Мәтіннің мазмұнын түсінеді, негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды, жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, жарнама құрастырып жазады;
Тілдік мақсат
Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: қазақ шеберлері киімді қалай сәндеген?
Тірек сөздер арқылы суретке қарап, өз ойыңызды білдіріңіз.
Тірек сөздер:
Тақия, шапан, ішік, кимешек, көйлек, бөрік, етік
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.
Сабақтың ортасы
Топтық жұмыс «Сүзгі» органайзері арқылы негізгі ойды анықтайды.
Ақпаратты сүзу
Мәтіннен тірек сөздері арқылы негізгі ойды анықтап, дәлелдеңіз. Маңызды емес сөздер құбырға ағып кетіп, тек маңызды сөздер ғана «сүзгіде» қалады.
Дескриптор
1. Негізгі ақпараттарды сүзгіде қалдырады.
2.Негізгі ойды анықтайды.
4-тапсырма, 31-бет
Қазақ шеберлері киімді қалай өңдеген?
Нақты мысалдармен дәлелде. Кім? Не? Қандай? Не істеді? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер болсын.
5-тапсырма, 31-бет
«Жарқын жарнама»
-Олай болса, төменде берілген тірек сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, қазақ халқының талғамын танытатын киім үлгілері туралы жарнама мәтінін құрастырыңыздар.