалана алады.
Сонымен оқушылардың теориялық білімдерін тереңдетуде, тілін ширатуда , сөздік қорын молайтуда,жаңа сөздердің сырын ұғуға икемдеуде осы дидактикалық материалдардың маңызы зор.
Балаларға мұндай жұмыс түрлері өте ұнайды, олар өздері де сөзжұмбақтар құрастыруға үйренеді .Бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындар мен тапсырмалар Мысалы: «Сөз ойла, тез ойла», «Сөздік», «Кім суретші?», Артығын тап», «Сөзжұмбақ», «Мақалды тауып оқы»,«Үндемес», «Жоғалған әріпті тап» «Кім тез табады?», «Орнын тап»ойыны т. б. қазақ тіл сабақтарында тіл дамыту жұмысында орындалады.
«Мақалды тауып оқы» ойынының маңызы зор, біріншіден бала ойланады, екіншіден мақалды табады, үшіншіден жаттап алады, мағынасына, тәрбиелік мәніне көңіл бөледі.

жа де ны
сау ні дың


«Дені саудың-жаны сау»
«Кім тез табады?»
анай- ғакар- нажуар-
(айна, қарға, жануар т.б)
Сөзжұмбақпен жұмыс жасау элементін әр сабақта қолдануға болады.
Сөзжұмбақ «Өркеш» 
Ө Р І С
Ө Р І К
К Ө М І Р
Ө З Е Н
К Ө Р Ш І
1. Мал жайылатын жайылым.
2. Жеміс-жидек түрі.
3. Қыста жағатын отын.
4. Ағатын су.
5. Ең жақын тұратын адам.
Әріптерден қыздың атын құра Әріптерден баланың атын құра 

«Қызықты сөз» ойыны-тура оқысаң да , кері оқысаң да сол сөз шығады.


Мыслы:Ана, ала, ата, ара,шаш, қызық, қазақ т.б.
Әдебиеттік оқу пәні-нағыз тіл дамыту пәні. Өйткені әр сабақта мәтіндер оқылады.Сол мәтін бойынша сюжетті сурет көрсетіп мақал-мәтел құрастыру оқушылардың ойын дамытып, дүниетанымын кеңейтеді.

Ал ,мына ойында балалар, Қайсысының баласы?;Қай затқа не сәйкес келеді?; Өз орнына орналастыр;Қай көлік қайда жүреді ? деген сияқты дидактикалық ойындар қолдану арқылы баланың тіл байлығын, сөздік қорын дамытуға болады.

«Баспалдақ» ойыны , қай топ жылдам?
-К әрпінен басталып к әрпінен аяқталады.
к
к
к
к
к
к
Математика сабағымен байланыстырып, «Саны бар атаулар» ойынында 
1+қазан-бірқазан
5+тік-бестік
6+бақан-алтыбақан
7+ген-жетіген
Т+10-тон
Осы сөздерді буынға бөлу
«Адасқан буындар» ойыны
Бұ----------та
Бұ----------лақ
Бұ---------ғы
Бұ---------тақ
Тапқан сөздердерге түсінік беру немесе сөйлем құрау. 
Мысалы :(Біздің ауылда Сарбұлақ, Айнабұлақ деген жерлер бар)
Шыққан сөз зат есімнің қай түріне жатады?
Ба быс 
Қал ? мақ
Жо (.......) лант 
Ұс маша
Бал бақ
«Ребус» шешу.Суретті ребус шешу

Д а ң ғ о й


Даңғой-сөзіне синоним тап
Жұмбақ сурет «9 құс» (Тамшылардағы әріпті табу арқылы құстардың атын шешеді)

(Сөз жұмбақтың әрбір сөзін дұрыс тапқан оқушы, тамшы болып, Сырдария өзеніне өз үлесін қосады.)


Өз тәжірибемде көрсеткендей, оқушылар ойын түрінде берілген қызық та, шытырман тапсырмаларды үлкен ынтамен орындайды. Мен құрастырған бұл тапсырмалар мектеп оқулығындағы қалыпты және құрғақ мәтіндерді және жаттығуларды айқын анықтап түсінуге, орындауға өте қолайлы. 
Осындай тапсырмаларды пайдалану кезінде өз беттерімен әртүрлі сөзжұмбақтар құрастырған оқушылар бар, бұл сабақ барысында логикалық тапсырмаларды пайдаланудың нәтижесі деп ойлаймын.
Сонымен қазақ тілі, әдебиеттік оқу сабақтарында оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру – теориялық білімдерін тереңдетуге, сауатты сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, жаңа сөздердің сырын ұғуға икемдейді. Оқушының шығармашылық іс - әрекетін бейімдейтін, ақыл – ойын дамытатын құралдардың бірі – логикалық қызықты тапсырмалар болып табылатындықтан , күнделікті сабақ логикаға негізделген дидактикалық тапсырмаларды орындаумен аяқталса деймін

  • Күні: 14-07-2014, 18:02

  • Категориясы: Бастауыш с

Деңгейлік тапсырма


1-деңгейлік тапсырма

                                       3-деңгей

1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

учебник, ученик, звонок, перемена, резинка;

2.Берілген сөздерді септе:

кітап, дәптер, ауыл.   

3.10 сөйлем құрастыр. 

                                      2-деңгей

1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

дома, дома, стена, пол, крыша, потолок, высокий, этаж, квартира, комната.

2.Тәуелденген сөздерді септе:

Үйім, бөлмең, қабырғасы.

3.10 сөйлем құрастырып, алғашқы 4 сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

                                            1-деңгей

1.5 мақал-мәтелді жатқа жаз.

 2.« Менің Қазақстаным» [ ШЫҒАРМА 25 СӨЙЛЕМНЕН КЕМ БОЛМАСЫН ]

 

 

 



                                                         2-деңгейлік тапсырма

 

                                             3-деңгей



1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

Ручка, учитель, учиться, букварь, книга, линейка, писать, урок, считать, пенал.

2.Берілген сөздерді септе:

Мұғалім, үзіліс, қоңырау;

3.10 сөйлем құрастыр.

                                                   2-деңгей

1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

Двор, живу, площадка,микроройон, окно, дверь, сосед, лестница, форточка.

2.Тәуелденген сөздерді септе:

Ауданым, қоңырауың, үзілісі.

3. Берілген сөздерді жекеше, көпше түрде жікте:

4.10 сөйлем құрастырып, алғашқы 5 сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

                                         1-деңгей

1.Берілген сөздерге фонетикалық талдау жаса:

Ықшамаудан, көрші.

2.« Менің қалам» [ ШЫҒАРМА 25 СӨЙЛЕМНЕН КЕМ БОЛМАСЫН ]

 

 

 



 

 

 



 

3-деңгейлік тапсырма

 

                                                               3-деңгей



1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

Тетрадь, доска, класс, дневник, учить.

2.Тәуелденген сөздерді септе:

Оқулығым, өшіргішің, оқушысы.

3.10 сөйлем құрастыр.

                                                   2-деңгей

1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

Голова, рот, глаз, нос, волосы, рука, зуб, губы, лоб, пальцы, нога, бровь, ресницы, лицо, грудь.

2.Берілген сөздерді жекеше, көпше түрде тәуелде:

Жұлдыз, студент, бауыр.

3.10 сөйлем құрастырып, алғашқы 5 сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

                                                 1-деңгей

1.4 жұмбақты жатқа жаз.

2.2 жаңылтпашты жатқа жаз.

3.« Менің отбасым» [ ШЫҒАРМА 25 СӨЙЛЕМНЕН КЕМ БОЛМАСЫН ] 

 

 



4-деңгейлік тапсырма

 

                                         3-деңгей



1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

Овца, коза, корова, верблюд,кобыла, собака, свинья, волк, заяц, белка, тигр, медведь, слон, лошадь, лев, кошка, бобер, лиса, олень, лось.

2.Бірінші тапсырмадағы сөздермен 15 сөйлем құрастыр.

 

                                            2-деңгей



1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

Белый, черный, красный, оранжевый, синий,голубой, зеленый, коричневый, серый, розоый, желтый, фиолетовый, белый-белый, пестрый, черный-черный.

2.Берілген сөздерге фонетикалық талдау жаса:

Қуыршақ, түлкі.

3.20 сөйлем құрастыр.

 

                                               1-деңгей



1.Берілген етістіктерді болжалды келер шақтың жекеше, көпше түрінде жікте:

Бар, кел.

3.« Менің мектебім» [ ШЫҒАРМА 25 СӨЙЛЕМНЕН КЕМ БОЛМАСЫ

 

 



 

 

5-деңгейлік тапсырма



                                              3-деңгей

1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

Огурец, чеснок, картофель, лук, свекла, помидор, виноград, яблоко, вишня, груша, абрикос, арбуз, дыня, клубника, смородина, морковь, чернослив, капуста, тыква.

2.10 сөйлем құрастыр.

3.Берілген сөздерді қазақ тіліне аударып жекеше, көпше түрде тәуелде:

(вишня, смородина, морковь)

                                             2-деңгей

1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:    

Ягненок, верблюжонок, козленок, зайчонок, щенок, теленок, поросенок, цыпленок, жеребенок, волчонок, медвежонок, лисенок, котенок, лосенок, олененок.

2. 10 сөйлем құрастырып, 5 сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

3.Берілген етістіктерді мақсатты келер шақтың жекеше, көпше түрінде жікте: 

Айт, ойна.   

                                                  1- деңгей

1.Берілген етістіктерді бұрынғы өткен шақтың жекеше, көпше түрінде жікте:

Айт, ойла.   

2.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

страна, Родина, национальность, живем, герб, многонациональный, флаг, дружно, столица, улицы, 

в городе.

3. 10 сөйлем құрастырып, 5 сөйлемге синтаксистік талдау жаса.  

4. 2-ші өлеңіңді жатқа айт. 

 

6-деңгейлік тапсырма.



                                   3-деңгей.

1.Берліген сөздерді қазақ тіліне аудар. Дома, стена, дома, пол, крыша, потолок, высокий, этаж, квартира, комната.

2.Бастауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

3.Берліген сөздерді жекеше, көпше түрде жікте: ұстаз, шәкірт.

                                 2-деңгей.

1.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дегеніміз не? Мысал келтір.

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Жұмысшы» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.«Ұлттық валюта -теңге» . Қысқаша жазып,әңгімелеу.

                                1-деңгей.

1.Сөйлем дегеніміз не? Сөйлемнің неше түрі бар? Мысалдар келтіріп, дәлелде.

2.«Мектеп, ауа» сөздеріне морфологиялық талдау жаса.

3.«Қазақстан Республикасының рәміздері». Қысқаша жазып,әңгімелеу.

4.«Қазақстан» өлеңін жатқа айт.

 

 



7-деңгейлік тапсырма.

                                     3-деңгей.

1.Баяндауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.2 мақал-мәтелді жатқа жазып, айтып бер.

3.Берілген сөздерге фонетикалық талдау жаса: ұстаз, шәкірт.

                                          2 –деңгей

1.Анықтауыш  дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Берілген етістіктерді болжалды келер шақтың жекеше, көпше түрінде жікте: жүгір, жаз.

3.«Ел ордасы-Астана».Қысқаша жазып,әңгімелеу.

                                           1-деңгей.

1.Толықтауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Стадион» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.«Отаншылдық-ұлы қасиет». Қысқаша жазып, әңгілемеу.

 4.  Отан туралы мақал-мәтелдер жазып, жатқа айт.

 

 



 

8-деңгейлік тапсырма.

                                             3-деңгей.

1.Толықтауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Ел ертеңі-жастар» .Қысқаша жазып , әңгімелеу.

3.Берілген сөздерді өткен шақта жікте: же, іш.

                                               2-деңгей.

1.Пысықтауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Ұстаздар» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.«Бірлік пен ынтымақ елі». Қысқаша жазып әңгілемеу.

4.Тәуелденген сөздерді септе:

халқым, шекарасы, ойың.

                                              1-деңгей.

1.Анықтауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Берліген етістіктерді мақсатты келер шақтың жекеше, көпше түрінде жікте: серуенде, басқар.

3.«Елдестірмек елшіден». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.5 мақал-мәтелді жатқа жазып, айтып бер.

 

 

                                         



 

9-деңгейлік тапсырма.

                                           3-деңгей

1.Анықтауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Берліген сөздерге фонетикалық талдау жаса. Ақшыл, көрші.

3.«Экология». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

                                             2-деңгей.

1.Толықтауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Көршілер» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.«Табиғатты қалай қорғаймыз». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.Берліген етістіктерді нақ осы шақты жікте: сындыр, жаса.

                                              1-деңгей.

1.Пысықтауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Қорғаймыз» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.«Байқоңыр ғарыш айлағы». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.«Кел, балалар ,оқылық» өлеңін жатқа айт.

 

 



                                 10-деңгейлік тапсырма.

                                       3-деңгей.

1.Пысықтауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Берліген сөздерді қазақ тіліне аудар: живу, двор, площадка, микрорайон, многоэтажный, окно, дверь, сосед, лестница, форточка.

3.«Менің мектебім» (15 сөйлемнен кем болмау керек,) Қысқаша жазып , әңгімелеу.

                                         2-деңгей.

1.20 зат есім жазып , оларды топта.(жалпы-жалқы , жанды-жансыз)

2.Жалаң және жайылма сөйлем дегеніміз не?

2сөйлем құрастырып, талдау жаса.

3.«Ғалымның пікірі», Қысқаша жазып , әңгімелеу.

                                       1-деңгей.

1.Жақты және жақсыз сөйлем дегеніміз не?

3сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.10 үстеу, 10 сын есім жаз.

3.«Су-тіршілік көзі». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.1-өлеңіңді жатқа айт.

 

 



 

 

                       



 

11-деңгейлік тапсырма.

                                       3-деңгей.

1.Жалаң, жайылма сөйлем дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Берліген сөздерді осы шақта жікте: төсе, жаса.

3.«Ауа райы » тақырыбына диолог жаз.

                                        2-деңгей.

1.Жақты , жақсыз сөйлем дегеніміз не?

2сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.10 үстеу, 10 сын есім жаз.

3.«Ұлы Жібек жолы» Қысқаша жазып , әңгімелеу.

                                          1-деңгей.

1.Толымды және толымсыз сөйлем дегеніміз не?

3сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.20 зат есім  жазып, оларды топта. (жалпы-жалқы, жанды-жансыз)

3.«Кең-байтақ Қазақстан». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.5 мақалды жатқа жазып, айтып бер.

 

12- деңгейлік тапсырма.



                                      3- деңгей.

1.Жақты және жақсыз сөйлем дегеніміз не?

2сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Берілген сөздердің антонимдерін жазыңдар: мол, белгілі, қайшы келу, бұзу, жақын , алыс, алғашқы, тиімді .

3.«Оңтүстік Қазақстан аймағы».  Қысқаша жазып , әңгімелеу.

                                       2- деңгей.

1.Толымды, толымсыз сөйлем дегеніміз не?

2сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Түйе» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.«Қасиетті Түркістан қаласы». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.1-ші өлеңін жатқа айту.

                                           1-деңгей

1.Жалаң және жайылма сөйлем дегеніміз не?

3сөйлем құрастырып, талдау жаса

2.«Жолбарыс » сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.« Ұлылар елі ». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.2-ші өлеңін жатқа айту.

 

 



 

 

 



 

                               

 

13- деңгейлік тапсырма.



                                    3-деңгей.

1.Толымды және толымсыз сөйлем дегеніміз не?

6 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Торғай»  сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.«Марқакөл-ел мақтанышы». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

                                    2-деңгей.

1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Ол нешеге бөлінеді?

Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?Ыңғайлас салалас  құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2. «Бәрі де халық игілігі үшін» Қысқаша жазып , әңгімелеу.

3. «Жылқылар» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

                                     1-деңгей.

1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Ол нешеге бөлінеді?

Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не? Қарсылықты салалас  құрмалас сөйлем дегеніміз не?

сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Көршілер» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.«Шағын, орта және үлкен бизнес», Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.3-ші өлеңін жатқа айту.

 

14- деңгейлік тапсырма.



                                3-деңгей.

1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Нешеге бөлінеді?

Мысал келтір.

2.«Сынып » сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не? 

4.сөйлем құрастырып, талдау жаса.

                            2-деңгей.

1.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Тәелденген сөздерді септе: сөйлемім, мағынасы.

3.2-ші өлеңін жатқа айту.

4.«Мемлекеттік өнеркәсіп». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

                              1-деңгей.

1.Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

4сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Тәуелденген сөздерді септе: өлеңім, өнері, күшің.

3.«Мараттың» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

4.«Үнемшіл болу». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

5.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар: производство,сырье, выгодный, поиск, вынужден, постоянно, присущий, не жалея себя.

 

 



15- деңгейлік тапсырма.

                                    3-деңгей.

1.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

 3сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2. «Дәптері» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.«Күншуақ» сөзіне фонетикалық талдау жаса.

                                     2-деңгей.

1.Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Карта» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.Берілген сөздерді шартты райда жікте: қара, ал, көр.

4.«Уақытта бағалай біл». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

                                       1-деңгей.

1.Ыңғайлас  салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Оқушылар» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.Берілген сөздерді қалау райда жікте: көр, бар, ойна.

4.«Баспасөз өмір айнасы». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

5.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар: местный, интересный, подросток, периодика, массовый, событие, сведение, любимый.

 

 



16- деңгейлік тапсырма.

                                 3-деңгей.

1.Себеп-салдар құрамалас сөйлем дегеніміз не?

  2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Берілген сөздерді шартты  райдың жікте: жүгір, ойла.

3.«Тілшілер» Қысқаша жазып , әңгімелеу.

                                2-деңгей.

1.Кезектес салалас  құрмалас сөйлем дегеніміз не?

   2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Берілген сөздерді бұйрық райда жекеше, көпше түрінде жікте: секір.айт.

3.«Теледидар». Қысқаша жазып , әңгімелеу

4.3-ші өлеңін жатқа айту.

                                1-деңгей

1.Талғаулы салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Қарлығаштар» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3. Есімдік дегеніміз не? Неше түрі бар?

4.«Жарнама және біз» Қысқаша жазып , әңгімелеу.

5.5 сын есім жазып, салыстырмалы шырай жаса.

 

 



 

 

17-деңгейлік тапсырма.



                                         3-деңгей.

1.Кезектес салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Сан есім дегеніміз не? Неше түрі бар?

3.«Техника ғасыры». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

 

                                       2-деңгей.



1.Талғаулы салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.

3.«Көршілер» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

4.«Біздің өміріміздегі  музыка». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

                                         1-деңгей.

1.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Шылау дегеніміз не? Шылау нешеге бөлінеді? Мысал келтір.

3.«Жауынгерлер » сөзіне морфологиялық талдау жаса.

4.«Әміре Қашаубаев ». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

5.Төл сөз дегеніміз не? Мысал келтір.

 

18- деңгейлік тапсырма.



                                               3-деңгей

1.Талғаулы салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Есімдік дегеніміз не? Неше түрі бар? Мысал келтір.

3.«Нұрғиса Тілендиев». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

                                                  2-деңгей

1.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Шылау дегеніміз не? Жалғаулық шылауларды қатыстырып  5 сөйлем  құрастыр.

3.«Шәмші Қалдаяков». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.«Ескерткіш» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

                                            1-деңгей

1.Кезектес салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

   2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Септеулік шылауларды қатыстырып 6 сөйлем құрастыр.

3.Төлеу сөз дегеніміз не? Мысал келтір.

4.Берілген сөздерді етістіктің нақ осы шағының жекеше, көпше түрінде жікте: көтер, ойна.

5.«Өнер сайысы». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

                                 

 

 



 

19-деңгейлік тапсырма.

                                      3-деңгей.

1.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

    2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Демеулік шылауларды қатыстырып  3 сөйлем құрастыр.

3.Төл сөз дегеніміз не?Мысал келтір.

                                      2-деңгей.

1.Үстеу дегеніміз не? Үстеудің  неше түрі бар? Мысал келтір.

2.Тәуелденген сөздерді септе: мектебім , атаң, қарындасым.

3.«Ән туралы аңыз». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.Септеулік шылауларды қатыстырып, 6 сөйлем құрастыр.

                                       1-деңгей

1.Оқшау сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.(одағай, қаратпа сөз, қыстырма сөз)

2.Жалғаулық шылауларды  қатыстырып, 6 сөйлем құрастыр.

3.«Спорт қашан пайда болды?». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.10 сын есімді қатыстырып сөз тіркестерін жаса.

5.1-ші өлеңін жатқа айту.

 

20- деңгейлік тапсырма.



                                  3-деңгей

1.Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не? 2 сөйлем құрастырып, талдау жаса

2.Жинақтық сан есім қалай жасалады? 5 сөйлем құрастыр.

3.Диолог дегеніміз не? Мысал келтір.

                                    2-деңгей

1.Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не? Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас  сөйлем дегеніміз не? 2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Реттік болжалдық сан есімдерді қатыстырып 6 сөйлем құрастыр.

3.«Қазақстан мерейін  өсірген  спорт» Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.Болымысз етістік дегеніміз не? Мысал келтір.

                                   1-деңгей

1.Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не? Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не? 2 сөйлем құрастырып, талдау жаса

2.Топтау, бөлшектік сан есімдерді қатыстырып 6 сөйлем құрастыр.

3.«Денсаулығыңды шыңда». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.Салыстармалы шырай дегеніміз не? Салыстырмалы шырайға 5 сөйлем құрастыр.

5.2 жаңылтпаш жазып, жатқа айт.

 

 



 

 

 



 

 

21- деңгейлік тапсырма.



                                       3-деңгей

1.Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлем дегеніміз не? 2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Болжалдық сан есім дегеніміз не? 4 сөйлем құрастыр.

3.«Тоғызқұмалақ». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

                                         2-деңгей

1. Себеп бағыныңқы  сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

 2 сөйлем  құрастырып, талдау жаса

2. Топтау,  бөлшектік сан  есім дегеніміз не? Мысал келтір 6 сөйлем құрастыр.

3. «Кереует» сөзіне  морфологиялық талдау жаса.

4. «Шахмат қалай пайда болды?». Қысқаша жазып,  әңгімелеу.

                                            1-деңгей

1. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2. Реттік,  болжалдық сан есімдер қатыстырып, 6- сөйлем құрастыру.

3. «Компьютер» сөзіне  морфологиялық талдау жасау.

4. «Тарихи мәдени ескерткіштер». Қымқаша жазып,  әңгімелеу, 

5.Қожа Ахмет Йассауи кім?

 

22-деңгейлік  тапсырма



                            3-деңгей

1.  Себеп  бағыныңқы  сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып,  талдау жаса.

2. Тәуелденген сөздерді септе:  добым,  теннисі,  уақытың.

3. «Теннистің де  тарихы бар». Қысқаша жазып, әңгімелеу.

                                        2- деңгей

1. Шартты  бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

 2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Фонетикалық  талдау жаса:  қауырсын,  көгершін.

3. «Ұлттық байлық дегеніміз не?». Қысқаша жазып,  әңгімелеу.

4.Ауыспалы өткен шақта жікте: серуенде, көр.

                                          1-деңгей

1. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.  Бұрынғы өткен шақта  жікте: сөйлес,  жүгір

3. «Тарих ғажайыптары». Қысқаша жазып, әңгімелеу

4. Мекен үстеу қандай  сұраққа  жауап береді?

3 сөйлем құрастыр.

5. Демеулік  шылауларды  қатыстырып,  4 сөйлем құрастыр

 

 



 

 

 



23-деңгейлік тапсырма

                                          3-деңгей

1. Мезгіл  бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2. Одағайды қатыстырып 3 сөйлем  құрастыр

3. «Ғажайып ғимарат». Қысқаша жазып, әңгімелеу.

                                         2-деңгей

1.Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Қыстырма сөздерді қатыстырып, 4 сөйлем құрастыр

3. «Тұмар патша». Қысқаша  жазып, әңгімелеу

4. 3-ші өлеңін  жатқа айту..

                                           1-деңгей.

1.Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не? 2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Сілтеу,  өздік  есімдіктерін қатыстырып , 6  сөйлем құрастыр.

3.«Көне Отырар». Қысқаша жазып, әңгімелеу

4.10 мақал- мәтелді жатқа айт.

5.Еліктеуіш сөзді қатыстырып  3 сөйлем құрастыр.

 

24-деңгейлік тапсырма.



                                       3-деңгей

1. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Атаулы сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.

3. «Марқакөл-ел мақтанышы». Қысқаша жазып, әңгімелеу.

                                        2-деңгей

1.Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?                              

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Белгісіздік есімдіктерін қатыстырып, 4 сөйлем құрастыру.

3.Сөйлемнің біріңғай мүшелері дегеніміз не? Мысал келтір.

4. «Балқаш пен Алакөл». Қысқаша жазып, әңгімелеу.

                                        1-деңгей

1.Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Болымсыздық есімдіктерін қатыстырып, 4 сөйлем құрастыру.

3. «Тіл ұлттың игілігі». Қысқаша жазып, әңгімелеу.

4.Есімше дегеніміз не? Мысал келтір.

5.Ырықсыз етістікке мысал келтір.

 

 

 



25-деңгейлік тапсырма.

                                                       3-деңгей

1.Өзгелік етіске мысал келтір.

2.5 мақал-мәтел жазып, жатқа айт.

3. «Өмір талабы». Қысқаша жазып, әңгімелеу.

                                 

                                                       2-деңгей

1.Ырықсыз етіске мысал келтір.(3 сөйлем)

2.Себеп үстеу дегеніміз не? Мысал келтір (2сөйлем)

3.Жалпылау есімдіктерін қатыстырып, 4 сөйлем құрастыру.

4. «Тіл ұлттың игілігі». Қысқаша жазып, әңгімелеу.

 

                                                      1-деңгей



1.Ортақ  етіске мысал келтір.( 3сөйлем)

2.Сын-бейне үстеуге 4 сөйлем құрастыр.

3.Септеулік шылауларды қатыстырып, 6 сөйлем құрастыр.

4. «Өмір талабы». Қысқаша жазып, әңгімелеу.

5.Болымсыздық етістіктерін қатыстырып, 4 сөйлем құрастыр.

Авторы:




  • 1

  • 2

  • 3

  • 4

  • 5

Бөлім: Қазақ тілі | Қосқан: Ұстаз (05.06.2014)

Көрсетілім: 908 | Ілмек сөздер: Деңгейлік тапсырма | Рейтинг: 0.0/0



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет