Күні:11.04.2016
Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: Калькулятор. Блокнот
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға калькулятор, блокнот туралы ақпарат бере отырып,олардың қолданыстағы атқаратын орны және мүмкіндіктерін ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың білім – білік дағдысын, ептілігін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Техника қауіпсіздігін қатаң сақтауға, алған білімдерін тиянақты пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: Дәстүрлі
Сабақтың әдісі: топтық оқыту, жеке жұмыс,сұрақ–жауап, баяндау,тест
Қолданылатын технологиялар:сыни тұрғысынан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, интерактивті тақта,түрлі түсті стикерлер,таратпа қағаз,слайд,бағалау парағы
Пәнаралық байланысы: математика
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру
Шаттық шеңбері
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгендеу
Оқушыларды қағаз қиындылары арқылы екі топқа бөліп отырғызу.
І топ – Калькулятор,
ІІ топ – Блокнот. Әртоптыңбасшыларысайланады.
II.Үй тапсырмасын тексеру
Kahoot бағдарламасының көмегімен тест шешу
Тестті қорытындылау
III.Жаңа сабақ
Калькуляторды пайдалана отырып, есептеулерді жылдам орындауға және есептеу нәтижелерін басқа бағдарламаларға беруге болады. Сонымен қатар калькулятор қолданбасы компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс істеуін: бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударуды, логикалық арифметика принциптерін, есептеу дәлдігін және т.б. тереңірек игеруге мүмкіндік береді.
Калькулятордыіскеқосу: Пуск – Программы – Стандартные – Калькулятор.Калькулятордыңтүрінауыстыруүшін: Вид менюінпайдаланамыз.
Калькулятордағыцифрлықақпараттардыбасқабағдарламаларғакөшіруүшін: Правка – Копировать немесе Вырезать және Вставить командаларынпайдаланымыз.
Жүйеде қалькулятор екі түрлі болады: Қарапайым және инженерлік.
Инженерлік калькулятор төрт санау жүйесінде жұмыс істейді: ондық, сегіздік, екілік, он алтылық.
Hex (Hexadecinal)-он алтылық;
Dec (Decinal)-ондық;
Oct (octal)-сегіздік;
Bin (Binary)-екілік.
Ең бірінші пайда болған есептеу құралы ол есепшот болды. Есепшоттың жасы 2000 – 5000 жылдар шамасында. Пайда болған жері Ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, ежелгі Греция болуы мүмкін. Гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», жапондықтар серобян деп атаған. Есепшотпен есептеулер орналасқан тастарды жылжыту арқылы жүргізілген. Есепшот Ресейде ХҮІ – ХҮІІ ғасырларда пайда бола бастаған. ХҮІІ ғасырда Джон Непер логарифм түсінігін енгізді. 1761 жылы ағылшын Д.Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасап шығарды. Логарифм құралын жасау идеясын 1660 жылы Исаак Ньютон ұсынған. 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарды. Ол жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық машина болатын. Онда көп мәнді есептерді қосу мүмкін болды. 1694 жылы неміс математигі Лейбниц механикалық есептеу машинасы арифмометрді құрастырып жасады. Онда дөңгелектердің орнына цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Онда көбейту, бөлу, квадрат түбірін табу амалдарын орындау мүмкін болды. Бірақ арифмометр кейін бірнеше жетілдірілді, бұл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л.Чебышев пен В.Т.Однер көп еңбек етті. Осы арифмометр қазіргі қолымызда жүрген калькулятордың негізін салды.
Блокнот бұл өте шағын мәтіндік редактор, оның жұмысы үшін жадтың аз көлемі қажет.Блокнот жұмыс уақытында белгі құруға, кейін оны басқа қолданбаға кірістіріп қоюға болатын мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған. Оның ерекшелігі – онда әріпті немесе абзацты пішімдеу мұмкіндігі қарастырылмаған.
Блокноттың қызметі - мәтінді, мәтіндік пішімде сақтау. Осының арқасында блокнотта сақталған файл дискіде ең аз орын алады. Блокноттың басқа мәтіндік редакторлардан артықшылығы - ол өте жылдам жүктеледі.
