Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма: Абай және Пушкин шығармаларының үндестігі, тақырыбы
(ізденіс)
А.С.Пушкин
М.Ю.Лермонтов
И.А.Крылов
Пән аты: Абайтану Сыныбы: 9 Күні, айы:жылы: 10.10.2016 ж.
Сабақтың тақырыбы: Абай және А.С.Пушкин
Сабақ мақсаты:Білімділік: оқушыларға екі ақынның рухани үндестігін түсіндіру.
Дамытушылық: оқушыларға Абайдың аудармаларын оқыту арқылы тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: ұлы ақындардың мұраларын құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ақындардың суреті, слайд
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу Оқушыларды сабаққа дайындау
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Абай және Пушкин шығармаларының үндестігі, тақырыбы
(ізденіс)
ІІІ: Жаңа сабақ
Отанымыздың өткен замандағы екі ұлы ақыны - Пушкин мен Абайдың бір-бірімен творчестволық жақындығы, поэзиядағы екеуінің ақындық өнер үйлестігі ұлы орыс халқы мен қазақ халқының терең достығынан, бұл екі халықтың да алдында тұрған озат арманынан, игі нысанынан туды. Қазақ халқының қалың бұқарасы орыс халқының қалың бұқарасымен достық көзқараста болғаны, орыс халқын аға санағаны сияқты озық пікірлі орыс әдебиетін, оның Пушкин сынды данышпан өкілін Абай да өзіне үлгі, мектеп деп білді. Сондықтан Абай ақындық еңбегінің бірсыпырасын тек орыстың классик поэзиясын қазақ тіліне аударуға жұмсайды. Байрон, Гете сияқты өзге европалық елдер классиктерінен бірер өлеңді аударса, оны да Абай Лермонтовтың аудармаларынан алып қазақшалайды. Анық орыс классиктерінен Абайдың аударғандары - Крыловтың бір топ мысалдары, Пушкиннің "Евгений Онегинінен" үзінділері және Лермонтовтан жасаған көп аудармалар. Тағы бір, жалғыз өлеңді Букиннен аударған.
Абай жинағында, бөлек аттармен әр жылдарға бөлініп бастырылған аудармалардың барлық саны - қырықтың ішінде. Сол қатарда Крыловтың төрт-бес мысалы және Лермонтовтың өз шығармалары мен аудармаларынан алғанын қосқанда, одан жиырма жеті өлең аударған.
Бұл жөнінде екі түрлі пікірді ерекше көрсету жөн. Оның біріншісі - Абайдың осы аудармаларға берген бейіл, бағасы турасында, екіншісі - сол аудармалардың Абайдың өз шығармаларына еткен әсері және Абайдан кейінгі қазақтың барлық жазба әдебиетіне тараған үлкен тарихтық, мәдениеттік, ұстаздық дәстүр әсері туралы.
Біріншіден, Абай өзі сүйген орыс классиктерін кейде дәл, кейде еркін аударып отырса да, әр кезде барынша көркем, шебер өлеңнің үлгісін берген. Бұл жөнінде ақынның ізденуі кезіндегі тіл байлығы мен ірі талант, ерекше ынта, зер салуы өзгеше көрінеді. Өз өлендерін туғызуда қолданған ақындық шабыт, сыншыл ұқыптылық, тіл орамға өткір жүйріктік - барлығы да аудармалық еңбекке келгенде барынша күшімен түгел жұмсалған деуге болады. Тіпті, кейде Абайдың өзі тудырмаған тамаша нәзік, терең сырлы өлеңдер, көрікті ойлар, немесе аса өткір шанышпа мысқыл, ажуа, ащы сөздер осы аудармаларда үнемі көрініп отырады.
Рас, қоғамдық өмірдегі мін - мінездерді, қалып - құрылыстарды шенеуде Абай Пушкин мен Лермонтовтан гөрі Салтыков-Щедрин, Некрасовтардан молырақ үлгі-өнеге көрді. Бірақ сол әлеуметтік тақырыптардың өзінде де жиі кездесе беретін мұңды - сырлы жалғыздық ойларға соққанда Пушкин, Лермонтов саз - сарыны Абайдан байқалып отырады.
Ал осыдан соңғы ақындық жайындағы тақырыптарды, эстетикалық принциптерді алсақ, табиғат көркін, махаббат жайын, жеке бастың көңіл сырын, лирикасын алсақ, Абайдың ақындық шеберлігі асқан сайын оның теңеулері, көркем түрлері - бәрі де Пушкин, Лермонтовқа еліктеуден гөрі де, қайта солармен бастасып, табыса туысып бара жатқанын анық тануға болады.
Абайдың Пушкин шығармаларын өз оқушыларына жеткізуі қазақ сахарасына орыстың ұлы мәдениетінің жарығын әкеп төккендей болды. Бұл жөндегі Абай еңбегі тек әдебиеттік қана еңбек емес, ол зор кең мағынадағы ағартушылық, тарихтық, қоғамдық еңбек еді.
Пушкиннің атақты романы - "Евгений Онегинді" Абай бөлек-бөлек үзінділер түрінде аударады: "Онегиннің сипаты", "Татьянаның хаты", "Онегиннің ойы", "Онегиннің сөзі", "Онегиннің хаты", "Татьянаның сөзі", "Ленскийдің сөзі".
Әрине, мұнда Пушкин романының ерекше көп жайлары аударылмай сырт қалады. Абай ол романның ішінен тек Онегин - Татьяна арасында кезек ауысқан күшті махаббат күйлерін ғана сөз қылады. Көбінше, Абайдың аударуына хаттармен баян етілген роман қалыптанған тәрізді. Өз аудармасының соңында, Абай өз жанынан Онегинге ақырғы сөз береді. Бұл - Пушкинде жоқ еркін өзгерістің, Абайдың сөзінше дәлелденген ерекше бір түр.
Абай Онегиннің өкінішін үлкен трагедиялық ауыр ойға жеткізіп, оған өлім тілетеді. Бұл Абайдың мүлде өз жанынан қосқан хәлдері мен өзгерістері дедік.
Осылайша Пушкиннің үлкен шығармасына қазақ ақыны Абай бірталай еркіндік жасайды.
Абай Татьяна мен Онегиннің ішкі сезім сырларын ашқанда, өз қолынан келген ақындық, шеберлік, ізденушілік өнерінің бәрін жұмсайды. Абай Татьянаның тілімен қазақ қызының жүрегіне қоса тіл бітіреді, Онегиннің ойлы-қырлы өкінішімен қазақтың саналы жігіт, жас буынын үлгілі сезімдерге тәрбиелейді. Бұл жерде Абайдың аударған Татьяна, Онегині Пушкин шығармасында болған үлкен бір қасиетті ашады. Татьяна - Пушкиннің өзінде "орыс жанды" орыс қызы болумен бірге, адам баласының үлкен қасиет, зор сипаттарына ие болған жан еді.
Татьяна мен Онегин сөздерін танытқан Абай шеберлікке жету үшін неше алуан теңеуді, сирек шешендікті және өзінің оқушысы білген неше алуан керекке жарарлық түсініктерді түгел қолданады. Кейде қазақтың халықтық, тірлік теңеулерінен де мысал келтіреді
Ұлы орыс халқының мәдениетін қасиеттеген, ұлы Пушкинді құрмет тұтқан Абай оның әдебиеттегі асыл мұраларының бірі - "Евгений Онегинді" де қасиеттеп, артықша сүйіспеншілікпен аударды. Пушкин мен Абай творчествосының, олардың ой-пікірінің үндестігінен орыс халқы мен қазақ халқы арасындағы өткен заманнан келе жатқан жақындықтың, достықтың желі ескендей болады.
Достарыңызбен бөлісу: |