Қолданылатын ресурстар
|
Оқулық, оқушының жеке дәптері, мұғалім кітабы, электронды қосымша, интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, маркерлер, «Блоб ағашының» суреті салынған флипчарт, смайликтің суреті салынған стикерлер
|
Алдыңғы білім
|
Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы тақырыппен логикалық көпір құрау, мы-салы: «Есіңе түсір!» рубрикасындағы сұрақ бойынша:1.Ақпарат дегеніміз не? 2.Сұхбат кезінде алынған ақпаратты қалай топтайды?
|
Сабақтың басы
10 минут
|
1.Оқушылармен амандасу. Мұғалім сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Сені көргеніме қуаныштымын,себебі...» тренингін ұйымдастырады.Қатар отырған оқушылар бір-бінің жақсы жақтарын айтады.
2.Сыныпты топқа бөлу. Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің басшысын және топтың атауын таңдайды.
3.Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық ситуация тудыру.
Мұғалімнің сөзі:Бүгінгі сабақ «Идея ойлап табу» тақырыбы зерттеуге арналады. Алдымен есімізге түсірейік: 1.Ақпарат дегеніміз не? 2.Сұхбат кезінде алынған ақпа-ратты қалай топтайды?
Жұптасқан оқушылар сұрақтарды талқылайды,пікір алмасады.Мұғалім оушылардың жауаптарын тыңдайды.Жекелеген оқушыларға ауызша ескертулер жасайды немесе түсіндіреді.
|
Сабақтың ортасы-тақырыпты өз бетімен меңгеру
10 минут
|
Мұғалімнің сөзі:Балалар,сіздер топтық жұмыста тақырыптың мазмұнын зерттеп, тал-қылап оны іс жүзінде бекітесіңдер.Сабақ өзін-өзі бағалау және өзара бағалау әрекеттері арқылы сендердің алған нәтижелеріңді бағалаумен аяқталады.Сабақ соңында,қалаула- рыңызға қарай,шығармашылық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік аласыңдар.
|
Достарыңызбен бөлісу: |