Сергіту сәті
«Кім жылдам?» деп аталады. Оқушылар сергіту сәтінде біз сендердің есте сақтау қабілеттерінді анықтау үшін 3, 13, 33 сандарын пайдаланып ойын жаттығуын орындаймыз. 3 санын атағанда қолымызды алға созамыз, 13 санын атағанда қолымызда жоғары көтереміз, 33 санын атағанда қолымызды төмен түсіреміз. Сандардың орны ауыстырып аталып,жылдам айтылады.
IV.Жаңа сабақты бекіту
Деңгейлік тапсырмалар орындау
A деңгейі
1) 100-67=
2) (30*5)-6=
3) (456+76)-(76+3)=
4) 6*(45+5-21)+9=
5) 207+65-(54+32)*2=
6) 76-9*(5-2)=
7) (300+200)-(54+3)=
8) 66:3+11=
9) 80:2+4*(34+12)-1=
10) 100+58-(34+5*2):2=
11) 45:5+15-6*3=
12) 670+300-2*4+(56-2)=
13) 45*5+15-6*3=
14) 670-300-2*4+(56-2)=
15) 80*2+4*(34+12)-1=
16) 100-58-(34+5*2)*2=
B деңгейі
Ботаның салмағы – 35 кг, ал қаздың салмағы 7 есе кем. Қаздың салмағы неге тең?
Қоймаға 567 кг сиыр еті, сиыр етінен 127 кг артық қой еті және қой етінен 3 есе артық жылқы еті жеткізілді. Қоймаға қанша килограмм жылқы еті әкелінді?
C деңгейі
Калькуляторды іске қосыңдар: Бастау‑Барлық программалар-Стандарттық-Калькулятор.
Түр мәзірінде Инженерлік режимді таңдаңдар.
Қарапайым режимге көшіріңдер.
Өз туған жылдарыңды енгізіңдер.
Түр – Цифрлардың разряд бойынша топтасуын таңдаңдар.
Түр – Журнал таңдаңдар. 2+2 теріңдер. Өрнек журналда көрсетіледі және жұмыс уақытында сонда сақталады.
Журалды тазалаңдар: Түзету – Журнал – Тазалау.
V. Қорытынды
Сұрақ-жауап.Батырмалардың атқаратын қазметін айту
С – толық босату, жаңа формула бойынша есептеуді бастайды.
MS– ағымдағы санды жатқа көшіреді.
М+ - ағымдағы санды жадтағы санға қосады.
МС – жадты тазалайды.
Sta–статистика терезесін ашады.
Ave – статистика терезесінде бейнеленген сандардың орта мәнін есептейді.
SQRT– квадрат түбірін есептейді.
tan– тангенс функциясын есептейді.
Mod– х-ті у-ке бөлу қалдығын есептейді.
Bin– екілік жүйеге ауыстырады.
VI.Үй тапсырмасын беру
§27. Блокнот және калькулятор.Бақылау сұрақтарына дайындалып келу
VII .Бағалау
Топ басшысын тыңдау
Қорытынды баға қою
Кері байланыс.
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып смайликке жапсыру.
Бағалау парағы
№
|
Оқушылар аты-жөні
|
Үй тапсырмасы.
|
Жаңа сабақ
|
Бекіту
|
Қортытынды
|
Қортыныды баға
|
Тест
|
Постер қорғау
|
Деңгейлік тапсырмалар
|
Сұрақ-жауап
|
1
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
6
|
|
|
|
|
|
|
7
|
|
|
|
|
|
|
Бағалау парағы
№
|
Оқушылар аты-жөні
|
Үй тапсырмасы.
|
Жаңа сабақ
|
Бекіту
|
Қортытынды
|
Қортыныды баға
|
Тест
|
Постер қорғау
|
Деңгейлік тапсырмалар
|
Сұрақ-жауап
|
1
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
6
|
|
|
|
|
|
|
7
|
|
|
|
|
|
|
Топқа бөлу
Достарыңызбен бөлісу: |