3-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен кейбірі: Тақырып бойынша алған білімнің толықтылығы қамтамасыз етіледі (өнім деңгейі).
Тілдік мақсаттар
|
Лексика және терминология: кәсіпкерлік- предпринимательство- entrepreneurship, экономикалық құбылыс- экономическое явление-economic phenomenon , даму факторлары- факторы развития- development factors
|
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік Ел» идеясына жүгініп, оқушыларымыздың оқуға деген құштарлығын оятып, тәрбиемен ұштастырып білім беру керек. Себебі білім беру мен тәрбие бірге жүріп отырады. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, адамгершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
«Досыңа тілек», «Пікірлесу», «Шеңбер бойымен сұрақ қою», «Блоб ағашы»
|
Қолданылатын ресурстар
|
Оқулық, оқушының жеке дәптері, мұғалім кітабы, электронды қосымша, интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, маркерлер, «Блоб ағашының» суреті салынған флипчарт, смайликтің суреті салынған стикерлер
|
Алдыңғы білім
|
Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы тақырыппен логикалық көпір құрау, мысалы: «Есіңе түсір!» айдарындағы сұрақтар бойынша:
Нарықтық тепе-теңдік дегеніміз не?
Сұраныс икемділігі дегеніміз не?
|
Сабақтың басы
( 5 мин)
|
1.Оқушылармен амандасу. Мұғалім сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Досыңа тілек» тренингін ұйымдастырады. Оқушылар бір-біріне бұрылып, алдында тұрған оқушыға сәттілік тілейді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |