1.«Сұрақтарға жауап берейік» дағдысы.Жеке жұмыс.Өткен материалдар бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
Ойлау дизайны деген не?
Ойлау дизайнының негізін қалаған кім?
Дизайн-ойшылар деген кімдер?
Ойлау дизайны қандай қағидаларға байланысты құрылады?
2)Оқушылар сұрақтарға жауап береді,мұғаліммен бірге талқылайды, дәптер-леріне негізгі идеяларды жазады.
Ойлау дизайны неліктен үлкен маңызға ие?
Не үшін дизайн-ойшылдар мәселені тұтас қарастырады?
Дизайн-ойшылдарға қандай қасиеттер керек?
Сергіту сәті 2 минут
«Жеті шырық» жаттығуы ( жақсы баяу музыкамен орындалады) Ыңғайлы отырып, көзіңізді жұмыңыз, терең демалыңыз. Сізден шамалы бір метр қа-шықтықта жеті жанып тұрған шырық бар екенін елестетіп көріңіз.... мүмкін-дігінше баяу, терең дем алаңыз.Енді осы шырақтардың біреуін өшіру қажет деп ойлап көріңіз.Демді толығымен шығарып, оның бағытына қарай барын-ша үрлеңіз. Шырақ жалыны дірілдеп барып өшеді. Сіз қайтадан баяу тыныс алып, қалған шырақтарды біртіндеп үрлеп өшіресіз.
3.«Талдап,салыстырайық» дағдысы. Ойлау дизайнын қай жерде,кімдерге қолдануға болатыны талдап,олардың нәтижелерін салыстырыңыздар.Күткен жайттарыңыз ақталды ма?
4.«Дәптерге орындайық» дағдысы.
Дизайн-ойшылдарға қажетті қасиеттерді дәптеріңізге жинақтап жазыңыздар.
5.«Қолданып көрейік»дағдысы. Ойлау-дизайны тәсілдерін бизнес-идеяларды іздестіру мен бизнес-үрдістерді ұйымдастырудың дәстүрлі тәсілдерімен салыстырғандағы артықшылықтарын анықтау үшін FILA кесТЕСІН толтырыңыздар.
F/Дерек/-ойлау дизайны тәсілдері туралы деректер жинау;
I/Пікір/-ойлау дизайны туралы өздерінің ой-пікірі;
L/Сұрақ/-ойлау дизайны маңызын ашатын сұрақтар;
A /Іс-әрекет/-дизайн-ойшылардың қолданатын іс-әрекеттері.