Бекітемін Пәні: информатика
Мектеп директорының Сыныбы: 9 «А»
оқу-ісі жөніндегі орынбасары Мұғалім: Байдилдаева Г. Н.
__________ М. Бердекеева Күні: 07.02.2014 ж.
Уақыты: 1220
Орны: 209 кабинет
Сабақтың тақырыбы: Кестелік шамалармен жұмыс істеуге арналған
алгоритмдер. Жиымдар.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға жиымды таныстыру, жиым
туралы түсінік қалыптастыру.
Білімділігі: оқушылардың жиым туралы жалпы білімін
қалыптастыру
Дамытушылығы: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттыру, ой-өрісін дамыту, өз бетінше
жұмыс істей алу қабілетін көтеру, тапқырлыққа, ізденімпаздылыққа, шығармашылыққа баулу
Тәрбиелік: оқушыларды адалдыққа, дүниетанымдыққа,
жауапкершілікке, жүйелікке, ауызбіршілікке
әдептілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, «Кластер» әдісі,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
А) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Б) Қауіпсіздік ережесімен танысу.
В) Топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
А) Сұрақ-жауап
Б) Қорытындылау
ІІІ. Жаңа сабақ
А) Сабақты хабарлау, жоспарын таныстыру
Б) Жаңа сабақты түсіндіру
IV. Бекіту
А) Тапсырма орындау
Б) Практикалық жұмыс
V. Қорытындылау
«Кластер» әдісі
VII. Үйге тапсырма
VIII.Бағалау
Ұйымдастыру.
А)Оқушыларды түгендеу.
Б) Қауіпсіздік ережелері. Слайд арқылы қауіпсіздік ережесін қайталау.
В) Топқа бөлу. Оқушылар фигураларды таңдайды және оларды графикалық режімде қандай процедураның және функцияның көмегімен салынатынын айтады.
Үй тапсырмасын сұрау.
А) -Оқушылар, 7-ақпан мен 23-ақпан аралығын да Сочи-де қысқы ойындар олимпиадасы өтетінін барлығымыз білеміз. Бұл олимпиаданың ашылу салтанаты 7-ақпан күні, яғни бүгін болатынын еске саламын және осы ашылу салтанатына президентіміз Н. Ә. Назарбаев қатысады деп күтілуде. Біздің Қазақстан Республикасынан 50 спортшы осы олимпиадада бақтарын сынап, ел намысын қорғайды. Олар спорттың 11 түріне қатысады екен. Қандай түрлерінен қатысатынын сұраққа жауап бере отырып білетін боламыз.
Б) Қорытындылау.
Жаңа сабақ түсіндіру.
Сабақтың тақырыбы: 1. 15. Кестелік шамалармен жұмыс істеуге арналған алгоритмдер. Жиымдар.
Бүгінгі жаңа сабағымызда құрама тип тобының бір тобы ретті тип (жиымдар)
Жаңа сабақ жоспары:
Жиымға түсінік беру.
Жиым параметрлері.
Жиымды сипаттау.
Жиымды енгізу-шығару.
Жиымдармен орындалатын амалдар.
Жиым туралы түсінік қалыптастыру.
ЭЕМ-де өңделетін мәліметтер көбінесе кесте түрінде болып келеді. Кестелер сызықтық және төртбұрышты болып келеді:
Сызықтық
Төртбұрышты
14
|
18
|
17
|
16
|
12
|
12
|
15
|
19
|
26
|
30
|
32
|
35
|
|
|
|
|
Өмірдегі мәліметтер
Сынып тізімі
Ауа температурасы
Көбейту кестесі
Иванов
Петров
Сидоров
Кошкин
Мышкин
100
120
120
130
140
140
120
150
160
140
180
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
1
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
2
|
2
|
4
|
6
|
8
|
10
|
12
|
14
|
16
|
18
|
20
|
3
|
3
|
6
|
9
|
12
|
15
|
18
|
21
|
24
|
27
|
30
|
4
|
4
|
8
|
12
|
16
|
20
|
24
|
28
|
32
|
36
|
40
|
5
|
5
|
10
|
15
|
20
|
25
|
30
|
35
|
40
|
45
|
50
|
6
|
6
|
12
|
18
|
24
|
30
|
36
|
42
|
48
|
54
|
60
|
Осы типтегі мәліметтер программалау тілдерінде жиыммен сипатталады
Жиым дегеніміз – бұл бір атауға біріктірілген бір типті шамалардың реттелген тізбегі.
2. Жиымның параметрлері.
Жиым аты латын әріптерімен беріледі.
Жиымның құрамына кіретін айнымалылар жиым элементі деп аталады.
Жиымдағы элементтің орналасқан нөмірін индекс деп атайды.
Жиымның негізгі параметрлеріне типі (сандық, сиволдық, логикалық), өлшемі (бірөлшемді, екіөлшемді), көлемі (жиымдағы элементтер саны) жатады.
Тапсырма. Берілген жиымның атын, индексін, типін, көлемін және элементтер мәнін көрсетіңдер.
T [7, 9,10,-12, 6, 9] T[2]=?
T[5]= ?
T[1]=?
Жауабын бірінші болған оқушы оқиды, бірін-бірі тексереді.
Күнделікті өмірден жиымға мысалдар қарастырайық:
Кәдімгі кітапты жиым деуге болады. Неге?
Көпқабатты үйлерді де жиым деп айтуға болады ма? Неге?
Футбол командасын жиым деуге болады ма? Неге?
Кабинетте жиымға мысал бар ма?
3. Жиымды сипаттау.
Жиымды сипаттау үшін array қызметші сөзі қолданылады.
var <атау> :array[1 .. n] of integer;
жиым аты;
элементтер саны (алғашқы және соңғы индекс)
жиым типі;
Мысалы: 5 бүтін сандардан тұратын жиымды сипаттау.
var A : array[ 1 .. 5 ] of integer ;
Көлемін константа арқылы көрсететін болсақ:
const N=5;
var A: array[1.. N ] of integer;
Мысалы:
var
А: array [1..10] of integer;
С: array [0..6] of сhar;
Е:array [1..15] of string;
B:array [5..-5] of real;
Тапсырма №2.
10 нақты сандардан тұратын, 5 символдық элементтерден тұратын жиымдарды сипаттаңдар.
Жауабы:
Var
M:array [1..10] of integer;
R:array [1..5] of char;
Жауабын бірінші болған оқушы оқиды, бірін-бірі тексереді.
Жиымды енгізу-шығару.
Жиымды енгізу үшін read, readln операторлары қолданылады, шығару үшін write, writeln шығару операторлары қолданылады.
Жиым элементтерін енгізгенде, шығарғанда for оперторының көмегімен цикл ұйымдастыру арқылы жүргізген қолайлы.
Мысалы:
5 бүтін сандардан тұратын жиымның әрбір элементтерін екіге көбейтетін программа құрыңдар.
сипаттау
const N = 5;
var a: array[1..N] of integer;
i: integer;
енгізу
for i:=1 to N do begin
readln ( a[i] );
end;
элементтерімен жұмыс
for i:=1 to N do
a[i]:=a[i]*2;
шығару
writeln('Массив A:');
for i:=1 to N do
write(a[i]:4);
Осы мысалға толық программасын және де блок-схемасын құрайық. Назар аударыңыздар программаны толықтыру үшін қандай оператор немесе қызметші сөздер жетіспейді?
Жиымға амалдар қолдану. Жиымның элементтеріне қандай амалдар қолдануға болады, айтылып өткен амалдарды жиымдарға қолданып келесі сабақтарда мысалдар қарастырып және есептер шығарамыз.
Жиым элементтеріне түрлі амалдар қолдануға болады:
ең үлкен элементті табу;
ең кіші элементті табу;
элементтер мәндерінің орташа мәнін табу;
элементтер қосындысын, көбейтіндісін табу;
әрбір элементтердің квадратын табу;
бірнеше жиымдардың элементтерінің
қосындыларын, көбейтінділерін табу;
элементтерді өсу реті, кемі реті бойынша сұрыптауға болады;
элементтерді белгілі бір шартқа байланысты
іріктеуге болады.
Бекіту.
Енді балалар, мына тапсырмаларды орындай отырып білімдерімізді толықтыра түсейік.
Тапсырма. (орнында отырып орындап сосын тақтада орындайды) Программаны толықтырыңыз
Мынандай сандар тізбегі берілген: 5, 12, 3, 9, 15 пернетақтадан енгізіп, экранға шығару программасын толықтырыңыз.
Program massiv;
var array [ .. ] of ;
i:integer;
BEGIN
for i:=1 to 5 do
for i:=1 to 5 do
end;
Білімді компьютермен ұштастыру. Компьютерде жұмыс.
Тапсырма №4. Біздің мектебімізде баскетбол командасы бар. Сол командаға бойының ұзындығы 170 см артатын оқушыларды таңдайтын программа құрастырамыз.
Бізге қандай мәліметтер керек? (фамилия, бойының ұзындығы сан түрінде)
Қалай ойлайсыңдар осы мәліметтер бір жиымда бола алама?
Екі жиым қажет: біреуі жолдық типте, онда оқушылар фамилиясы енгізіледі, екіншісіне сандық, онда бой ұзындықтарын енгіземіз. Және де үшінші жиым керек, онда бойы 170 см-ден асатын, яғни таңдалған оқушы фамилиясын енгіземіз.
Программаның ауызша алгоритмін жасайық.
Мұнда шарт операторы қолданылатынын ескертемін.
Бұл программаны Паскаль тілінде құрылып тұр, бірақ ол жұмыс істемейді. Неге? Бүгінгі алған білімдеріңіз программадағы қатені табуға көмектеседі деп ойлаймын. Келесі сабақта бұл программаның құрылымын талдаймыз.
(Pascal тіліндегі программа мәтіні)
program basket;
uses crt;
var
N,i,k:integer;
BEGIN
Clrscr;
writeln('Введите количество учеников');
readln(N);
writeln('Введите фамилию и рост ученика');
for i:=1 to N do
begin
write('fam[',i,']= ');
read(fam[i]);
write('rost[',i,']= ');
readln(rost[i]);
end;
k:=0;
for i:=1 to N do
if rost[i]>=170 then begin
k:=k+1;
kom[k]:=fam[i];
end;
if k=0 then
writeln('кандидатов нет')
else
writeln('Список претендентов в сборную школы');
Writeln;
for i:=1 to k do
writeln(kom[i]);
readln;
end.
(оқушылар ойласа отырып, программаны дұрыстайды. Var бөліміне мыналарды жазады)
fam:array[1..10] of string;
rost:array[1..10] of integer;
kom:array[1..10] of string; ,
вводят данные и получают результат)
Сонымен программа неге жұмыс жасамады? (Оқушылар жауап береді.) Дұрыс. Онда жиымдар сипатталмаған.
Қорытындылау. Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, мына тірек сызбаны толтырайық.
«Кластер» әдісі.
Бағалау.
Үйге тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: |