Бекіту Тест Бағалау Үйге тапсырма.Абайдың өлеңдерінен толық нұсқада бір-бір өлең жаттап келу
Пәні:Абайтану Сыныбы:9 Күні: 12.12.2014 ж. Сабақ тақырыбы: М.Әуезовтің Абайға қатысты зерттеулері. Сабақ мақсаты: 1Оқушыларға ұлы Абай шығармашылығының қалыптасу тарихы, оны зерттеушы ғалымдар туралы түсінік беру, 2.Абай шығармашылығына қызығушылықтарын дамыту Сабақ түрі: дәстүрлі Сабақ типі: жаңа білімді игерту Көрнекілігі: Ақын шығармашылығын зерттеушілердің кітаптары Сабақ барысы І.Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу Кезекшімен сұхбат ІІ.Үй тапсырмасын тексеру Абай шығармашылығын зерттеушы ғалымдар мен жазушылар,абайтану ғылымының қалыптасу тарихы туралы сұрау Жаңа сабақ М.Әуезовтің Абайға қатысты зерттеулері. Мағынаны тану Абайдың әдеби мұрасын жұртшылыққа танытумен ол мұраны зерттеу ісінде 30- жылдары айрықша көзге түскен жазушы, ғалым, Мұхтар Әуезовтың зерттеулері Абайтану тарихында ерекше орында тұрды. Абайдың қайтыс болуына отыз жыл толуына орай басылым көрген Абайдың тұнғыш толық шығармалар жинағы мен Абайдың ғылыми өмірбаянының қоса жариялануы М.Әуезовтың абайтану саласының негізін қалаған тарихи еңбегі ретінде қабылданды. Абай мұрасы жайында М.Әуезовтың «Абай» журналы мен «Шолпан» журналында жарияланған зерттеулік мақалалары мен «Әдебиет тарихы» кітабында ендігі жерде Абай мұрасын зерттеумен айналысу қажеттігі жайындағы ескерме пікірмен-ақ сол кезеңде Абай мұрасының бірегей білгірі деген пікір қоғамдық ойда қалыптасып қалған еді. Әсіресе, М.Әуезовтың ғылыми теориялық деңгейі биік жатқан бірегей мақаласы «Абай ақындығының айналасы» деп аталатын зерттеу мақаласы 1934 жылы «Әдебиет майданы» журналында жариялануы абайтану саласының келешек бағыт бағдарын айқындаған, көптеген күрделі проблемалардың өзекті желісін тартқан еңбек болып шықты. М. Әуезовтың ұзақ жылдар бойы сарыла еңбек етуінің нәтижесінде жарық көрген, 1933 жыл- ғы толық жинақ пен Абай өмірбаянының жазылып дайындалған тұңғыш толық жинағы болатын-ды. Ал осы тұңғыш толық жинақтың негізінде 1939, 1940 жылдары екі том болып қайта бастырылған Абай шығармаларының толық жинағына жаңа көзқарастық тұрғысынан С. Мұқановтың «Абай- халық ақыны» деген алғы сөзі мен М. Әуезовтың «Абайдың ғылыми өмірбаяны екінші рет зор толықтырулармен қайта жазылды. Бұл екі томдық толық жинақта М. Әуезовтың осы жылдардағы үздіксіз ізденістері мен зерттеулері Абайтану саласында шешуші орынға шықты. М. Әуезов Абай мұрасын ғылыми тұрғыдан танып білу жолына саналы түрде алдына ұлы мақсат қоя отырып кірісуі, негізінен Абай туралы роман жазуды қолға алған жылдарынан басталады. Осы жылдарда-ақ алдына ғылыми-творчестволық зор мақсаттар қойған тұста-ақ сегіз түрлі проблеманың аумағында жүргізілер іс-әрекеттерінің бағыт-бағдарын нақтылы түрде айқындап алған болатынды. Абайтану саласында жүрізілген ғылыми творчестволық ізденістерінің бәрі де осы сегіз түрлі проблема шеңберінде жүргізілгені бүгінде толығымен айқындалып отыр. Алдымен қолға алған зерттеу нысанының өзекті мәселесі Абайдың ғылыми өмірбаянын табиғи қалпына келтіру арқылы ұлы туындысы «Абай жолы» эпопеясында өмірбаяндық деректер негізін арқау етіп өру жолын ұстанды. Абай мұрасын танып бағалау жолында ақын мұрасының саяси әлеуметтік болмысын ашу үшін де өмірбаяндық деректерсіз қадам басу қиын болатын-ды. Абай өмірбаянын жазумен ұзақ жылдар бойы айналысумен бірге Абай мұрасының текстологиялық жағына да айрықша назар аударып, ақын шығармаларының текстологиясы жөніндегі ізденістерінің мол көрініс берген кезеңі, әсіресе, 1933 жылғы Абайдың тұнғыш толық жинағында анық байқалды. Бұрынды сонды Абай басылымдарында ұшыраспайтын көптеген өлендер мен өлең жолдары тыңнан қосылып отырылды. Әдебиеттен алғаш рет проф. Қажым Жұмалиев «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» деп аталатын докторлық диссертациясын қорғауы абайтану саласында елеулі еңбек болды. Абай шығармамалары Түркияда, Пәкістанда, Иранда, Қытайда басылды, француз, ағылшын, неміс және басқа тілдерге аударылды. Абай мұрасының бірегей білгірі академик М. Әуезовтің:«Абайды танудың басы, алғашқы адымдары революциядан бұрын басталған… Абайдың өмірі мен ортасын еңбектерінің әр алуан сипаттарын, өз шамасынша, көпшілікке мәлімдеп отырған үлкенді-кішілі танытқыш сөздерді еске алуымыз керек» – деген пікіріне сай Абай дәуірінде-ақ баспасөзде жарияланған кейбір өлеңдері мен ол туралы азын-аулақ деректердің ақын мұрасын таныту мен бағалауда елеулі мәні барлығы арнайы сөз етуді керек етеді. Бұл жолда азды-көпті еңбек етіп, Абай мұрасын танытуда, бағалауда өзіне тән үлес қосқан : Ә.Бөкейханов, Зейнелғабиден ибн Әміре әл-Жауһари әл-Омскауи, Кәкітай Ысқақов, Сұлтанмахмұт Тоайғыров, Самат Әбішұлы сияқты революцияға дейінгі қазақ қауымының қоғамдық ой-санасының демократиялық-ағартушылық бағытындағы интеллигенттер тобы еді. 1939-1940 жылдары М. Әуезов тарапынан екінші рет толықтырылып қайта басылған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының бастырылуы да жоғарғы талаптарға іспен жауап беруің нақтылы қадамдарының бірі болып табылды.