Жарияланды 10-02-2014, 23:09 Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін - өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс - тәсілдері: Баяндау, түсіндіру, сұрақ - жауап, жинақтау, салыстыру.
Көрнекілік: Сөйлем, суреттер, қима қағаздар, сөздер кассасы, ребус.
Сабақтың пән аралық байланысы: Ана тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Сабаққа керекті оқу құралдарын түгендеу. Сабаққа зейіндерін аудару.
- Қазір жылдың қай мезгілі? Қыстың қай айы? Айдың нешесі? Аптаның қай күні?
2. Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.
Оқушылармен қол ұстасып тұрып, алақан жылуы арқылы бір - біріне жылы тілектерін айту. Тілектер айтылып оқушылардың көңілдері жадырайды.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
288 - жаттығу. 104 - бет. Төмендегі сөздерге тұсындағы жұрнақтардың тиістісін жалғап жазу.(орындалуын тексеру).
1. Жаңа сабақ.
- Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру үшін, ребусты шешеміз. Тақтаға 2 оқушы шығарып, ребусты шешкіземін.
1 - ребус: Жұрнақ. 2 - ребус: Жалғау.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Жұрнақ пен жалғау».
Тірек сызбамен жұмыс.
Ереже: Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір (түбір сөз) дейміз: көк, күріш, қобыз. Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз: көкшіл, күріштің, өріктің, қобызшы.
Қосымша
↓
Жұрнақ
Жалғау
Қосымша жалғау, жұрнақ болып екіге бөлінеді. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз: жұмыс – жұмысшы, ойын – ойыншық.
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз: жұмыс – жұмыста, ойын – ойынға.
5. Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу сәті. Жж әрпі, жұрнақ, жалғау.
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі). Көркем жазу жазамыз. Жазуымыз әдемі болуы үшін, денемізді тік ұстаймыз. Шынтағымыз дәптердің үстінде болу керек, дәптерді сәл қиғаштап қояйық.(Әдемі, таза жазған оқушыларды мадақтаймын.)
6. Оқулықпен жұмыс. 104 - бет. 289 - жаттығу. Жаттығуды оқып, түбірі мен жұрнағын ажырату.
7. Тақтамен жұмыс. Оқушылар бір - бірлеп тақтаға шығып жазады. Қалған оқушылар дәптерлеріне жазады.
Әнші, батырлық, талапты, жұмыскер.
Түбірі мен жұрнағын белгілеу.
8. Ребусты шешу.
Оқулық. Сөйлем құрау.
1. Сергіту сәті.
Лебі мұздай ызғарлы,
Алып келді қыс қарды.
Қысқа түндер ұзарды,
Ұзақ күндер қысқарды.
2. Ойын «Кім жылдам?»
Шарты: Топтамаларға жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату. Жұрнақ пен жалғау жалғанған сөздерді ажырату, әр сөзді ұясына орналастыру. Дұрыс тапқан оқушыларды бағалау.
Сөздер: ойыншық, егінші, доптар, жұмысшы, дәптермен, оқушының, зейнеткер, далаға.
11. Сабақты қорыту:
Оқушыларды орындарынан тұрғызып бүгінгі сабаққа қатысты термин айтылса, қол соғу керек. Қатысы жоқ термин айтылса аяқтарын тарсылдату арқылы сабақты қорытындылаймын.
Үйге тапсырма: 291 - жаттығу. Нұсқау беру: Қысқы еңбек тақырыбына әңгіме құрау. Ереже жаттау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау. Тақтадағы бағалау карточкасы бойынша, бағаларын қорыту, күнделіктеріне қою.
Кері қайту
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 0
Ілмек сөздер: Жұрнақ пен жалғау, сабақ жоспары қазақ тілі бастауыш сыныпЖариялаған bibka Оқылды: 2825 (рет) | Пікірлер: 0 Баспаға шығару
Күні: 16.01.2014ж
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: « Жалғау»
Мақсаты: Оқушыларға қосымшалардың қызметтері әр түрлі болатынын байқату . Сол арқылы жалғау туралы түсінік беру. Жұрнақ пен жалғауды ажырата білуге үйрету.
Білімділік:
Оқушыларға жұрнақ пен жалғаудың түбір сөзге жалғану заңдылықтарын аңғартып, жалғаудың қызметі туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық:
Сауатты жазу дағдыларын, байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелілік:
Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ –жауап, көрнекілік, ойын
Типі: ашық сабақ
Түрі: Қорытынды сабақ
Көрнекілігі: тірек сызбасы мен жұмыс, үлестірмелі карточкалар, суреттер,кесте, ой қозғау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа дайындау. Сабаққа қажетті құрал – жабдықтарын түгендеу.
-Балалар, бүгін бізде ашық сабақ өтеді.Сабаққа көптеген ұстаздар қонаққа келіп, білімдеріңді көргісі келіп отыр.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
4-жаттығуды тексеру.Жаңылтпашты оқы.Түбір сөздерді бір бөлек, жалғауы бар сөздерді бір бөлек жаз.
Түбір сөздер Жалғауы бар сөздер
Көп, көк, ешкі. Шөпті, жейді
Үй тапсырмасын қорыту.
Тірек сызбамен жұмыс. 3 топқа тапсырма беру.
1- топ. Қосымша дегеніміз не?
(Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз.)
2- топ. Жұрнақ дегеніміз не?
(Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз)
3- топ. Жалғау дегеніміз не?
(Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз)
ІІІ. Қорытынды сабақ.
- Балалар, біз бүгінгі сабақта жаттығуларды орындай отырып, жұрнақ пен жалғау туралы білімімізді әрі қарай жалғастырамыз.
Бүркіт суреті
Бүркіт –ші
Бүркіт-пен
Бүркіт-ті
Бүркіт-тер -ға -лық -ла
Су таза
-ды -сын -лық
-Ортада не жазылып тұр? Бүркіт.
Осы бүркіт сөзіне қосымша қосып көрейікші.
- Бүркіт –ші. Не пайда болы?
Бүркітші деген сөз нені білдіреді?
- Бүркітпен аң аулайтын адамды білдіреді.
- Көрдіңдер ме, бір қосымша қосып едік, сөз мүлде өзгеріп, басқа нәрсені білдіріп кетті.Яғни жаңа сөз жасалды.Басқа бір қосымша жалғап көрейік :
Бүркіт-пен.Мысалы аңды бүркітпен аулайды..Басқа мағынаны білдіретін жаңа сөз бе?
Демек, қосымшалардың өзі әр түрлі қызмет атқарады екен.Түбір сөзге кейбір қосымшалар қосылғанда мүлдем басқа мағыналы жаңа сөз пайда болады да, кейбір қосымшалар жалғаған кезде жаңа сөз емес, басқа сөзбен байланысуға дайын сөз пайда болады.
Қосымша жұрнақ , жалғау болып екіге бөлінеді.
Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз. Жұмыс – жұмысшы, ойын- ойыншық
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.
Жұмыс – жұмыста, ойын- ойынға.
Топпен жұмыс.
1- Жаттығу. Жұмбақты көшіріп жаз.Жалғаулы сөздерді белгіле.
Жарықта жағалайды,
Қараңғыда жоламайды.
(көлеңке)
Оқулықпен жұмыс.
2-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
1. Екі аққу көл-де жүзіп жүр.
2. Мәлік кітапхана-ға келді.
3. Өзен-нің жағасында қалың қамыс өсіп тұр.
4. Мектеп басшысы сыйлық-ты Дәуренге табыс етті.
5. Орман-нан құстардың дауысы естілді.
3-жаттығу
Семантикалық картамен жұмыс.
Сөздер
|
-ның
|
-нің
|
-дың
|
-дің
|
Астана
|
+
|
|
|
|
Ақтөбе
|
|
+
|
|
|
Алатау
|
|
|
+
|
|
Есіл
|
|
|
|
+
|
Сергіту сәті
«Кім жылдам?» салыстыру
Ән ға
Би мен
Қала да
Дала ды
Қалам тан
Кітап нан
Карточкамен жұмыс.
Берілген сөздерге жалғау жалғап,сөйлем құрастырып жаз.
1. Жамбыл қазақ –тың ақын-ы.
2. Әже-м ауылын-да Айжан тұрады.
3. Қала-ға Арман кетті.
4. Үсен ағаш-ты ара-мен кесті.
5. Күй сөзіне жалғау жалға.
6. Ағаш сөзіне жалғау жалға
Тапсырма:
Бұлттың астында қалған жалғауларды жалғап жаз.
Ағаш
Гүл
Күшік
Күн
Мысық
Доп
Сабақты бекіту.
Сөзжұмбақ шешу.
|
Ж
|
а
|
З
|
|
|
е
|
л
|
т
|
А
|
ң
|
б
|
а
|
|
|
Л
|
а
|
қ
|
|
ж
|
а
|
ң
|
Ғ
|
а
|
қ
|
а
|
с
|
х
|
А
|
н
|
а
|
|
|
у
|
ы
|
қ
|
|
1. Төрт мезгілдің бірі. (жаз)
2. Рәміздің бірі. (елтаңба)
3.Ешкінің төлі (лақ)
4. Тиіннің қорегі.(жаңғақ)
5. Тамақтанатын орын.(асхана)
6.Киіз үй бөлігі (уық)
Қорытынды.
Ойын: «Алма жинау»
Ойынның шарты: Алма ағашының суреті, оның бетіне тапсырма жазылған алмалардың суреттері ілінеді.Екі оқушы тақтаға шығып жалғау, жұрнақ жалғанған сөздерді себетке жинайды.Осы сөздердің байланысқан сөз екенін анықтайды.
Үйге тапсырма.
122 бет 5-жаттығу . –Тан жалғауы бар сөздерді теріп жаз.
Бағалау.
Сабаққа қатысуы мен үй тапсырманы орындауына қарай бағалаймын.
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау 330-334 жаттығу
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға қосымшалардың қызметтері әр түрлі болатыны туралы түсінік бере отырып,олардың қызметіне қарай жұрнақ және жалғау бөлінетіні туралы түсінік беру.
2.Қисынды ойлау,алған білім ,білік,дағдыны қолдану дағдыларын дамыту.Сөз,сөздердің жазылу емлесі туралы алған білімдерін дамыту.
3.Төрт-түлік,олардың пайдасы туралы әңгімелей отырып,жан-жануарларға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:кесте,суреттер,сөзжұмбақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:суретпен жұмыс,әңгімелесу,сұрақ-жауап,ойын,талдау,жинақтау.
Түрі:жаңа сабақ
Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру кезеңі.
-Сабаққа назарын аудару
-Кезкші мәліметі
Психологиялық дайындық.
Сыныпта біздің тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккенді тоспаймыз
Күнделікті қызықты
Кезекті сабағымызды бастаймыз.
-Үй тапсырмасын тексеру 329-жаттығу ереже
-Дәптерлерін жинау.
Көркем жазу
ІІ.Мотивациялық-бағдарлау кезеңі
Бір шал мен кемпірдің Жалқаубек деген немересі сабаққа барғанда қазақ тілі мен ана тілін түсіне бермейді екен,сөйлей де алмайды екен.Мұның себебі,оның сөздік қоры тым тапшы болыпты.Ал оның досы Талапбек сабақты жақсы оқыпты.Жалқаубек одан көмек сұрап,қазақ тілін үйренбекші болады.Сөйтіп,Талапбек пен Жалқаубек сөз әлеміне саяхатқа аттанады.Онда кіру үшін мыны қақпадан өту керек.Ол қақпа сұрақтар қояды.Сұрақтарға жауап берсе,қақпа ашылады.Ендеше балалар біз Жалқаубекке көмектесеміз бе?
-Сөз неден құралады?(Буыннан)
-Буын неден құралады? (Дыбыстардан)
-Сөз нені білдіреді?Ол белгілі ұғымды,заттың,құбылыстың,адамның атын,қимылын,
сынын,санын білдіреді.
-Міне балалар дұрыс жауап бердік қақпамыздың есігі ашылды.
Өткен сабақты қайталау.
-Балалар өткен сабақты еске түсіру үшін мыны сөзжұмбақты шешейік.
Сөзжұмбақ
Қ
О
С
Ы
М
Ш
А
1.Тілі жоқ өзінде, 5.Көлдің беті көк әйнек.
Сөзі бар ізінде (қалам) Сырғанауға тым әйбәт (мұз)
2.Төрт қырлы өзі аппақ, 6.Жазда да,қыста да,
Тақтадағы ізі аппақ.(бор) Өзгермейтін бір түсте (шырша)
3.Жылт-жылт еткен 7.Қыста ғана болады,
Жырадан өткен(су) Ұстасаң қолың тонады (қар)
4.Өзі ала ,сұр
Тілінің ұшында уы бар
Ол не? (жылан)
-Қосымша жайында Жалқаубек не біледі екен?Олай болса ,бүгін біз сендермен қосымша туралы білімізді кеңейтейік.
Қане бірге бәріміз, Біз білмейтін,балалар,
Көзімізді жұмамыз. Қосымшаның түрі бар.
Өтіп-тау мен өзеннен Жаң сөздер жасайтын
Бір елге жетіп қонамыз. Жұрнақ атты ұлы бар.
Қосымша деп аталар Сөз бен сөзді қосатын.
Бұл елде мүлде бейтаныс. Жалғау атты қызы бар.
(Тақтаға сызбаны іліп қою)
ІІІ.Операциялық-орындаушылық кезең.Суретпен жұмыс
-Мынау не?(Бүркіт)
-Осы сөзге қосымша қосып айтып көрейікші? Бұркіт+ші
-Не пайда болды?
-Бүркітші деген сөз нені білдіреді?
-Бүркітпен аң аулайтын адамды.
-Көрдіңдер ме қосымша қосып едік сөз мүлде өзгерді.Басқа қосымша жалғап көрейікші.бүркіт+пен.Аңды бүркітпен аулайды.Бұл сөздің мағынасы өзгерді ме?
-Жоқ.Өзгерген жоқ.Оған қосымшаны не үшін жалғадық?
-Демек қосымшалар әр түрлі қызмет атқарады екен.Түбір сөзге кейбір қосымшалар қосылғанда мүлдем басқа мағыналы жаңа сөздер пайда болады да,кейбір қосымшалар жалғагған кезде жаңа сөз есес,басқа сөзбен байланысуға дайын сөз пайда болады.
Жұрнақ пен жалғау
шы –балықшы(адам)
Балық тар-балықтар
шы-оқушы(бала)
Оқу лық-оқулық(кітап)
ға-оқуға
Оқушы келді.Оқулық алдым.Сабақ оқуға кірістім.
Оқушы «жаңа сөз», «байланысқан сөз» ұғымдарын түсіне бастайды.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз
Алақанды ұрамыз
Бір отырып,бір тұрып
Тынығып дем аламыз
Ү.Оқулықпен жұмыс 330-жаттығу ауызша орындалып,қорытынды жасайды.Ережені хормен оқиды.
331-жаттығу.Мақалды оқып,талдау.Жұрнақ жалғанған сөзді табу.
332-жаттығу
Досы,іскер,жұмысшы
Ануардың досы тәртіпті.Жұмысшы жұмысқа келді.Менің ағам іскер.
Тақтамен жұмыс
333-жаттығу
жұрнақ жалғау
батырлық ғалымның
іскер көмірді
көлшік әжем
биші дәптері
бастық бидайды
ҮІ.Рефлексиялық –бағалау кезеңі
«Алма»жинау ойыны.
Кел,балалар,ойнайық!
Тектен текке тұрмайық.
Жемістердіжинайық.
Үзіп алып бақтардан
Достарымызға сыйлайық.
Ойынның шарты:Алма ағашындағы алма суреттері.Сол алмада жазылған сөздерді жұрнақ жалғанған сөзді Жалқаубекке,жалғау жалғанған сөзді Тапқырбекке береміз. Қай қатар шатаспай орындайды сол жеңіске жетеді.
ҮІІ.Қорытынды.
-Бүгінгі сабақтан не үйрендік?
-Не білдік?
ҮІІІ.Үйге тапсырма.334-жаттығу. «Төрт түлік» суреттерін көрсету.Оның пайдасы,күту,қамқорлық жайлы.Осыны негізге ала отырып ,үйде әңгіме жазып келеді.
ІХ.Бағалау.
|
|
27.01.14.
|
Қазақ тілі
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Жұрнақ пен жалғау
|
|
Сабақтың мақсаты
|
түбір мен қосымша туралы түсініктерін бекіту;
2/Қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бәлінетіндігі туралы мағлұмат беру; Қосымшалардың әртүрлі қызмет атқаратындығын түрлі жаттығулар арқылы меңгерту;
3/Оқушылардың сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру;
|
|
Оқу нәтижелері
|
СТО әдістері:. Болжау әдісі, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, талдау, ажырату, салыстыру, дәлелдеу, жазба, жаттығу жұмысы, проблемалық-ізденіс әдісі
|
|
Түйінді идеялар
|
Қосымшалардың әртүрлі қызмет атқаратындығын түрлі жаттығулар арқылы меңгерту
|
|
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл
|
Топпен жұмыс
|
Уақ
ыты
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс — әрекеті
|
2 мин
|
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Топқа бөлу.
|
Тренингті оқушылардың іс-қимыл әрекеті арқылы көрсетуі.
«Түбір», «жұрнақ», «жалғау».
|
5
Слайд №1
|
Ерте-ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде қалың орманның ортасында зәулім үйде Қосымша деген атайдың екі немересі өмір сүріпті.Біреуінің аты –Жұрнақ, екіншісінің аты Жалғау. Олар бірге ағаш жарып, бірге су тасып тату өмір сүріпті. Бір күні бұлардың үйіне Түбір атты атасының досы қонаққа келіпті. Атасы екі немересін орманнан жидек теріп келуге жұмсапты. Бірақ олар барғысы келмеді. Сонда атасы оларға тапсырма беріп, кім бұрын тапсырманы орындаса, сол Түбір атайдың қасыңда қалады-деді. Біз енді осы балаларға тапсырмаларын тезірек орындауға көмектесейік.
|
Сөздің бар ғой сан қыры,
Жанды етейік жансызды
Жұрнақ, жалғау арқылы.
|
5
|
Оқушылардың қызығушылығын ояту
www.jospar.kz күнделікті сабақ жоспарын сатып алуға ең сенімді сайт.
Таза ақ парақ қағазын балаларға көрсетіп: Балалар, мына ақ қағазды көргенде көз алдына не елестейді?
Оқушылардың ойларын тыңдау
— Ендеше балалар, тыңдайықшы
Сұлық жатыр ақ дала,
Сирек жортқан аң ғана.
Ақ көрпесін жамылып,
Мүлгіп жатыр айнала.
— Бұл қай мезгіл, балалар?
— Дұрыс ақ
— Қыс мезгілінде тағы қандай табиғи құбылыстар болады?
— Қыс мезгілінің де тамаша жақтары бар емес пе? Кім айтады?
— Дұрыс айтасың, ендеше атайықшы.
Балалар, биыл ақпан айында Сочи қаласында не болады? 7 ақпанда 2014 года Сочи қаласында XXII қысқы Олимпиадасы ашылады.
— Ендеше бүгінгі сабағымыз осы қысқы ойындарға арналады.
Сабақта сендер түбір мен қосымша туралы білімдіріңді ойын сабақ арқылы одан әрі жетілдіре түсесіңдер.
|
Қар, қыс, сүт, шекер, қабырға, балмұздақ т.с.с
-
қыс
Аяз, боран, суық, қар жауады.
Қысқы ойындар.-
Шаңғы, шана, коньки тебу. Қар қуыршағын жасау, Қармен атысу т.с.с.
Қысқы олимпиада.
|
10
5
3
3
5
5
|
ІҮ. Мағынаны тану
а) Топпен жұмыс, топқа бөлу
1. Болжау әдісі арқылы әр топ өз аттары туралы не білетіндерін айту.
1-тапсырма
- «Түбір» тобына тапсырма
- «Жұрнақ» тобына тапсырма
- «Жалғау» тобына тапсырма
Дәптермен жұмыс
— Көркем жазу сәті
Ж/ж Ж/ж
Жұрнақ.Жалғау.
2-тапсырма/»Жалғастыр» ойыны.
Бір оқушы түбір сөз айтады, екінші оқушы жұрнақ ,үшінші оқушы жалғау айтады, төртінші оқушы тақтаға жазып, сөз құрамына талдайды.
Сергіту сәті
3-тапсырма. Жұмбақ шешу
4-тапсырма
Оқулықпен жұмыс: Өзіндік жұмыс
295-жаттығу.Түбір сөзге тұсындағы жалғаудың тиістісін жалғау.
Қорытынды: -Сонымен бүгінгі сабақтан не үйрендік?
-Жұрнақ дегеніміз не?
-Жалғау дегеніміз не?
Бағалау: Өзін өзі бағалау парағы бойынша оқушылар өз жауаптарын жинаған ұпайлары арқылы бағалайды. Әр тапсырмаға 1 ұпайдан беріледі.Бағалау парағының үлгісі5ұпай — «5», 3-4ұпай - «4», 1-2 ұпай – «3».
Үй жұмысы: 298 жаттығу.
|
1.Мәтінді оқы, түбір сөздерді теріп жаз.
Күн суытты.Қар жауды.Мұз қатып қалды.Балалар киініп далаға шықты.Олар шана, шаңғы тепті.
2.Мәтіннен қарамен жазылған сөздерді үлгі бойынша түбірі мен қосымшасын бөліп жаз.
Қар жауды.Мұзқатып қалды.Балалар далаға шықты.Олар шаңғы тепті.
3. Мақалдан қосымшалы сөзді тауып жаз.
Жаман аттан аяғым артық,
Жаман жолдастан таяғым артық.
/
Кестені толтыр:
|
|
|
|
Ұсыныстарды қабылдау мерзімі шектеулі
Достарыңызбен бөлісу: |