Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты



бет7/9
Дата05.11.2016
өлшемі1,59 Mb.
#1048
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 33. Қазақстан аумағындағы қалалар.

§ 34. Сауда. Жәрмеңкелер /2 сағат/



Сабақтың мақсаты:

  • Қазақстан қалаларының даму тарихы, олардың қазақ халқының саяси, экономикалық, сауда-саттық өміріндегі алатын орны, сауда қатынастарының даму ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру;

  • Практикалық жұмыс машығын, талдау және қорытынды жасай алу біліктілігін жетілдіру, оқушылардың эстетикалық талғамын, сөйлеу мәдениетін дамыту, тарихи карталармен жұмыс істей білуге үйрету;

  • Мақсат қоя білуге, қиыннан жол таба білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: сауда капиталы, ішкі нарық, сауда айналымы, айырбас сауда, алым-салық, негізгі сауда орындары, тауар, ақша баламасы, сауданың отаршылдық сипаты, жәрмеңкелердің әлеуметтік мәдени қызметі.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Шаруаларды Қазақстанға қоныс аударудың негізгі себептерін атаңдар.

  • Қоныс аудару ісін жылдамдату себебі неде?

  • Столыпиннің аграрлық саясатының мәнін түсіндіріңдер.

  • Қазақстанға шаруалардың жаппай ағылуының салдары қандай?

  • Қоныстанушылардың негізгі шаруашылық түрлерін атаңдар.

  • Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет. Біздің еліміздегі халықтар арасындағы қарым-қатынастар туралы не айта аласыңдар?

  • Отан, достық, өзара көмек, бірлік жөнінде мақал-мәтелдер келтіріңдер.

ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:

  1. Қазақстанның солтүстік-батысындағы қалалардың даму ерекшеліктері (Орал, Гурьев).

  2. XVIII ғ. негізі қаланған қалалар.

  3. ХІХ ғ. 1-жартысында әскери бекініс ретінде салынған қалалар.

  4. Қазақстанда шаруаларды қоныс аудару кезінде салынған қалалар.

  5. Жетісу мен Оңтүстік қазақстан қалалары

  6. ХІХ ғ. сауда сипатының өзгеруі.

  7. Орта Азиямен керуен саудасы.

  8. Алыпсатарлық және жәрмеңке саудасы.

  9. Жәрмеңкелердің әлеуметтік-мәдени қызметі. Тұрақты сауда

  10. Шетелмен сауда

  11. Қазақстанда көлік қатынасының дамуы.

Оқулық пен хрестоматия материалдарына сүйене отырып, картамен практикалық жұмыс жасау.

Сабақтың 1-кезеңі- XVIII-ХІХ ғ. Қазақстан аумағындағы қалалардың географиялық орналасуы және олардың салыну тарихы.

№1 тапсырма. Оқулықпен жұмыс.


  • Мәтінді оқып шығып, картадан Қазақстанның солтүстік- батысындағы қалалар мен XVIII ғасырда салынған қалаларды көрсетіңдер.

  • Қаланың қысқаша тарихын мына жоспар бойынша жазыңдар:

  • Қаланың салыну тарихы

  • Орналасқан жері

  • Қалалықтардың кәсібі

№2 тапсырма. Оқулықпен жұмыс

  • Мәтінді оқып шығып, ХІХ ғасырдың 1-жатрысында әскери бекініс ретінде салынған қалаларды картадан көсетіңдер.

  • Қаланың қысқаша тарихын мына жоспар бойынша жазыңдар:

  • Қаланың салыну тарихы

  • Орналасқан жері

  • Қалалықтардың кәсібі

№3 тапсырма: Оқулықпен жұмыс

  • Мәтінді оқып шығып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан қалалары мен шаруаларды қоныс аулару кезінде салынған қалаларды картадан көрсетіңдер.

  • Қаланың қысқаша тарихын мына жоспар бойынша жазыңдар:

  • Қаланың салыну тарихы

  • Орналасқан жері

  • Қалалықтардың кәсібі

  • Оқушылардың жұмыс нәтижелерін талқылағаннан кейін төмендегідей сұрақ қоюға болады:

  • Сендер өз қалаларыңның салынуы туралы не білесіңдер?

Сабақтың 2-кезеңі – «ХІХ-ХХ ғ. аралығындағы сауданың дамуы». Капитализмнің дамуы өлкенде сауда қатынастарының өркендеуіне, ішкі сауданың қалыптасуына, сауда капиталының күшеюіне алып келді. Өлке экономикасы әркелкі дамыды. Қазақтардың ең басты тауары мал мен оның өнімдері болды. Темір жолдарының пайда болуына байланысты тауар айналымы өсті. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. бас кезінде Қазақстанда сауданың бірнеше түрі болды. Алдымен төмендегі терминдердің мағынасын түсіндіру керек:


Керуен саудасы




Алыпсатарлық

алыс ауылдары аралап жүріп алыпсатарлықпен айналысатындар, сапасы төмен тауарларды малға айырбастады.


Жәрмеңке

Айырбас сауданың ірі бекеттері жәрмеңкелік сауда орталықтарына айналды, сауда орындары қалаларда ғана емес, гарнизондарда, станицаларда, темір жол бекеттерінде де ашылды. Анағұрлым ірі әрі белгілілері Семей облысы қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі (оны Ботов жәрмеңкесі деп те атайды). Қарқаралы жәрмеңкесі.

Шет елмен сауда

Шекаралық аудандарда Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономиклық байланыстар нығайды.

Сауда орталықтары- Омбы, Петропавл, Семей, Верный, т.б.



Қосымша әдебиеттердегі материалдарды пайдалана отырып,Ресей мен Қытай арасындағы сауданың тұрақтылығы, қазақ-қытай сауда байланысының дамуы туралы айту. Әңгіме барысында сауда байланыстарының ерекшеліктері мен маңызын ашып көрсететін кесте толтырылады.



Құлжа сауда келісімі.

25 шілде, 1851 ж.



Петербург келісімі. 12 ақпан, 1881 ж.







Оқушылар сабақ тақырыбымен танысу барысында төмендегі кестені толтырады:

«ХІХ ғ. сауданы дамуы»



мемлекеттер

ХІХ ғ. сауданың сипаты

Сауда орталықтары

Тауар түрлері

Қазақ халқының өнімдері

Ресейдің еуропалық бөлігінің тауарлары

Орта Азия тауарлары

Қытай тауарлары

Қазақ хандықтары



















Ресей



















Орта Азия мемлекеттері



















Қытай


















Оқушылардан жалпы тарих курсы бойынша не білетіндерін сұрау керек (пәнаралық байланыс):

Еуропа елдеріндегі сауданың дамуы туралы

Жәрмеңкелер қайда және қалай өтті?

Жәрмеңкелердің ел өміріндегі маңызы қандай болды?

Осыдан кейін жәрмеңкелердің Қазақстанда қандай рөл атқарғанын ашуға тырысамыз:

Малшылар мен отырықшылар арасындағы делдалдық қызмет.

Баразлар және жәрмеңкелермен байланыстың күшеюі нәтижесінде малшылардың тұрмасы өзгерді.

Әр түрлі рулар, тайпалар, халықтар арасындағы байланыс күшейіп, оларлардың араласатын орнына айналды.

Халықтар арасында мәдени байланыс қалыптасты.

Қазақстанда көлік байланысы дамыды-тас жолдар, су жолдары, темір жол байланысы күшейді. Көлік байланысының дамуы қазақ қоғамының тұрмысына, сауданың дамуына қалай әсер еткені жөнінде мысалдар келтіру керек.

IV.Сабақты бекіту:



  1. ХІХ ғ. сауда саласында қандай өзгерістер болды?

  2. Орта Азиямен керуен саудасы қалай дамыды?

  3. Сауданың дамуында көлік қатынасы қандай рөл атқарды?

Бағалау:


Үйге тапсырма:

Жалпы тарих курсы материалдарына сүйене отырып, Еуропа мен қазақстандағы жәрмеңкелерді салыстырып, диаграмма құрыңдар (ұқсастықтары мен айырмашылықтары)




Қазақстандағы жәрмеңкелер

Еуропа мемлекеттеріндегі жәрмеңкелер


8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 35. Өнеркәсіптің дамуы

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақстандағы капиталистік қатынастардың даму ерекшеліктері жөнінде әңгімелей отырып, оның қазақ қоғамындағы тиімді және теріс жақтарын ашып көрсету; әңгіме барысында Қазақстандағы жұмысшы қозғалысына, Қазақ жұмысшыларының өз мүдделері үшін күресінің әлсіз болу себептеріне тоқталу керек;

  • Оқушылардың қосымша әдебиетпен жұмыс істеу машығын онан әрі дамыту, танымдық қызығушылықтарын арттыру;

  • Мамандықты меңгеруге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • ХІХ ғ. Қазақстандағы сауданың сипаты мен дамуы туралы не айтасыңдар?

  • Жәрмеңкелердің әлеуметтік-мәдени саладығы маңызы қандай?

  • Үй тапсырмасын (диаграмма) тексеру

ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:

  1. Тау-кен өндірісінің жағдайы

  2. Тұз, мұнай және алтын өндіру.

  3. Ұлттық сауда-өнеркәсіп буржуазиясы мен жұмысшы табының қалыптаса бастауы

  4. Темір жолдардың салынуы

  5. Жұмысшылар қозғалысының басталуы. Қазақ жұмысшыларының ауыр жағдайы. Өлкеде жұмысшы қозғалысының күшеюі.

Сабақты Қазақтандағы капиталистік қатынастардың даму ерекшеліктерімен таныстырудан бастаған жөн. Ресейдің жылдам дамып келе жатқан экономикасы шикізатқа, арзан жұмыс күшіне, өз өнімін өткізетін рыногқа аса мұқтаж болғандығы жөнінде айту керек. Осыған байланысты патша үкіметі зауыт-фабрикалар салуға кірісті. Табиғи шикізатты тасуға жағдай жасалды. Қазақстанда өндіру өнеркәсібі мен аул шаруашылық шикізатын өңдеу қарқынды дами бастады. ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап орыс және шетел өнеркәсіпшілері Қазақстандағы аса бай шикізат көздеріне назарлары ауып, өз қаржыларын өндіріс орындарын ашуға сала бастады. Көмір, тау-кен, мұнай өндіретін орындар шетелдік капиталистерге сатылды. Оларды картадан көрсету керек. Табиғи байлықты игеру, тауар-ақша қатынасының дамуы банкілер мен несие беру мекемелерінің пайда болуына жол ашты. Оқушылар ақулықты пайдаланып, салына бастаған өнеркәсіп мекемелерін картадан көрсетулері керек:

Тас-көмір өндіру және тау-кен өнеркәсібін ашу.

Тұз, мұнай және алтын өндіру.

Ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеу орындары.

Темір жолдар салу.

Осыдан кейін ұлттық сауда-өнеркәсіп буржуазиясының және жұмысшы табының қалыптасу үрдісі қалай жүргені туралы әңгімелеу керек. Оқушыларға қазақ жұмысшыларының ауыр жағдайы, жұмысшы қозғалысының күшеюі туралы айта келе, төмендегідей тапсырмалар беруге болады.

1-топқа тапсырма:


  • Оқулық пен хрестоматиядағы мәтінде оқып шығыңдар, сондағы деректерге сүйеніп, мынаны анықтаңдар:

  • Жұмысшы табының құрамы.

  • Қазақ жұмысшыларының еңбегі мен тұрмыс жағдайы.

2-топқа тапсырма: «Өлкедегі жұмысшы қозғалысының күшеюі».

  • Оқулық пен хрестоматиядағы мәтінде оқып шығыңдар, сондағы деректерге сүйеніп, мынаны анықтаңдар:

  • Жұмысшылардың өз құқын қорғау үшін жүргізген күрес әдістері

  • Көтерілісшілердің құрамы

  • Жұымысшылар қандай талаптар қойды?

  • Қазақстандағы жұмысшы қозғалысының ерекшеліктері.

IV.Сабақты бекіту:

Парагараф соңындағы сұрақтар бойынша жұмыс істеу.

Бағалау:

Үйге тапсырма:

ХІХ ғ. ортасында басталған капиталистік қатынастарың дамуы қазақ халқының шаруашылық өмірі мен әлеуметтік жағдайына ықпал етті. Осыны дәлелдейтін мысалдар келтіріңдер.


Капиталистік қатынастардың даму кезеңіндегі қазақ ауылының шаруашылық өмірі

Қазақстардың әлеуметтік жағдайындағы өзгерістер.








8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 36 . Ұйғырлар мен дүнгендердің Қытайдан Жетісуға қоныс аударуы /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:


  • Оқушыларды ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстан аумағына қоныс аудару тарихымен таныстырып, қоныс аударудың себептері олардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер мен тұрмыс жағдайы, екі жақты езгіге тап болғаны туралы әңгімелеу.

  • Логикалық ойлауды, сөйлеу мәдениетін және өз көзқарасын дәлелдеу үшін фактілерді пайдалану біліктілігін дамыту;

  • Қайырымдылыққа, жанашырлыққа, басқа халықтардың тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Парагараф соңындағы сұрақтар бойынша жұмыс істеу.

  • Кестанің толтырылуын тексеру

ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:

  1. Ұйғырлар мен дүнгендердің қазақстанға қоныс аударуының себептері мен басталуы.

  2. Қоныс аударушылардың ауыр тұрмысы.

  3. Ұйғырлар мен дүнгендердің шаруашылығы.

  4. Ұйғырлар мен дүнгендердің рухани мәдениетінің дамуы.

Алдымен оқушыларға ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуына себеп болған Қытайдағы аса қиын саяси жағдай туралы әңгімелеп беру керек. Бұл тұста картаны пайдаланған жөн. Карта бойынша тапсырма беруге де болады. (шығармашылық ізденіс жұмысы).

Картадан мынаны көрсетіңдер:

Бұл халықтар бұрын қай жерде тұрған еді?

Олардың қоныс аудару маршруты және қоныстанған жерлері

Ресей бұл халықтарды Жетісу аумағына көшіруге рұқсат бергенде қандай мақсат қойғаны жөнінде айту керек:

Құлжа аумағында Қытайдың экономикалық базасын әлсірету;

Қоныс аударушыларды Қытайға қарсы әскери күш ретінде пайдалану.

Қоныс аударушылардың І толқыны-желтоқсан, 1877 ж., 4 мың адам; ІІ толқыны-қоныс аудару 1881 жылы күзде басталып, 1884 жылға дейн созылды. Олардың бір бөлігі Қырғызстанға қоныстанды.

Осыдан кейін оқулық пен хрестоматиядағы материалдар негізінде төмендегі кесеті толтыру;

«Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстан аумағына қоныс аударуы»

Жылдары

Қоныс аударушылардың саны

Орналасқан аумағы

Қоныс аударушыларждың жағдайы

Кәсіптері

Мәдениетінің дамуы

Ұйғырлар

Дүнгендер





















IV.Сабақты бекіту:

Ұйғырлар мен дүнгендердің қазақстан аумағына қоныс аударуының себептерін атаңдар.

Картадан олардың қоныстанған жерлерін көрсетіңдер.

Қоныс аударушылар қандай қиыншалықтарға тап болды?

Бұл халықтардың ұлттық ерекшеліктері туралы не айта аласыңдар?

Бағалау:

Үйге тапсырма:

Бұрын өткен тақырыптардың материалдарын пайдалана отырып, мына кестені толтырыңдар.

«Жетісу облысының халықтары» (1897 ж.)




Халықтар

Қоныс аударған уақыты

Тілі

Діні

саны

Кәсібі

Жазуы (араб, кириллица, иероглиф)

Қазақстар



















Орыстар



















Ұйғырлар



















Дүнгендер


















Ұйғырлар мен дүнгендердің мәдениеті жөнінде әңгімелеңдер.



8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 37. Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы

Сабақтың мақсаты:

  • Тақырып төңірегінде кеңінен мәлімет бере отырып, белсенді, білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Кестенің толтырылуын тексеру.



Негізгі түсніктер: этникалық топтар, ассимилияция, конфедераттар, халықшылдар, жікшілдер, социал-демократтар, патша үкіметінің қоныстарндыру саясатының отаршылдық сипаты, бұратаналар, диаспоралар, «саяси сенімсіз элементтер».

ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:



Орыс халқы

Украиндар

Татарлар

Белорустар

Немістер

Поляктар


Қазақстанға басқа да ұлт өкілдерін қоныстандыру.

Тақырып материалы өзінің мазмұны жағынан онша ауыр емес, сондықтан кіріспе сөзден кейін, оқушылар өз беттерінше оқып танысулырана болады.

Тапсырма: Парагарафты оқып шығып, Қазақстан аумағындағы қоныс аударушылардың өмірі мен қоныс аудару ерекшеліктерін ашу үшін мына кестені толтырыңдар:

Халықтар

Қоныс аударушылардың саны (%)

Орналасқан аумағы

Қоныс аударушылардың жағдайы

Кәсібі

Мәдениеттің дамуы



















Оқушылардың жұмыстарын тексетіп, талқылағаннан кейін Қазақстан аумағында тұратын халықтарға тоқталамыз. Алғашында оқушылардан Біріккен Ұлттар Ұйымы, қазақстан халықтары ассамблеясы жөнінде не білетіндерін сұраймыз. Олардың жауаптарынан тыңдағаннан кейін мыналармен толықтырамыз:

Олардың құрылу тарихы

Қызметінің мақсаты мен бағыттары

Олардың қызметіне қандай негізгі құжаттар сипаттама береді?

Бұл ұйымдардың маңызы:

Мемлекет өмірінде

Дүние жүзі халықтары арасындағы қарым-қатынаста

Бір мемлекеттің ішіндегі халықтар арасында

Жеке адамның өмірінде

IV.Сабақты бекіту:

Оқулықтың 260-бетіндегі құжаттармен жұмыс. Құжат мәтіні бойынша сұрақтар:


  1. Орыс шаруаларының казактардан сыртқы бейнесі жағынан қандай айырмашылығы болды?

  2. Украин деревнясы басқа халықтардікінен несімен ерекшеленеді?

  3. Алғашқы неміс колонистері қашан және қайда пайда болды?

  4. Қазақстан қалаларында қай халықтардың өкілдері тұрды?

Бағалау:


Үйге тапсырма: Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, қазіргі Қазақстанда тұратын неғұрлым ірі диаспоралардың саны мен орналасқан жерлері туралы әңгімелеңдер.


8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 38. Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы

Сабақтың мақсаты:

  • Шетелдік диаспоралар, «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша келіп жатқан қандастарымыз, оларға жасалып отырған мемлекет тарапынан көмек т.б. төңірегінде кеңінен әңгімелеу

  • Ұлтжанды азамат тәрбиелеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет