Күні:27.11.2013
|
Пәні:Дүниетану
|
Сынып:1 Б
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Күз мезгілі
|
Мақсаты:
|
Табиғатта күз мезгілі туралы түсінеді,білімдерін толықтырады.
|
Табыс критерийлері:
|
Табиғаттың төрт жыл мезгілін біледі,ажырата алады.
Күз мезгіліне тән маусымдық өзгерістерді біледі,айта алады.
Топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді.
|
Сабақтың әдісі:
Бағалау:
|
Топтық жұмыс,сұрақ-жауап,топтастыру
Мұғалімнің бағалауы, өзін өзі бағалау
|
Ұйымдастыру кезеңі:
|
Тренинг.
Топқа бөлу,топ мүшелерін сайлау,топтық ережені құру (2 минут)
|
Қызығушылықты ояту
|
Бұлттар төніп
Жерге шөгіп
Дымқыл тұман басады
Өңі тайып
Дала нұры қашады
Айтыңдаршы балалар
Бұл қай кезде болады?
-Балалар өлең қай жыл мезгілі жайлы?
-Әрине,күз мезгілі,ендеше біздің бүгінгі сабағымыз күз жайлы.
(2 минут)
|
|
|
Мағынаны тану
|
Мағынаны тану
Мәтінмен жұмыс«Алтын күз»
Әр топ мәтін бойынша бір-біріне сұрақ қояды (7 минут)
|
|
Берілген сөздердің ішінен күз мезгіліне байланыстысын табу:
Алтын Байлық Молшылық Жұмыс Жапырақ Жаңбыр Жеміс Көкөніс Жидек
Егіс Еңбек Астық Құс Кітап Балық(6 минут)
|
Сергіту сәті
|
Көңілді жаттығу (2 минут)
|
Ой толғаныс
|
Күз мезгілі ұнайды,ұнамайды,кейде ұнайды-оқушылардың ой бөлісуі (4 минут)
|
Шығармашылық жұмыс
|
1-топ «Бақта» 2-топ «Бақшада» тақырыбында постермен жұмыс жасау,қорғау (8 минут)
|
Бейне жазба көру
|
«Күздің кереметтер» бейне жазбаны тамашалау (2 минут)
|
|
|
Сұрақ-жауап
|
Қиылысқан сұрақтар:
Күз айлары қай айлар?
Күз дегеніміз не?
Дала ,егін, қандай түсті болады?
Халық күзді қалай атаған?
Күзде құстар қайда кетеді?
Күзде нелер піседі?
Күзде күн қандай болады?
Жиі-жиі не жауады?
Балалар қай айда сабаққа барады?
Балалар не жинайды? (3 минут)
|
Қорытынды
Рефлексия
|
Бағалау өзін өзі бағалау
-Бүгін сабақтан кейінгі көңіл күйлерің қандай? (3 минут)
|