Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесін талдау. Сабақтың мақсаты



Дата17.12.2016
өлшемі55,43 Kb.
#4060
түріСабақ
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Мәдениет ауылы, Мыңбұлақ жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Түймебаева Күлбала Тасбауқызы
Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесін талдау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу, әнші бейнесін талдау;

Дамытушылық: Логикалық ойларын дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Өнерді сүю, әнге құштарлық өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру, өнер құдіретін сезінуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, өзара талқылау, ізденушілік.

Сабақтың типі: Білім бекіту.

Сабақтың көрнекілігі: Тірек-сызба, түсіндірме күнделігі, слайдтар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлықтарын тексеру.

  2. Үй тапсырмасын тексеру: Нақ сұрақ-дәл жауап.

  3. Логикалық модель.

  4. Кейіпкер бейнесі.

  5. Кластер әдісі.

  6. Ой түйіндеу.

  7. Сөз төркінін тану.

  8. Сұхбат сәті.

  9. Өткенді қастерлеу арқылы болашақты жасаймыз.

  10. Үйге тапсырма.

  11. Бағалау.


Сегіз қырлы, бір сырлы
Мен Жүсіпбектей шебер жазушыны бұрын-соңды көрген емеспін.
Б.Майлин
Нақ сұрақ-дәл жауап


  1. Жүсіпбек Аймауытов кім?

  2. Әңгімедегі әнші есімі.

  3. Әмірақынның өмірдегі бейнесі кім?

  4. Автор әншімен қайда кездесті?

  5. Әнші ән айтуды кімнен үйренді?

  6. Әмірақынның тұрмыс-тіршілігі қандай?

  7. Жастар не ұйымдастырды?



Логикалық модель


1. Тақырыбы

2. Идеясы

3. Абай өлеңімен үндестігі







«Әнші» әңгімесі

4. Әмірқан кім? Әншілік өнерді кімдерден үйренді?

5. Әмірқан әнді қалай орындайды?

7. Жазушы ән тәңірісін қалайша көрсетпекші болды?

6. Ән, өнер туралы Әмірақынның өзі не ойлайды?



Кейіпкер бейнесі

  1. Автор Әмірқанның түр-түсін қалай суреттейді?

  2. Әмірқанның мінез-құлқы мәтіндегі қандай жолдардан байқалады?

  3. Әмірқан өнерді қалай түсінеді?

  4. Тыңдаушыға Әмірқан әнінің әсері қалай сипатталады? Әмірқан әнді қалай орындайды?


Сөз төркінін талдау
Түсіндірме күнделігі


Мәтіндегі сөз

Менің түсінігім

Жөпшеңді

Орамал тастады

Таң асып тұрған

Жанымен қош айтысу

Қоржынбасы






Сұхбат сәті

  1. Жазушының «Әнші» әңгімесін жазудағы түпкі ойы не?

  2. Әңгімеден қандай әсер алдыңдар?

  3. Болжам жаса және дәлелде.

Кластер әдісі


Әмірқан

Кәсібі

Қарым-қатынасы




Мінезі


Ой түйіндеу

Әмірқан-үлкен жүрек иесі. Жұрт оны еш уайымсыз, қайғыру жоқ, «Қашан көрсең де жайраңдап, арсалаңдап жүрген жан» екен деп білген. Расында солай ма екен?


Әміре Қашаубаев туралы қосымша мәлімет

Абыралы өңірінен шыққан өнер саңылақтарын сөз еткенде. Алдымен ауызға алатынымыз-Әміре Қашаубаев. Әміре 1888 жылы Семей облысы, Абралы ауданына қарасты Дегелең тауының етегінде туды. Әкесі Қашаубай кедей адам болған. Ауылды жерде тиянақты кәсіп болмаған соң Қашаубай көп ұзамай Семейге көшіп барды. Барлық ауыртпалық Әміренің мойнына түсіп Жаңа Семей жағында тұратын Исабек деген көлік айдаушысы болады. Осы жұмыста Әміре үнемі әндетіп өлең айтып жүретін. Ат айдаушы екенін ұмытып, әннің қызығына түсіп қожасынан сөгістер алып қалатын. Әкесінде айта қалғандай өнер жоқ болса да, «Жаман» Қашаубайдың баласының музыкаға деген қабілеті оның атшылығынанбұрын «әнші бала» бері келе «әнші жігіт» деген атағын шығарды.

Бүкіл Жаңа Семейдегі ойын-сауық Әміресіз өтпейтін болды. Әншілігінің үстіне әсем мінезді, ақкөңіл жігіт халық назарын үнемі өзіне тез аударып алатын. Осындай екі бірдей қасиетінің арқасында Әміренің атағы Ертісті кесіп өтіп, Семей қаласына жетті. Әміренің дауысы түнгі Семейді тегіс аралап, әнқұмар қауым құлақтарын тосып тыңдап ләззат алады. Исабекпен есеп айырысып, Арқа әншілерінің мекені болған Қояндға жол тартты. Қояндыға келуі, әнші үшін ән дүниесін ашуына себепші болды.

Өткенді қастерлеу арқылы болашақты жасаймыз.



Жүсіпбек Аймауытов-қазақтың ән өнерін бағалай білетін талғампаз жан. Әмірқан образы арқылы әйгілі әнші Әміренің жеке дара биік әншілік өнерін, азаматтық тұлғасын тамаша бейнелеген, шынайы өнерге табындырған. Ұлы әншіге бір тамаша ескерткіш орнатып кеткендей. Әміре қашаубаев Франция секілді өркениетті өнеріміздің құдәреттілігін мойындатты. Сол үшін де қазақ халқы Әміре сынды ұлы тұлғасын ешқана ұмытпайды.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет