Ыбырай
Алтынсарин
(1841-1889)
Экономикалық көзқарасы
Қоғамдық-саяси қызметі
Ғылыми және әдеби қызметі
Ағартушылық көзқарасының қалыптасуы
Педагогикалық қызметі
Алтынсариннің педагогикалық қызметіне сипаттама бере отырып, оның облыс губернаторына тәуелді болғандығын, ол тәуелділіктің ағартушылық жұмыстарын кеңінен өрістетуге кедергі келтіргенін айтып өтеміз. Ы.Алтынсарин өлкеде көп салалы білім беру ісін қолдады, қыздарға арнап тұңғыш мектептер ашты, қазақ балаларына оқулықтар мен оқу құралдырын жазды.
IV.Сабақты бекіту:
304-беттегі құжатпен жұмыс. Құжат бойынша қойылатын сұрақтар:
Ы.Алтынсариннің адамгершілік қасиеттері.
Ол өмірде қандай адам болды?
Ы.Алтынсарин өмір сүрген кезеңге жалпы сипаттама беріңдер.
Бағалау:
Үйге тапсырма:
Параграфты оқып шығып, 304-беттегі сұрақтарға жауап беріңдер.
«Кел , балалар, оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдерін оқып шығып, оған талдау жасаңдар (ағартушының өлеңдерін пайдалана отырып, оқушының оқу, білімге деген ынта-жігеріне қозғау салу, патриоттық тәрбие беру).
Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, мына тақырыпта деректер жинаңдар:
«Ш.Уәлиханов-қазақ халқының аса көрнекті ғалымы». «А.Құнанбаев- қазақ халқының ұлы ақыны».
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 44. Ғылыми мекемелер мен ғылыми-зерттеу жұмыстары
Сабақтың мақсаты:
Орыс және шетел ғалымдары мен қазақ зиялыларының қазақстан тарихын, мәдениеті мен тұрмысалтын зерттеген еңбектерімен таныстырып, ол еңбетердің қазақ халқының саяси, экономикалық өмірі мен материалдық мәдениетін, өткен тарихын зерделеуге қосқан үлесіне тоқталу;
Қазақ өлкесін зерттеген ғалымдардың еңбектері туралы айта отырып, оқушыны білімге, ғылымға қызықтыру;
Білім мен ғылым қашан, қай кезде болса да адамға өте қажет екенін түсіндіре отырып, оқушыларды білімді азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Негізгі ұғымдар: ғылым, ғылыми зерттеулер, экспедиция мақсаты, ғылыми жұмыстың бағыттары.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Оқушылардан Ы.Алтынсариннің шығармалары жайлы пікірлерін сұрастырып, бүкіл сыныпқа пікірталас үшін жалпылама сұрақ қойылады:
Білім адамды өмірде үлкен жетістіктерге жеткізе ала ма? Келтірілген нұсқалардың бірін пайдалана отырып, өз пікірлеріңді дәлелдеңдер.
Бүгінгі білім беру ісінің маңызды проблемасы қоғам мен әрбір азаматтың алған блімінін тиімді пайдалана білуінде болып саналады.
Дәйекті білім деңгейі қоғамды прогресспен салауатты өмірге жетелейді.
Білім дәрежесі қоршаған әлеуметтік мәдени ортамен тығыз байланысты.
ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеудегі рөлі. Г.Потанин, Ә Диваев
Орыс ақын-жазушылары Қазақстан туралы. А.С.Пушкин, В.И.Даль.
Саяси жер аударушылардың Қазақстанды зерттеуге қатысуы. А.Н.Плещеев, А.Янушкевич, С.Гросс.
Украин халқының ұлы ақыны Т.Г.Шевченко.
Қазақстан аумағындағы кешенді зерттеулер мен ғылыми мекемелер.
Қазақстанды зерттеуші қазақ ғалымдары. Ш.Уәлиханов, М.Шорманов, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.С.Бабажанов, М.Ж.Көпейұлы, М.Қарабаев, Х.Досмұхамедос, ағайынды Сейітовтер және т.б.
Қазақстанның Ресей империясына қосылуы өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғана әсер етіп қойған жоқ, ағарту, оқу-білім ісінің жағдайына да әсер етті. Жергілікті түрғындардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері мен мәдениетіне жаңалықтар енгізілді. Қазақ-орыс қарым –қатынастарының жаңа деңгейге көтерілуі өлкені зерттеуге серпін берді, дала өлкесінің табиғи байлығын игеруге шешуші қадам жасала бастады. Қазақстан және қазақ халқы жайлы аңыз-әңгімелер мен мұрағат деректерін және т.б. материалдарды жинастырып, сұрыптау жұмысы қолға алынды. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде өлкені зерттеуге айрықша мән берілді. ХІХ ғасырдың 80- жылдарында әрбір облыста статистикалық комитеттер құрылды. Олар қазақ халдықын тарихы мен мәдениеті, қоғамдық-саяс, әлеуметтік құрылымы, экономикалық жағдайы, халық шаруашылығы туралы материалдар жинастырумен, бір жүйеге түсіріп, оларды мақалалар жинағы мен кітіп етіп басып шығарумен айналысты. Қазақстан аумағында ғымыли мекелер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысымен оқушыларды жан-жақты таныстырып өтеді. Оқушылар дәптерлеріне қажетті даталар мен мағлұматтарды жазып алып, кесте толтырады.
«Қазақстандағы ғылыми зерттеулер»
(Қазақстанды зерттеуші орыс және шетел ғалымдарымен саяси жер аударылғандар)
Зерттеушілер
|
Қазақстанда қандай оқиғаларға байланысты болды?
|
Ғылыми еңбектері
|
Зерттеушілік бағыттары (не туралы жазды?)
|
|
|
|
|
Өлкені зерттеуші қазақ ғалымдары жайлы өздігінен іздену жұмысы тапсырылады. Алдын ала ізденіс үшін берілген тапсырмалар бойынша оқушыларға сұрақ қойып, ойландыру арқылы білім деңгейлері дами түседі.
Оқушылардың ізденіс нәтижелеріне қорытынды жасалғаннан кейін, оқушының жаңа материалды қаншалықты меңгергендігін байқап көріп, жетістіктерін бағалап, ынталандырып тыруға болады.
№1 тапсырма:
«Қазақстанды зерттеуші қазақ ғалымдары».
Оқулық пен хрестоматиядағы материалдарды пайдалана отырып, төмендегі кестені толтырыңдар:
Зерттеушілер
|
Қысқаша өмірбаяны
|
Еңбектері
|
Зерттеу бағыттары(не таралы жазды?)
|
|
|
|
|
Бағалау:
Үйге тапсырма:
Параграфты мұқият оқып шығыңдар, қазақстандағы ХІХ ғасырдың бірінші жартысы мен ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ғылыми зерттеулердің жалпы мазмұны мен ұқсастықтары жайлы кесте толтырыңдар.
Қазақстандағы ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ғылыми зерттеулер
|
Ұқсастықтары мен айырмашылықтары
|
Қазақстандағы ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ғылыми зерттеулер
|
|
|
|
Оқулықтың 313-314-беттеріндегі құжатпен жұмыс. Құжат бойынша қойылатын сұрақтар:
Г.Потанинның ойынша қазақ зиялыларының бірігуіне не кедергі келтірді?
Автор қазақтың оқыған білімді азаматтарын неге шақырды?
Халықтың аңыз-әңгмелерін жинаудыңжергілікті қазақ зерттеушілері үшін жеңілдігі неде?
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 45. Шоқан Уалханов-қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдысына сүйене отырып, олардың тарихи ойлау (есте сақтау) қабілетін үнемі жетілдіре түсу, өздігінен білім алуға, ізденулеріне жағдай жасау;
Сол кездегі ғылымның дамуына үлес қосқан адамдар туралы баяндау барысында оқушыларды рухани білімділікке, еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасының орындалуын тексеру:
Құжаттармен жұмыс;
Кестенің толтырылуы.
ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Шоқан Уәлихановтң балалық және жастық шағы.
Омбыда оқыған жылдары
Ғалымның ғылыми зерттеулері
Ш.Уалихановтың Қазақстан тарихындағы орны.
Тақырып оқушыларға «Қазақстанның физикалық географиясы» пәнінен жақсы таныс. §43. «Ы.Алтынсарин-қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы» сабағында да оқушыларға Ш. Уәлихановқа қатысты тапсырмалар берілген болатын. Оқушылардың бұған дейінгі алған білімдеріне сүйене отырып, сабақты семинар түрінде өткізуге болады. Жаңа тақырыпты оқушылардың тереу меңгерулері үшін сабақты мына жоспар бойынша өткіземіз:
Шоқан Уәлихановтң балалық және жастық шағы.
Омбыда оқыған жылдары
Ғалымның ғылыми зерттеулері
Ш.Уалихановтың Қазақстан тарихындағы орны.
Оқушылар Ш.Уәлихановтың өмірінің негізгі кезеңдері жайлы даталарды толтырады:
1835 жылы-
1847 жылы-
1853 жылы-
1857-1859 жылдары
1860 жылы-
1859-1861 жылдары-
1864 жылы-
1865 жылы-
Ш.Уәлихановтың замандастары-ғалымдар, жазушылар оның еңбегін жоғары бағалады. Ш.Уәлиханов-қазақтың ғұлама-ғалымы. Түркістан мен Қазақстнды, Орта Аия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуші. Ол аз ғана 30 жылдық ғұмырында ұлы істер тындырып кетті. Қазақ халқының тарихы мен оның тұрмысын ғылыми тұрғыда терең зерттеудің негізін салды. Ш.Уәлиханов Шығыс Түркістанға сапары кезінде ұлан-ғайыр материалдар жинады: әсіресе оның қарындашпен салған суреттерінің маңызы зор. ШүУәлихановтың ғылыми мұрасы Қазақстан және Ресей халықтары тарихының күрделі проблемасын қамтыды. Шоқан Уәлихановтың қызметіне Орыс географиялық қоғамы мен Ресей ғалымдарының атынан баға беріп келіп, шығыстанушы ғалым, академик Н.Веселовский былай деп жазды: «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды. Орыс ориенталистері оны ілуде біркездесетін ғажайып дарын иесі деп таныды және одан түркі халықтарының тағдыры жөнінде ұлы да маңызды жаңалықтар ашады деп күткен еді».
IV.Сабақты бекіту:
Шоқанның туып-өскен жері туралы не білесіңдер?
Шоқанның тұлға ретінде қалыптасуына қоршаған ортаның, туысқандарының, әлеуметтік жағдайдың, туған табиғатының, өз кезеңінің алдыңғы қатарлы азаматтарымен достасуының әсері болды ма? Нақты жауап беріңдер.
Шоқанның мінез-құлқы туралы не білесіңдер? Өзіңе оның қандай мінезін үлгі етіп алар едің?
«Шоқан өз халқының нағыз патриоты болды» «Патриот» ұғымын қалай түсінеіңдер?
«Шоқан Уәлиханов мол ғылыми мұра қалдырды. Ол Орталық Азия халықтарын зерттеуге зор үлес қосты, оны шығыстанушы-ғалым ретінде шетелдік ғалымдар толықтай мойындады».Бұл тұжырымды нақтылай түсетін мысалдар келтіріңдер.
Бағалау:
Үйге тапсырма:
§45-ты оқып шығып, мына сызбаны толтырыңдар:
Өмір сүрген жылдары-
Мінез құлық ерекшеліктері-
Ғылымға бейімділігі-
Қайда оқыды-
Кімдермен достасты?
Қазақ халқының саяси және экономикалық жағдайы туралы көзқарасы-
Ғылыми зерттеулері және олардың маңызы-
Ғалымны ғылыми мұрасы-
Терминдермен жұмыс:
Ағартушы
Декабристер
Корнет
Адъютант
Кумир
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 46. Қазақ поэзиясы мен музыка өнері
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға қазақ поэзиясы мен музыкасы жайлы түсінік қалытастыру. Халықтың ән-күйі мен әдебие шығармашылығы тәуелсіздік, адамгершілік, адалдық, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеді;
Оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру, есте сақтау, сөйлеу мәнерін дамыту, тарихи оқиғаға өзіндік көзұ\қарасын білдіре алуға үйрету.
Үй тапсырмасының сұрақтары параграфтың соңында берілген.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Қазақ әдебиеті
М.Өтемісұлының шығармашылығы. ХІХ ғасырдың 40-60- жылдарындағы поэзия өкілдері.
Дәулескер күйші.
Айтыс өнері.
Әдебиет пәні мұғалімі оқушыларды қазақ музыканттары мен ақын-жырауларының өмірі және шығармашылығымен таныстырады. Әдеби туындылардың мазмұнына талдау жасап, түрлі әдеби жанрларға түсініктеме береді. Күрделі шығармалардан үзінділер келтіреді.
Музыка пәні мұғалімі ұлттық музыкалық аспаптар жайлы сыр шертеді. Олардың үрлерімен таныстырып, ұлттық аспаптардың түрлі түсті суреттерін көрсетіп өтеді. Сабақты алдын ала әзірлеген сұрақтар бойынша еркін әңгімелеу түрінде өткізген жөн. Мұғалім әңгіме барысында оқушылардың ақындар, жыршы-жыраулар мен күйшілер жайлы білімдеріне сүйенеді. Одан рі оқушыларды бірнеше топқа бөліп тақырып материалдыры бойынша тапсырма беруге болады. Мұғалім оқушылардың топтарға бөлініп жұмыс істеуі барысында олардың жаңа тақырыпты қалай меңгергендіктерін қадағалап отырады. Егер оқушылар тапсырмаларын сыныпта аяқтай алмай қалса, үде бітіріп келулеріне болады. Сабақ үстінде оқушылардың еркін шығармашылық көңіл күйін қалыптастыру үшін, олардың жас және психологиялық ерекшеліктерін, білімге деген белсенділік деңгейін әрдайым есте ұстаған жөн. Музыкалық туындылардан үзінділер келтірсе, оқушылардың қызығушылығын туғызатыны сөзсіз.
Тапсырма: Тақырыпты оқып шығып, мына сұрақтарға жауап беріңдер:
Суырыпслма ақындар дегеніміз кімдер?
Ақындардың қоғам өміріндегі рөлі қандай?
Олар халық алдындағы өз міндеттерін қалай түсінді?
Қазақ айтыс өнердің ерекшелігі неді?
IV.Сабақты бекіту:
Бүгінгі таңда біздің елімізде мәдениеттің түрлі бағыттарын дамытуға ерекше мән беріледі. Күнделікті баспасөз беттерімен теледидардан мәдениет қайраткерлері туралы айтылып жатады. Солардың қатарынан әйгілі айтыскер ақындардан кімдерді білесіңдер? Олардың шығармашылығы туралы не айта аласыңдар?
«Аламан айтыс» хабары туралы пікірлерің қандай?
Бүгінгі әйгілі музыканттардан кімдерді білесіңдер? Олардың қандай әндері ерекше ұнайды?
Бағалау:
Үйге тапсырама:
Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, елемізге белгілі музыканттар мен ақындар туралы буклеттер дайындап келіңдер.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 47. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығына тоқталып, бүгінгі ұрпаққа Абайдың поэзияда, музыкада, қоғамдық-азаттық ой-пікір саласында қалдырған өлмес-өшпес шығармаларымен таныстыру;
Абай Құнанбаевтың шығармашылығының тарихи маңызы жайында жан-жақты әңгімелей отырып, оқушыларды әдебиет пен өнерді сүюге, рухани ескерткіштерге құрметпен қарауға тәрбиелеу;
Оқушылардың ұлтытық рухани мәдениетіне, әдебиеті мен өнеріне деген ынтасын артыру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Қазақ қоғамының қандай проблемалары әдебиеттен көрініс тапсы?
Параграфтың соңында берілген сұрақтар бойынша үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ.Жаңа сабақты оқытудың жоспары:
Ақынның балалық шағы.
Орыстың озық ойлы зиялыларымен қарым-қатынасы.
Абай – ақын, данышпан ойшыл.
Абай және халық ағарту ісі.
Абай аудармалары.
Абай Құнанбаевтың Қазақстан тарихындағы орны.
Жаңа тақырыпты аралас сабақ түрінде өтуге болады. Оқушылар ұлы ақынның өмірі және шығармашылығымен жақсы таныс екені берлігі. Сондықтан сабақты әңгіме түрінде өткізген жөн. Абай есімі жер жүзі халықтары үшін Шекспир, Гете, Пушкин есемдерімен қатар тұр. Оның асыл сөздері тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасына айналды. Ақын таланты мен еңбегіне деген үлкен құрмет-1995 жылы ЮНЕСКО шешімімен Абайдың туғанына 150 жыл толуының әлемдік деңгейде тойлануы болды. Бұл дүние жүзі халықтарының ұлы ақынға, оның мәңгі жасайтын шығармаларына бас июі еді. Оқушыларға осы мерейтойдың қалай өткені жайлы айтып беріп, кесте толтырамыз:
Абайдың өлеңдері
|
Бағыты
|
Қысқаша мазмұны
|
Өз пікірің
|
|
Туған өлке табиғаты туралы
Халықтың өмірі туралы
Жастар туралы
Еңбек туралы
Оқу-ағарту, білімнің пайдасы жайлы
Аудармалары
Ел билеушілері жайлы
|
|
|
Абай қаламынан өлеңдермен қатар, қара сөзбен жазылған ғибратты, «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» дастандары дүниеге келді. Абайдың мол мәдени мұрасында аудармалары елеулі орын алады. Абайдың мұрасы қазақ мәдениеті мен әдебиеті тлінің дамуына үлкен ықпал жаады.
IV.Сабақты бекіту:
Абайдың дүниетанымдық көзұ\қарасының қалыптасуына қандай фаторлар жағымды әсер етті?
Абай орыстың озық ойлы интеллигенция өкілдері және саяси жер аударылғандармен қандай қарым-қатынаста болды?
Патша әкімшілігі ұлы ақынды неліктен саяси сенімсіз деп тауып, оған бақылау орнатты?
Орыс және қазақ ақындарына тән ортақ тақырыптарды атаңдар.
Абай шығармаларының бүгінгі таңдағы маңызы қандай? Өз жауаптарыңа дәлел келтіріңдер.
Бағалау:
Үйге тапсырама: § 47. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 48. Патша үкіметінің діни саясаты.
Сабақтың мақсаты:
Патша үкіметінің Қазақстандағы діни саясатының ерекшеліктерін, оның отаршылдық сипатын ашып көрсту;
Діннің қоғамдағы орны мен қызметі туралы оқушылардың ой-пікірлерін, көзқарасын қалыптастыру;
Оқушылардың рухани дүниесін дамыту, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: патша үкіметінің діни саясаты, миссионерлік іс-әрекет, қазақ қоғамының Ресей әкімшілігінің діни саясатына қарсылығы, вакуф, мүфти, неофит, ректут.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы» тақырыбы бойынша тест сұрақтарына жауап беріңдер.
ІІІ.Жаңа сабақты оқытудың жоспары:
Қазақстардың діні мен діни әдет-ғұрыптары.
Патша үкіметінің XVIII ғасырдағы ислам дініне қатысты саясаты.
Патша үкіметінің ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ислам дініне қатысты саясатының өзгеруі
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі миссионерлік іс-әрекеттің күшеюі.
Қосымша сұрақтар:
(Тарих пәні курсының 6-7-сыныптарында өткен тақырыптар бойынша.)
Дін дегеніміз не?
Діннің пайда болуы неге байланысты?
Ежелгі дүние тарихы пәнінен қандай әлемдік діндерді білесіңдер?
Әлемдік діндер мен оның негізін қалаушыларды, қасиетті кітаптарды атаңдар.
Қазақстан аумағында орта ғасырларда қандай діни наным-сенім орнады?
Қазақстанның Ресейге қосылу қарсаңындағы қазақтардың діни наным-сенімі қандай болды?
Патша үкіметі қазақ халқының діни сауатын ашу мен мұсылман дініне қатысты қандай саясат ұстанды.
Қазақ халқы ислам дінінің сунниттік бағытын ұстанды. Патша үкіметі өлкеге орталықтан шаруаларды көптеп қоныс аударып, жегілікті тұрғындардың әлеуметтік-шаруашылық және рухани өміріне қысым жасады. ХІХ ғасырдың басынн бастап отаршыл әкімшілік қазақ халқын шоқындыруға кірісе бастады. Бұл әрекет әрине қазақ халқы тарапынан үлкен қарсылық тудырды. Тіпті қарулы қақтығыстарға дейін жетті. Өлкедегі патшалық Ресейдің діни саясатының мазмұнын ұғынуға мүмкіндік беретін хрестоматиялық деректерден үзінділер келтірген жөн. Оқушылар құжат материалдарынан патша үкіметінің қазақ халқын шоқындыру арқылы орыстандыру саясатының мәнін түсіне алады
Патша үкіметінің ислам дініне қатысты саясаты туралы кесте толтырамыз:
Мақсаты, іс-шаралары, нәтижелері
|
Патша үкіметінің XVIII ғасырдағы ислам дініне қатысты саясаты.
|
Патша үкіметінің ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ислам дініне қатысты саясатының өзгеруі
|
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі миссионерлік іс-әрекеттің күшеюі.
|
Патша үкіметінің бұл саясаты қандай мақсатты көздеді?
|
|
|
|
Дін саясатын жүзеге асыру үшін қандай іс-шаралар қолданылды?
|
|
|
|
Патша үкіметі жүргізген дін саясатының нәтижелері мен маңызы қандай болды?
|
|
|
|
IV.Сабақты бекіту:
Қазақ халқының діни наным-сенімдерінің қандай өзіндік ерекшеліктері бар?
Қазақ халқының өмірінде діннің маңызды орын алған фактісін немен түсіндіруге болады?
Халықтың кейбір жерлеу дәстүрлерінің бүгінгі күнге дейін өзгеріссіз қалу себептері неде деп ойлайсыңдар?
Қазақ халқының қандай діни әдет-ғұрыптарын білесіңдер?
Патша үкіметі ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы дін саясатына қандай оқиғаларға байланысты өзгерістер енгізді?
Қырғыз миссиясы Семей облысы аумағында немен айналысты? Қазақ халқы патша үкіметінің дін саясатына қалай қарады?
Бүгінде біздің елемізде түрлі діни ағымдар ірекет етеді. Мемлекетіміздің дін саясаты туралы не айта аласыңдар?
Діннің қоғам өмірінде атқаратын рөлі қандай?
Үй тапсырмасы:
Оқулықтың 339-бетіндегі құжатпен жұмыс.
Сұрақтар:
Автордың пікірі бойынша қазақтар арасында христиан дінін таратушы миссионерлердің қызметіне ең басты кедергі болған не нәрсе еді?
Қазақтар христиан дінін қабылдаған адамдарға қалай қарады?
Бағалау:
Үйге тапсырама: § 48. Патша үкіметінің діни саясаты.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ
Сабақтың мақсаты:
8-сыныпта өтілген материалдарты толығымен қайталата отырып, жыл бойында алған білімдерін пысықтау, белсенділігі жоғары білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау
Әдісі: интерактивті, сұрақ жауап
Көрнекілігі: карта, сызбалар, кесте, суреттер
Сабақтың барысы:
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау «Хабар»
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Қазақ халқының діни наным-сенімдерінің қандай өзіндік ерекшеліктері бар?
Қазақ халқының өмірінде діннің маңызды орын алған фактісін немен түсіндіруге болады?
Халықтың кейбір жерлеу дәстүрлерінің бүгінгі күнге дейін өзгеріссіз қалу себептері неде деп ойлайсыңдар?
Қазақ халқының қандай діни әдет-ғұрыптарын білесіңдер?
Патша үкіметі ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы дін саясатына қандай оқиғаларға байланысты өзгерістер енгізді?
Қырғыз миссиясы Семей облысы аумағында немен айналысты? Қазақ халқы патша үкіметінің дін саясатына қалай қарады?
Бүгінде біздің елемізде түрлі діни ағымдар ірекет етеді. Мемлекетіміздің дін саясаты туралы не айта аласыңдар?
Діннің қоғам өмірінде атқаратын рөлі қандай?
Қайталанатын материалы:
Қазақстанның ХҮІІІ ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуы
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.
Қазақстанды Ресей империясына қосудың аяқталуы.
Қазақтардың ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы дәстүрлі мәдениеті мен шаруашылығы
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан
Қазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі мәдени өмірі
IV.Сабақты бекіту:
Бағалау: Жылдық қорытынды балағаларын қою. Оқушылар өзін-өзі бағалайды.
Үй тапсырмасы: Өткен материалдарды қайталау
Достарыңызбен бөлісу: |