Сабақ жоспары
Бекітемін:
Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Ж.үсіпбек Аймауытұлы «Әнші» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: а) білімділік – оқушыға Ж.Аймауытов жайында түсінік беру. Оның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Ж.Аймауытов жайында білетін білімдерін кеңейту.
ә) дамытушылық – оқушының білім, білік, іскерлік дағдыларын дамыту. Өз ойын анық, еркен жеткізе алу қабілетін дамыту.
б) тәрбиелік – оқушыны адамгершілікке, имандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар елжанды патриот болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың түрі: дәріс сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
оқушымен сәлемдесу;
сабаққа қажетті құралдарын дайындау;
назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау
С.Торайғыров «Бір адамға» өлеңі
Жаңа сабақ
Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.
Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.
Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.
1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.
1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.
Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.
Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).
Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920).
Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.
Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады.[1]
1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған. Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді.
Нақ сұрақ – дәл жауап
1. Әмірақынның өмірдегі бейнесі кім,прототипін ата ?
Автор әншімен қайда кездесті?
Әнші ән айтуды кімнен үйренді?
Әмірақынның тұрмыс- тіршілігі қандай?
Жастар не ұйымдастырды?
Үйге тапсырма
Түсініп оқу.
«Ақтамақ хикаясы» шығарма ойын жалғастырып әңгіме жазу.
Бағалау
Оқушының сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағалау
Қорытынды
Достарыңызбен бөлісу: |