бет 4/129 Дата 04.09.2022 өлшемі 380,88 Kb. #148691 түрі Сабақ
Байланысты:
10 ҚМЖ Кәсіпкерлік-1 2. Карточкалармен жұмыс. Кәсіпкер болудағы өздеріңіздің мүмкіндіктеріңізді бағалау үшін кестеден (карточкалардан) өзіңіз игеріп кете алатын кәсіпкерліктің кемшіліктерімен артықшылыұтарын белгілеңіздер.
Кәсіпкерліктің артықшылықтары
Жеке бизнес нені және қашан жасайтыныңызды өзіңіз шешуіне, бақылауға мүмкіндік береді
Сіз отбасылық өміріңізге, қызығушылықтарыңмен ұйқы қажеттілігіне уақыт бөле алатын икемді жұмыс кестесімен өмір сүретін болсыз.
Егер бизнесіңіз мүмкіндік берсе, қала сыртына , теңізге кетіп қалып, паркте немесе пойызда жұмыс жасай аласыз.
Кәсіпкердің өмірі қызықты. Көптеген кәсіпкердің айтуынша , олар тіпті өз қызметтерін жұмыс деп есептемейді, бұл көбірек қызыққа толы оқиға секілді.
Кәсіп иесі ретінде сіз өзіңіз шешім қабылдайсыз және белгілі бір идеяны жүзеге асыру немесе сынықтан өткізу үшін біреудің рұқсатын күтпейсіз.
Кәсіпкер ретінде сіз жасампаз және жаңашыл адам бола аласыз.
Кәсіпкерліктің кемшіліктері
Жауапкершілік көп болған сайын күйзеліс көп. Табыстылық пен жеңіліс тек өзіңізге байланысты.
Кәсіпкердің өмірі тұрақсыз болуы мүмкін. Тапсырыстар көлемі мен оларға кететін уақыт, соған сәйкес жұмыс күнінің ұзақтығы мен табыс қубылып тұрады.
Күніне 24 сағат кәсіпкер болу керек , яғни жұмыс пен бос уақыт арасындағы шекара жойылып кетеді.
Алғашқы уақыттарда табыс көлемі жалдамалы жұмыспен салыстырғанда төмен болуы мүмкін.
Кәсіпке өзі салық, ақылы демалыс жалақыларын төлеп , басқа да пайда болатын көптеген шығындарды есептеуі керек.
2. «Ойланайық, талқылайық» дағдысы . 1. Топтық жұмыс. Топтарға бөлініп сұрақтарға жауап беріңіздер
Бизнес тобы:
1) Неліктен кәсіпкердің басқа жұмыс жасауына мүмкіндігі жоқ?
2) Неліктен кәсіпкерлерді өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деп айтады?
Достарыңызбен бөлісу: