Тақырыпты оқыту барысында оқушыларғы «Көтеріліс тарихын оқып үйрену» атты өзіндік жұмыс тапсырамын. Содан соң оның нәтижелерін кестеге түсірген жөн. Көтерілістер тарихымен танысу көтерілсті тереңірек түсінуге көмектеседі. Ол үшін осы тақырыпты өткен кезінде оқушылар кесе ашып, оны жыл бойы толтырып отыруы керек. Оқушылардың жыл бойына жұмыс істеуін ұйымдастыруға, көтерілістердің тарихын тереңірек түсіндіруге , әр көтеріліске жеке баға бере отырып, бүкіл көтерілістің себептерін анықтауға көмектеседі. Осыдан кейін жаңа сөздерді дәптерге түсіртемін:
бүлік; көтеріліс; соғыс; революция; ұлт-азаттық көтерілістер
|
Е.Пуга-чев
|
С.Дат-ұлы
|
Исатай мен Махам-бет
|
Ж.Тіленші-ұлы
|
Қасым Абылайұлы мен Саржан Қасымұлы көтерілісі
|
К.Қасым-ұлының көтерілісі
|
Қазақтардың Орта Азия мемлекеттерімен патша үкіметіне қатрыс көтерілістері
|
Жылдар
|
|
|
|
|
|
|
|
Себептері
|
|
|
|
|
|
|
|
Басталғңан уақыты
|
|
|
|
|
|
|
|
Көтеріліс аумағы
|
|
|
|
|
|
|
|
Басшылары
|
|
|
|
|
|
|
|
Қозғаушы күштері мен ерекшеліктері
|
|
|
|
|
|
|
|
Жеңілу себептері
|
|
|
|
|
|
|
|
Тарихи маңызы
|
|
|
|
|
|
|
|
IV.Сабақты бекіту:
Оқулықтағы және Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы құжаттарды пайдалана отырып, С.Датұлының жеке басына баға беріңдер. Қалай ойлайсыңдар, халық өз көсемін не үшін құрметтеді?
Барон О.Игельстромның реформасының мәні неде? Ол өз ойын неліктен жүзеге асыра алмады?
Бағалау:
Үйге тапсырма:
С.Датұлы бастаған көтерілістің аумағын картаға түсіріңдер.
С.Датұлының шешендік қабілетін паш ететін қандай әдеби шығарманы білесіңдер? Одан үзінді келтіріңдер.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §12. XVIII ғасырдағы сауданың дамуы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды XVIII ғасырдағы сауданың дамуының ерекшеліктерімен таныстыру, оларға бұл процестің мемлекеттер арасындағы дипломатиялық экономикалық және мәдени байланыстар дамуымен тікелей байланысты екенін, оған қоса сауданың отаршылдық сипатын, базардағы тауардың сапасын және ірі сауда орталықтарының таралуын түсіндіру.
Логикалық ойлау машығын дамыту, деректерді салыстыруды, мысалы XVIII ғасырдағы сауда қатынастары мен қазіргі елдер арасындағы сауданы салыстыра отырып, өз көзқарасын қалыптастыруға үйрету;
Бірін-бірі түсінуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: коммерция, тауар-ақша қатынастары айырбас сауда, сауданың отаршылдық сипаты, жәрмеңке, өсімқор, пайда, сауда.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Сендер қазақ әдебиеті пәні бойынша Исатай мен Махамбеттің өмірбаяны жөнінде не білесіңдер?
Оқиғалар барысы.
Көтерілістер кезінде көзге түскен мына тұлғалардың қызметіне қысқаша баға беріңдер.
№
|
|
Қызметі
|
Көтеріліс кезіндегі рөлі
|
1
|
Исатай Тайманұлы
|
|
|
2
|
Махамбет Өтемісұлы
|
|
|
3
|
Нұралы
|
|
|
4
|
О.Игельстром
|
|
|
5
|
Г.А.Потемкин
|
|
|
6
|
Колпаков, Смирнов
|
|
|
7
|
Айшуақ, Жантөре
|
|
|
8
|
Ералы, Есім
|
|
|
ІІІ.Жаңа сабақты оқытудың жоспары:
Тақырып оқушыларға таныс, сондықтан сабақты еркін тәсілдермен өткізіледі. Сабақта жәрмеңке ұйымдастыру. Алдымен оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін тақырып бойынша сұрақтарды талқылау.
Мына терминдердің (карточка) мәнін түсіндіріңдер:
тұтынушыға арналған айырбас сауда; ақша сарайы, өсімқор, пайда, көпестік гильдия, өндіруші, тауар-ақша қатынасы, жәрмеңке.
Сабақ кезінде оқушыларды сауда қатынастарының ерекшеліктерімен таныстыра отырып, оқушылардың жауабына сүйеніп, төмендегі кестені толтырамыз:
Қазақстар тауар ретінде не сатты?
Сауда-саттық
.......................................................
Қайда, кіммен сауда жасады?
.......................................................
Не сатып алды (қандай тауарларға қажеттілік болды?)
Оқулықтағы мәтінді пайдалана отырып, қазақтардың көпестерден не сатып алғаны жөніндегі кестені толтырыңдар
Жоңғар хандығы
Қазақ хандығының көрші мемлекеттермен сауда қатынастарының дамуы
Ресей империясы
Қытай
Орта Азия мемлекеттері
Сабақ өткізу үшін алдан ала базардың, тауарлардың макетін, т.б. тірі сауда жасау үшін қажет атрибуттарды дайындап алу. Сабақ жәрмеңке оқушылардың сауарды сату, тиімді сатып алу секілді практикалық машықтарын қалыптастыру керек (экономикалық білім негіздері). Ірі сауда орталықтары.
IV.Сабақты бекіту:
Қазақ-орыс айырбас саудасының ерекшеліктері неде?
Негізгі сауда орталықтарын атап, картадан көрсетіңдер.
Абылай Орта жүз қазақстарының Ресеймен саудасын дамыту үшін қандай рөл атқарады?
Қазақ-қытай саудасы қандай оқиғаларға байланысты дамыды?
Бағалау:
Үйге тапсырма:
Тақыпрыпты оқып, кестені толтырыңдар.
Мемлекеттер
|
Қазақстанға әкелінген тауарлар тізімі
|
Қазщақстаннан шығарылған тауарлар тізімі
|
Сауданың маңызы мен ерекшелігі
|
Жоңғария
Ресей
Қытай
Орта Азия мемлекеттері
|
|
|
|
Сендер қазіргі ТМД елдері арасындағы сауда қатынастарының сипаты жөнінде не айта аласыңдар?
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §13. Қазақстанның XVIII ғасырдағы ғылымы мен білімі және мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
XVIII ғ. Қазақстандағы ғылымның, ағарту ісінің және мәдениеттің даму ерекшеліктері жөнінде түсінік қалыптастыру, орыс және шетел ғалымдарының ғылыми зертеулері негізінде адам өмірінде білім мен мәдениеттің қандай рөл атқаратынын көрсету;
Оқушылардың танымдық, шығармашылық көзқарастарын дамыту, жауапкершілікке, шешім қабылдауға үйрету;
Білімді үнемі жетілдіріп отыруға, мақсат қойып,оған жетуге ұмтылуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: мәдениет, ғылым, ағарту ісі, патша әкімшілігінің қазақ халқын ағарту саласындағы мақсаты, халықтың ағарту ісіне көзқарасы, шетел зерттеушілері, Қазақстанның табиғи байлығын зерттеу ісінде бұл зерттеулердің қандай маңызы болды, халықтың экономикасы мен мәдениеттің дамуы.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасын тексеру материалды игеру сапасын, қандай кемшіліктер бар екенін және оны шешу үшін не қажеттігін көрсетеді.
Кестенің толтырылуын тексеру.
Қазіргі кездегі Қазақстанның көрші елдермен сауда байланысын әңгімелеп беріңдер
Сабақ тақырыбына қатысты қандай мақалдар мен мәтелдерді білесіңдер?
ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Қазақстан аумағындағы ғылыми зерттеулер, орыс зертеушілері Қазақстан туралы.
Қазақстанды зерттеген шетел зерттеушілері.
Қазақ әдебиеті
Музыкалық өнер мен айтыс.
XVIII ғ. аяғында мектептердің ашылуы.
Сабақтың басында Қазақстанды ғылыми зерттеудің неге осы кезде басталғанын, Ресей бұл реформаны жүргізгенде алдына қандай мақсат қойғанын және оның қазақ халқы үшін қандай маңызы болғанын айтып кетемін. Сонан соң оқушылардың танымдық қызығушылығыншығармашылық машығын дамыту, ұжыммен жұмыс істеуге, өз көзқарасын қорғауға, ел алдында дұрыс сөйлеуге үйрету үшін практикалық жұмыс ұйымдастыру керек.
№1 тапсырма:
Оқулықтың 84-86-беттеріндегі «Қазақстан аумағындағы ғылыми зерттеулер», «Қазақстандағы шетелдік зерттеушілер» атты бөлімдерді оқыңдар және кестені толтырыңдар
Авторлар
|
Ғылыми еңбек
|
Не жөнінде жазылған
|
Маңызы
|
|
|
|
|
XVIII ғ. біздің еліміздің тарихын зерттеген Ресей ғалымдарының рөліне баға беріңдер.
№2 тапсырма:
Оқулықтың 86-89-беттеріндегі «Қазақ әбебиеті», «Тарихи әңгімелер», «Шежіре» бөлімдерін оқып, кестені толтырыңдар
Авторлардың аты-жөні
|
Қайда туған?
|
Шығаманың аты
|
Шығарманың тақырыбы
|
Автордың қай шығармасы сендерге «Қазақ әдебиеті» курсынан таныс?
|
Күйші әрі ақын Байжігіт
|
|
|
|
|
Абылай хан
(1711-1781)
|
|
|
|
|
Ақтамберді жырау
(1675-1768)
|
|
|
|
|
Тәттіқара
|
|
|
|
|
Үмбетей жырау (1706-1778)
|
|
|
|
|
Бұқар жырау (1684-1781)
|
|
|
|
|
Тілеп Аспантайұлы (1757-1820)
|
|
|
|
|
№3 тапсырма:
XVIII ғ. аяғындағы қазақ музыка өнерінің даму ерекшеліктері жөнінде хабарлама дайындау.
«Музыка өнері»:
Қазақтың музыкалық аспаптары
Өлеңдер, күйлер, айтыстар
Белгілі қазақ орындаушылары
№4 тапсырма:
XVIII ғ. аяғында мектептердің ашылуы
Бөлімін оқыңдар. Сыныпта ұжымдық талқылау өткізу үшін сұрақтар дайындаңдар.
IV.Сабақты бекіту:
XVIII ғ. Қазақстан аумағын зылыми зерттеудің рөлі мен маңызына баға беріңдер.
Қазақстанды қай елдің ғалымдары зерттеді?
XVIII ғ. қазақ ақын-жазушыларының есімдерін атаңдар. Олардың шығармаларының тақырыптары.
XVIII ғ. қазақ музыка өнерінің дамуы жөнінде не айта аласыңдар?
Бағалау:
Үйге тапсырма:
Өз отбасыңның шежіресін дәптеріңе жазып кел. Олардың ішінде белгілі билер, батырлар, музыканттар, емшілер бар ма?
Олар жөнінде қысқаша хабарлама жазыңдар.
Тарихи әңгіменің ерекшелігін түсіндіріп беріңдер.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 14. Дәстүрлі билер соты.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды XVIII ғ. Қазақстандағы дәстүрлі билер сотының ерекшеліктерімен таныстыру, оның қазақ қоғамындағы рөлі мен маңызын ашу, патша үкіметінің өзіне бағынышты аумақтағы билер сотына деген көзқарасын түсіндіру;
Негізгі деректермен жұмыс, оқушылардың өзіне қажетті ақпараттар алу машығын қалыптастыру және талдау жасап, қорытынды шығаруға үйрету.
Оқушыларды заңды құрметтеуге және заңдылықты зақтай білуге , әділ болуға, ар-намыс, міндет сөздерін түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: кеңес, дәстүрлі билер соты, ант беру, құн, айып, барымта, қылмыс пен жазаның түрлері, үкім кесу соты, заң және оның қазақ қоғамы өміріндегі рөлі.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Билер соты және оның қазақ қоғамы өміріндегі орны.
Жазалаудың түрлері
Патша үкіметінің билер сотының өкілеттігін шектеуі
Сабақ түсіндірмес бұрын оқушылардан төмендегі терминдердің мағынасы туралы сұрап алу:
Сабақ тақырыбы өте қызықты және оқиғаларға толы, ол сабақты оқытуға шығармашылқпен қарауды талап етеді. Бұл жерде оқулықтағы және Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы деректер бойынша өзара сұрақ-жауап түрінде жарыс ұйымдастыруға болады.
Құжаттар:
«Қазақ билері мен билер соты туралы»
«И.Крафт. Қазақ билері туралы»
«Ш.Уалиханов. Қазақстаң билер соты туралды»
1-топқа тапсырма:
- құжаттарды, оқулықтағы тақырыпты оқып, мына сұрақтарға жауап дайындаңдар.
- Қазақстарда кім би бола алады?
- Биде қандай қасиеттер болуы керек?
-Сотқа шақыру тәртібі қалай болады және куә ретінде кімдерді қатыстырды?
2-топқа тапсырма:
- Тақырыпты оқып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап дайындаңдар.
-Сотта қандай мәселелер қолданылады?
- Неліктен патша үкіметі Қазақстандағы билер сотын алдымен шектеп, кейіннен мүлдем тыйым салады?
Жауаптарды тыңдағаннан кейін, қорытынды жасау.
IV.Сабақты бекіту:
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының қорытындысын шығарғаннан кейін, осы жауаптар негізінде салыстырмалы толтыру:
XVIII ғ. қазақтардың дәстүрлі билер соты
|
|
Қазақстан Республикасындағы билер соты
|
|
Сотқа кандидаттарға қандай талаптар қойылады?
|
|
|
Сот сайлау үрдісі қалай жүреді
|
|
|
Сот жүйесінің
құрылымы
|
|
|
Сотта қандай мәселелер қаралады
|
|
|
Сот билігінің рөлі мен маңызы
|
|
Сенің ойыңша билер сотының басты артықшылығы неде?
Билер неліктен өз беделін жоғары ұстады?
Билерді ресми сайлау мен тағайындаудың қандай қаупі болды?
Бағалау:
Үйге тапсырма:
Билердің шығу тегі мен қалыптасуы жөнінде әңгіме құраңдар.
Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, белгілі қазақ билерінің қызметі, тапқырлығы, шешендік сөздер жөнінде әңгімелеңдер.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты:
Қазақстанның ХҮІІІ ғасырлардағы әлеуметтікэкономикалық және саяси дамуы атты І білім материалдарын қайталай отырып,
оқушылардың І,ІІ тоқсандағы алған білімдерін пысықтау, белсенділігі жоғары білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау
Әдісі: интерактивті, сұрақ жауап
Көрнекілігі: карта, сызбалар, кесте, суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау «Хабар»
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Билер соты және оның қазақ қоғамы өміріндегі орны.
Жазалаудың түрлері
Патша үкіметінің билер сотының өкілеттігін шектеуі
ІІІ.Жаңа сабақтың жоспары:
Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы
ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
Жоңғар шапқыншылығы
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі
ХҮІІІ ғасырдың алғашқы үштен біріндегі қазақ-орыс қатынастары
Кіші жүздің Ресейге қосылуы
Қазақ қалмақ қатынастары
Абылай ханның билігі тұсындағы Қазақ хандығы
Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттыққозғалыс
ХҮІІІ ғасырдаңы сауданың дамуы
Қазақстанның ХҮІІІ ғасырдағы ғылымы мен білімі және мәдениеті
Дәстүрлі билер соты.
IV.Сабақты бекіту:
Оқушылар өзін-өзі бағалайды.
Үй тапсырмасы: Қайталау
Достарыңызбен бөлісу: