Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: «Ой қозғау», «Мағынаны тану», «Топтастыру» стратегиясы, тірек сызба, шығармашылық жұмыс, аз топтармен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, үнтаспа, плакат, кеспелер
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп отырғызу, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
2. Үй тапсырмасын сұрау. Абай қарасөздеріндегі тәлім- тәрбие мәселесі 19,25,33,37 қара сөздерінің мағынасын ашу
3. Жаңа сабақ.
Абай қара сөздері туралы түсінік бере отырып, оның қара сөз жазудағы мақсатымен таныстыру.
Абай өз шығармаларының бір алуанын қара сөз түрінде жазды.
Қара сөз – көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Қара сөздің өлеңге қарағандағы айырмасы онда сөз ырғағы еркін, онда белгілі бір өлшемдер сақталмайды. Абайдың қара сөздері қазақ әдебиетінде проза жанрының дамуына соны із салған жаңалық болды. Қазіргі заманғы проза жанрындағы роман, повесть, әңгіме, т.б. қара сөздің жан-жақты дамыған үлгілері боп табылады.
Абайдың қара сөздері өзінің көзі көрген, көңілге түйген өмір сабақтары туралы ойлары. Абай өз қарасөздерін кеңес әңгіме, философиялық ой, ақыл-нақыл, өсиет сөздер түрінде жазған. Қара сөздерінің жанрлық, стильдік ерекшеліктері ғалымдардың зерттеуінше былайша топтастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |