Күні:
Сынып: 1 Б
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Тажикеева Мейрамкул Несипбаевна
Балқаш қаласы, жбб №9 орта мектеп
|
Сабақтың тақырыбы
|
Кейіпкерлерді сипаттаймын. Ю дыбысы мен әрпі.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
|
Күтілетін нәтиже
|
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
|
Жетістік критерийлері
|
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Өнер, ана тілі сабағы
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Аудиожазба , таныстырылым.
|
Тілдік құзыреттілік
|
Ою-орнамент-ornament ,аю-медведь- Bear
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Ынтымақтас
тық атмосфера
сын қалыптас-
тыру
2 минут
6 минут
|
Мұғалім:
Сәлеметсіздер ме ! Балалар,біздің сабағымыз бүгін ерекше! Сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр.Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен амандасып алайық.
Шаттық шебері
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
-Көңіл-күйлерің қалай?
-Жақсы!
-Ендеше осы жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.
Бүгінгі сабақта жаңа дыбыспен танысамыз.
Мұғалім:
-Біз сіздермен алдыңғы сабағымызда қандай кейіпкерлермен таныстық?
-Алдаркөсе, Қожанасыр.
Стратегия: "Постер"
Алдаркөсеге мінездеме берейік.
Алдаркөсе
Сұрақ:
Алдаркөсе қандай кейіпкер? (тапқыр, айлакер, ақылды, әділ,жағымды)
-Балалар, Алдаркөсенің айлакерлігі туралы не айтар едіңдер? (баланың жауабы тыңдалады)
Мұғалім:
- Қазір сіздермен ақиқат, жалған тапсырмасын орындайық.
(Ұ)Тапсырма:"Ақиқат және жалған"
Оқиғалар
|
иә
|
жоқ
|
Қожанасыр- ұлттық кейіпкер.
|
+
|
|
Алдаркөсе- аңғал кейіпкер.
|
|
+
|
Алдар бай баласын алдады.
|
+
|
|
Алдаркөсе мен ұры достасты.
|
|
+
|
Тексеру,бағалау.ООО
-Қане балалар тапсырманы тексерейік. Дұрыс болса жасыл белгіні, қателессек қызыл белгіні жапсырайық.
|
Шаттық шеңбері
Таныстыры-
лым
Алдаркөсенің суреті
кесте
|
Сабақтың ортасы
20 минут
|
Жаңа сабақ
Тыңдалым/айтылым
-Қане балалар экранға назар аударайық.Не байқадыңдар?Қай дыбыспен таныстыңдар?Ю дыбысы бар сөздерді айтқызу.Ю дыбысының сөздің қай жерінде тұрғанын тапқызу.
-Ою
-Ою сөзін үш тілде айтайықшы. Қазақша ою. Орысша қалай айтамыз?
-Орнамент
-Ағылшын тілінде ше?
-Ornament
-Жарайсыңдар балалар!
-Оюды қайдан кездестіруге болады?
(сырмақ,көрпе,жастықтан,ұлттық киімдерден,сандық
тан,ыдыстардан)
-Ою сөзін айтқанда қандай дыбыстар естисіңдер?
-О дыбысы және й+у дыбыстары естіледі.
Жақсы. Ю дыбысы айтылғанда екі дыбыс естіледі,жазғанда бір ғана әріппен таңбаланады.
-Ендеше, балалар біз бүгін сіздермен Ю дыбысымен танысамыз.
Тақтаға қараймыз. Берілген сөздерді бірлесіп, буындап оқимыз.
Аю қою құю есею азаю
Ою қию түю үлкею көбею
- Ю дыбысы сөздердің қай жерінде кездесіп тұр?
-Соңында.
Сөздерді буынға бөлу,буын санын анықтау.
-Ал енді балалар оқулықтағы мәтінді мен оқимын, сіздер мұқият тыңдап отырыңыздар.
Оқылым:
Жеңімпаз аю.
«Бағытталған оқу»
кітапқа кіріспе
өз бетінше оқу
мәтінге қайтып оралу және сұрақтарға жауап беру.
Талдау сұрақтары қойылады
-Мәтін не туралы?
-Аю
-Осы аю сөзін үш тілде айтып көрейік
-Қазақша аю
-Орысша
-Медведь
-Ағылшынша
-Bear
-Аюмен бірге жарысқа нелер қатысты?
-Аю неге озып кетті?
Ю әрпін жазып үйренеміз.
Жазуға дайындалу.
Жазылым:
Бөліктерін тақтада жазып көрсету.
Ауада жазу.
Дәптерге жазу.
Юю жазу
-Енді жазған жазуымызды бағалайық.
|
видио
кесте
тақтамен жұмыс
оқулықпен жұмыс
дәптермен жұмыс
|
Сергіту сәті
2 минут
|
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
|
Сергіту сәтіне арналған жинақ
|
Аяқталуы
15 минут
Қызықты тапсырма
10 минут
|
(Т,Қ)
Сұрақтар бойынша аюды сипатта.
Аю қандай аң?
Түсі қандай?
Оның аяғы қандай болады?
*Ол қайда тіршілік етеді?
Оқу жетістіктерін бағалау:
кейіпкерге тиісті нақты сипаттама беруін;
мәнерлі сөйлеу дағдысын бағалаңыз.
- Топтар бір-бірін бағдаршам түстері бойынша бағалайды.
(Ж,Қ) Шығармашылық жұмыс
"Сөз ойла,тез ойла"
Дөңгелектердегі буындардан сөз құрастырады.
Жауабы:еңкею,шалқаю,жантаю,қисаю.
Тексеру,бағалау.
|
Аюдың суреті
Таратпа материал
|
5минут
|
-Балалар,бүгін қай дыбыспен таныстық?
-Ю қандай дыбыс?
-Сөздің қай жерінде кездеседі?
-Қандай мәтінмен таныстық?
-Мәтін не туралы айтылған?
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім
|
смайликтер
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
|
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
|
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|