Күні:09.10.2013
|
Пәні:Дүниетану
|
Сынып:1 Б
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Табиғат құбылыстары
|
Мақсаты:
|
Табиғатта болып тұратын құбылыстар туралы түсінеді.
|
Табыс критерийлері:
|
Табиғат құбылыстарын ажырата алады.
Сабақты түсінеді,өз ойларын айта алады.
Топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді.
|
Сабақтың әдісі:
Бағалау:
|
Топтықжұмыс,сұрақ-жауап
Мұғалімнің бағалауы,бағалау парағы
|
Ұйымдастыру кезеңі:
|
Жүректен-жүрекке.
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу. (Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, бір-біріне жақсы тілектер айтқызу.) (2 минут)
|
Қызығушылықты ояту
|
Топқа бөлу,топ мүшелерін сайлау,топтық ережені құру (жыл мезгілдері бойынша топқа бөліну) (5 минут)
|
|
|
Мағынаны тану
|
Мағынаны тану
Жаңа сабақтың тақырыбын анықтауға арналған жұмбақтар
1.Қанаты жоқ болса да,
Көкке барып,тірелді.
Түнерді де соншама,
Көз жасын төгіп жіберді. (бұлт)
2.Ағаштарды шайқайды,
Көзге көрінбейді.
Шарлағанда сай-сайды,
Бір сәт ерінбейді. (жел)
3. Аспанды от қамшы осады,
Ащы үнін ышқынып қосады. (найзағай)
4.Әуеде ақ мамық
Қалбақтап ұшады.
Қанаты талып,
Жерді барып құшады. (қар)(4 минут)
|
Ой толғаныс
|
Табиғат құбылысы деген не?
-Табиғат құбылысын қалай бақылаймыз?
-Қандай табиғат құбылыстарын атай аласыңдар?
(4 минут)
|
Ойын-жаттығу
|
Ойын жаттығу «Табиғат құбылыстарын ата»
(3 минут)
|
Сергіту сәті
|
Көңілді жаттығу (2 минут)
|
|
|
Шығармашылық жұмыс
|
Өздеріне бөлінген жыл мезгілінің суретін салу,сол мезгілге тән табиғат құбылыстарын бейнелеу (10 минут)
|
Дәптермен жұмыс
|
Бақылау күнделігіндегі тапсырманы орындау(3 минут)
|
Қорытынды
Рефлексия
|
Бағалау (смайликтер арқылы өздерін бағалауды тапсыру)
(2 минут)
|
Күні:13.11.2013
|
Пәні:Дүниетану
|
Сынып:1 Б
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ауа райы.Көкжиек тұстары
|
Мақсаты:
|
Табиғатта болып тұратын құбылыстар туралы түсінеді.
|
Табыс критерийлері:
|
Ауа райы туралы түсінеді,шартты белгілерді біледі.
Көкжиек тұстарын ажырата алады,өз ойларын айта алады.
Топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді.
|
Сабақтың әдісі:
Бағалау:
|
Топтық жұмыс,сұрақ-жауап
Мұғалімнің бағалауы,бағалау парағы
|
Ұйымдастыру кезеңі:
|
Тренинг.
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.
Топқа бөлу,топ мүшелерін сайлау,топтық ережені құру
(3 минут)
|
Қызығушылықты ояту
|
Топпен жұмыс
-Ауа райы дегеніміз не?
-Термометр не үшін қажет?
-Шартты белгілерді көрсет: жаңбыр, жел,қар,бұлтты,ашық,ала бұлтты
(5 минут)
|
|
|
Мағынаны тану
|
Мағынаны тану
Жаңа сабақтың тақырыбын анықтауға арналған жұмбақ
Олжазда,қыста да.
Жер мен көктіңарасында –
Өмірбойыжүреберсең де –
Оғанжетумүмкінемес. (Көкжиек)
Жаңа тақырыпты түсіндіру (презентация,көкжиек тұстарымен таныстыру) (10 минут)
|
Ойын-жаттығу
|
Ойын жаттығу «Ханзадаға көмектес»
(5 минут)
|
Сергіту сәті
|
Көңілді жаттығу
(2 минут)
|
|
|
Шығармашылық жұмыс (дәптермен жұмыс)
|
Көкжиек дегеніміз-
Біздің көзіміз жеткен жерге дейінгі кеңістік.
(7минут)
|
Қорытынды
Рефлексия
|
Бағалау (өзін өзі бағалау,қызыл,жасыл,сары түстерді таңдау арқылы)
(3 минут)
|
Күні:20.11.2013
|
Пәні:Дүниетану
|
Сынып:1 Б
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Табиғаттағы жыл мезгілдері
|
Мақсаты:
|
Табиғатта жыл мезгілдері туралы түсінеді,білімдерін толықтырады.
|
Табыс критерийлері:
|
Табиғаттың төрт жыл мезгілін біледі,ажырата алады.
Әр жыл мезгіліне тән маусымдық өзгерістерді біледі,айта алады.
Топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді.
|
Сабақтың әдісі:
Бағалау:
|
Топтық жұмыс,сұрақ-жауап,топтастыру
Мұғалімнің бағалауы,бағалау парағы
|
Ұйымдастыру кезеңі:
|
Тренинг.
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.
Топқа бөлу,топ мүшелерін сайлау,топтық ережені құру (3 минут)
|
Қызығушылықты ояту
|
Қыс құнар береді,
Көктем дән себеді.
Жаз баптап өсірсе,
Күз жинап,тереді.
-Балалар өлең не жайлы?
-Әрине,жыл мезгілдеріне байланысты.
(3 минут)
|
|
|
Мағынаны тану
|
Мағынаны тану
Жаңа тақырыпты түсіндіру (презентация,жыл мезгілдеріне тоқталу)
(6 минут)
|
Топтастыру
|
Әр топ өз жыл мезгіліне байланысты топтастыру орындайды
(ненің суретін салар едіңдер әр мезгілге байланысты)
(7 минут)
|
Сергіту сәті
|
Көңілді жаттығу
(3 минут)
|
|
|
Шығармашылық жұмыс
|
Әр топ өз жыл мезгіліне байланысты сөздер жазу
(постерге жазып,сыныптастарымен ой бөлісу) (8 минут)
|
Қорытынды
Рефлексия
|
Бағалау (топ басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалайды)
-Бүгін сабақтан кейінгі көңіл күйлерің қандай? (5 минут)
|
Достарыңызбен бөлісу: |