Сабақтың тақырыбы: Кіріктірілген функциялар.



бет1/3
Дата27.01.2020
өлшемі199,83 Kb.
#56614
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Токтамысов К А Инф муг 82 мектеп Журналга ЭКСЕЛЬ

Шымкент қаласы. Игілік т/а. Абай ауданы.

82 Кенесары Қасымұлы атындағы жалпы орта мектеп.



Информатика пәні мұғалімі. Тел. + 7 707 373 54 71 / + 7 705 715 86 16

Токтамысов Куаныш Алиханович.

Сабақтың тақырыбы:

Кіріктірілген функциялар. (Өндірістік практикалық жұмыс)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.3. Электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде кіріктірілген функцияларды қолдау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

– Microsoft Excel электронды кесте программасын іске қосу.



Оқушылардың басым бөлігі:

- Баған мен ұяшықтар арасында және терезе элементтерімен жұмыс істеу.



Кейбір оқушылар:

- функцияларды пайдалана отырып берілген тапсырманың формуласын жазып шешімін таба алу.



Ойлау дағдыларының деңгейлері:

Қолдану.

Бағалау критерийлері:

– кез келген компьютерде Microsoft Excel электрондық кесте программасын іске қосып жұмыс жасайды.

- кез келген мәтіндік және сандық ақпаратты өңдейді.

- адам өмірінде компьютер және программа маңызды рөл атқаратынын біледі.


Тілдік мақсаттар:

Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

совпад, счётесли, если, длстр, сумм, макс, мин, счёт, сцепить, разндат, считатьпустоты, пропнач, прописн, сжпробелы



Пәнге қатысты лексика және терминология:

Кіріктірілген функция - Встроенные функции - Built Functions

Функция шебері – Мастер функции - Function Wizard

Статистикалық функциялар – Статистические функции - Statisticalfunctions



Құндылықтарға баулу:

- Ақпараттық сауаттылық туралы ойлау қабілеттерін арттыру.

- Берілген тапсырмаларды өз бетімен жұмыс істетуге дағдыландыру.

- Бәсекеге қабілетті, көзі ашық, сауатты ұрпақ тәрбиелеу.

- Алған білімдерін өмірде пайдалана алатын, ұлттық рухы биік, сана-сезімі жоғары, әрі бәсекеге қабілетті, мақсатына жете алатын тұлға қалыптастыру.



Пән аралық байланыстар:

Математика – (есептеулер жүргізеді). Орыс тілі, ағылшын тілі – (Функциялар мен жұмыс жүргізеді).

Алдыңғы меңгерілген білім:

Электронды кесте элементтерін пішімдеу, деректер типін жүктеу, шартты форматтауды қолдану, диаграммалар тұрғызу.


ТАПСЫРМА № 1.

1) B2 және C2 ұяшықтарындағы 2 мәтінді теңестіру. B2 және C2 ұяшықтары бір – біріне тең болса АҚИҚАТ (Истина), болмаса ЖАЛҒАН (Ложь) деп Е2 ұяшығына шығар. [1].

2) Е2 мен Е5 ұяшықтары арасында қанша АҚИҚАТ, санын Е7 ұяшығына шығар. [1].

3) Е2 мен Е5 ұяшықтары арасында қанша ЖАЛҒАН, санын Е8 ұяшығына шығар. [1].



Е2) СОВПАД(B2;C2)

Е7) СЧЁТЕСЛИ(E2:E21;"Истина")

Е8) СЧЁТЕСЛИ(E2:E21;"Ложь")

ТАПСЫРМА № 2.

1) B2 және C2 ұяшықтарындағы 2 мәтінді теңестіру. B2 және C2 ұяшықтары бір – біріне тең болса Дұрыс, болмаса Қате деп Е2 ұяшығына шығар. [1].

2) Е2 мен Е5 ұяшықтары арасында қанша Дұрыс, санын Е7 ұяшығына шығар. [1].

3) Е2 мен Е5 ұяшықтары арасында қанша Қате, санын Е8 ұяшығына шығар. [1].




E2) ЕСЛИ(B2=C2;"Дұрыс";"Қате")

E7) СЧЁТЕСЛИ(E2:E21;"Дұрыс")

E8) СЧЁТЕСЛИ(E2:E21;"Қате")


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет