Байланысты: Абайтану 9-с.сабак жоспары Office Word (3)
Жаңа сабақ Абай ғылымының қалыптасуы
Мағынаны тану Қазақ әдебиеттану ғылымының үлкен бір арнасы –абайтану бүгінгі күні тамырын тереңге жайған алып бәйтерекке айналған саласы. Ұлттық әдебиеттану ғылымының, қазақ әдебиеті тарихының үлкен бір саласы –абайтану –ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы, ойшылдық, қоғамдық-саяси, эстетикалық көзқарастары, имандылық мұраттары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі,сазгерлік мұрасы туралы еңбектерді қамтитын іргелі ілім. Алғаш ақынның көзі тірісінде 1889 жылы «Дала уалаяты» газетінде жарияланған екі өлеңінен бастап таныла бастаған Абай мұрасының ғасырдан аса тарихы бар. Қазақ әдебиетінің тарихында еліміздің тәуелсіздік арнасына түс- кеннен кейінгі кезеңі өзіндік даму бағытымен, көркемдік ізденіс- терімен ерекшеленеді. Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу, мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін жаңа бір қырынан, барлық салада қарастырыла бастады.Ұлы ақын мұрасын танып білуге арналған ғылыми мақалалар, монография лық зерттеулер, текстологиялық талдаулар, әртүрлі деректер саны жыл өткен сайын молығып келеді. Абай өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми мәні бар алғашқы зерттеушілердің аты-жөні мен еңбектері соңғы кезге дейін жабық саналып,Абайтанудың алғашқы кезеңі ақтаңдақ күйінде қалып келді. Абай мұрасы –Адамды адам етіп тәрбиелеудің қайнар бұлағы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы М. Құл-Мұхаммед 2012 жылғы 27 сәуірде бекіткен «Қазақстанның ішкі саясатындағы идео- логиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 42- тармағына сәйкес жалпы білім беретін ұйымдарда «Абайтану» таңдау курсын енгізу мәселесіне орай Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі No115 бұйрығымен (113-қосымша)бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің 9-11-сыныптары үшін «Абайтану» курсының типтік оқу бағдарламасын әзірледі. Жүз жылдан астам уақыт өтсе де ешбір үздіксіз, үнемі дамып, жетілу үстінде келе жатқан абайтану ғылымын одан әрі дамыта түсу –бізге қойылар басты міндет.