2. «Ойланайық, талқылайық» дағдысы (топтық жұмыс). «Джигсо» әдісі бойынша сұрақтарды талқылап, жауаптарыңызды ұсыныңыздар.
1-топ: Неліктен инвесторлар стартаптың тиімділігі туралы сенімді ақпарат ала алмайды?
2-топ: Неліктен Қазақстанда стартап қоғамдастығы әлі қалыптаспаған?
3-топ: Неліктен стартап тәуекел деңгейі жоғары инвестициялау болып табылады?
3. « Талдап, салыстырайық» дағдысы. «Робин раунд» әдісі қолданылады. Сынып төрт топқа бөлінеді
1. Стартап пен ағымдағы бизнестің арасында қандай айырмашылық бар?
2.Әлемдегі және Қазақстандағы қазіргі заманғы стартап мәдениеті арасындағы айырмашылық неде?
3.Классикалық стартаптар арасындағы ұқсастықты атаңыздар
4.Тақырыптың негізгі идеясы қандай?
4. «Дәптерге орындайық» дағдысы. Кестені консалтингтік компанияның тиісті әрекеттерімен толтырыңыздар.
№
Стартап кезеңдері
Компания әрекеттері
1
Бизнес –идея
Жарнамалау мүмкіндігі бар,тегін жүктелетін мобильді қосымшаны әзірлеу