Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты



бет1/9
Дата05.11.2016
өлшемі1,59 Mb.
#1048
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе

Сабақтың мақсаты:

  • 7-сыныпта өтілген материалдарды қайталата отырып, 8-сыныпта өтілетін яғни, ХҮІІІ ғасыр мен

  • ХХ ғасырдың бас кезіндегі Отанымыздың тарихының маңызды оқиғаларын таныстыру, бұл сыныпта өтілетін тақырыптарға қысқаша тоқталу;

  • Оқулықтың авторларымен таныстыра отырып, жаңа басылып шыққан бұл кітап пен ескі кітаптың айырмашылығын айту;

  • Оқушылардың дүниетанымы мен тарихи санасын қалыптастыра отырып, тарих пәніне қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Кіріспе

Әдісі: әңгіме, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: оқулық, карта

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау «Хабар»

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ.Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қазақстанның ХҮІІІ ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуы

  2. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.

  3. Қазақстанды Ресей империясына қосудың аяқталуы.

  4. Қазақтардың ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы дәстүрлі мәдениеті мен шаруашылығы

  5. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы

  6. ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан

  7. Қазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі мәдени өмірі

IV.Сабақты бекіту:

  • Бетпе-бет

Бағалау:

Үй тапсырмасы: Оқулықпен танысу.



8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §1. Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды XVIII ғасырдағы қоғамның әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерімен таныстыру, оқушылардың назарын әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға аудару, қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтың рөлін көрсету;

  • Бұрынғы алған деректермен жұмыс істеуге , көтерілген мәселе бойынша деректерге сүйене отырып, талдау жасауға үйрету;

  • Туған өлкенің тарихына құрметпен қарауға, еңбекқорлыққа мақсат қоя білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекіліктер: карта , «Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы» схемасы (кесте), терминологиялық сөздік

Жаңа материалды бұрынғы өткен тақырыпты қайталай отырып, оқыту. (білімді бекіту.)

Негізгі ұғымдар: қоғамның әлеуметтік құрылымы, әлеуметтік теңсіздік, класс, иерархия, конфессия, адат, құн, құрама, тархан, төлеңгіт, құл, диалект.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау «Хабар»

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

«Хабар» ел жаңалықтарына шолу /сұрау/

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:



  • 7-сыныпта өткен материалдарға шолу

ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

Қазақстардың саны мен орналасқан жерлері.

XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері

Қазақстан аумағындағы тайпалардың орналасуымен Қазақ хандығындағы әлеуметтік құрылым жөнінде оқушыларға 7-сыныптағы Қазақстанның орта ғасырлар тарихы қурсынан таныс болғандықтан , бұл жөнінде алдын ала сұрап, естеріне түсіремін

№1 тапсырма: Картамен жұмыс.

Төмендегі жүздердің құрамына қай тайпалардың кіргенін естеріңе түсіріңдер.

А) Ұлы жүз:

Ә)Орта жүз:

Б)Кіші жүз:

2. Картадан орналасқан аумақтарын көрсетіңдер:

А) Ұлы жүз-

Ә)Орта жүз-

Б)Кіші жүз-

3) ХVIII ғасырда Қазақ хандығы қандай мемлекеттермен шекаралас болды? Олармен қарым-қатынасына тоқталыңдар.

Оқушылардың жауабын тыңдап болғаннан кейін жаңа сабақты түсіндіремін. Бұл жерде Қазақ хандығының осы кездегі саяси дамуынанң ерекшеліктерін , қазақстардың басқару жүйесін міндетті түрде айту керек. Сонан кейін оқушыларды деректермен жұмыс істету және оларға талдау жасай отырып, өз ойын айтқызу мақсатында тапсырма беріледі (өздігінен жұмыс)

№2 тапсырма:

-Оқулықтағы тақырыпты пайдалана отырып, ХVIII ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін бейнелейтін кесте (схема) құрыңдар.

Берілетін жауаптар үлгісі:

XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының әлеуметтік құрамы феодалдық қоғамның классикалық құрылымын көрсетеді:

Феодалдар класы (тобы):

Шыңғысханның ұрпақтары- (хандар мен сұлтандар)

Рулық және тайпалық ақсүйектер;

Қожалар, имамдар, қожалар;

Патриархалды-феодалдық ақсүйектер оөкілдері (бектер, байлар, батырлар).


Шаруалар класы (тобы) :

Қарапайым малшылар, егінші шаруалар;

Егінші малшылар.

№3 тапсырма. Сөздікпен жұмыс.

Тақырыпты оқып шығып, төмендегі терминдардің анықтамасын айтыңдар:

Құрама


Қожа

Құрылтай


Ханталапай

Төлеңгіт


Құн

Адат


Тархан

№ 4 тапсырма:

-Қазақстан тарихы бойынша хрестоматия материалар пайдалана отырып, әр топ (класс) өкілдерінің қандай міндеттерін мен құқықтары болғандығын атап көрсетіңдер.

Онан әрі мұғалім сабақты төмендегідей етіп жоспарлайды.



  • Хан сайлау дәстүрі

  • Сұлтандар әулетінің артықшылықтары.

  • Қожалар мен олардың қазақ қоғамындағы рөлі

  • Қазақстар қандай еңбек үшін тархан атағын алған?

  • Әлеуметтік мәртебесі-қоғамның ерікті мүшесі.

  • Төлеңгіт деген кімдер?

  • Қазақ қоғамындағы құлдардың жағдайы.

IV.Жаңа сабақты бекіту үшін берілетін сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Картадан Қазақ хандығының аумағын және оның ішіндегі әр жүзді орналасқан жерлерін көрсетіңдер.

  • XVIII ғасырда Қазақ хандығықандай мемлекеттермен шекаралас болды?

  • Осы кезеңдегі Қазақхандынының сыртқы саяси жағдайы жөнінде не айта аласыңдар?

  • Оқулықтың 13-бетіндегі құжатпен жұмыс (Г.Н.Потанин. Таңдамалы шығармаларының үш томдығы. Тарих, этнография және фольклор жөніндегі еңбектер. Павлодар, 2005, 3-том, 30-31-беттер)

Бағалау:
Үй тапсырмасы:

XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының таптық құрылымының ерекшеліктеріне баға беріңдер (Хрестоматия. Коншин Н. «Павлодардан Қарқаралыға дейін»).

Халықтың кейбір топтарының қандай артықшылықтары болды? Сендердің ойларыңша неліктен



8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §2. XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

Сабақтың мақсаты:

  • XVIII ғасырдың бас кезіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы жөнінде жалпы түсінік беру, осы кезеңдегі Ресей мен Қазақ хандығы мүдделерінің жақындасу себептерін түсіндіру;

  • Құжаттардағы деректермен жұмыс істей отырып, ең бастысы неге назар аударуды анықтау, деректерді салыстыра отырып қорытынды жасау;

  • Өз халқының тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: Қазақстанның XVIII ғасырдың І ширегіндегі картасы, сызба.

Негізгі ұғымдар: дипломатиялық миссия, транзиттік сауда, Ресей саясатының әскери-отаршылдық сарыны, ойрат басқыншыларына қарсы қазақ хылқының азаттық күресі, отар, империя, сепаратизм, құрылтай.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау «Хабар»

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын қайталау: үй тапсырмасын сұрау кезінде практикалық жұмыс ретінде картамен жұмыс және терминдер бойынша диктант аламын (қазақтардың саны мен орналасқан жерлері, жүздердің аумағы, т.б.).

ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:



  1. XVIII ғасырдың бас кезіндегі Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты.

  2. Қазақ хандығының ыдырай бастауы.

  3. Қазақстан аумағына сыртқы қауіптің күшеюі және жоңғар шапқыншылығы.

  4. Қазақстардың жауға тойтарыс беру әрекеттері.

  5. Қазақстардың қару-жарағы мен әскери дәстүрлері.

Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру үшін осы тақырыпқа байданысты 7-сыныптағы Қазақстанның орта ғасырлар тарихы курсы бойынша өткен тақырыптарынан сұрақтар қойып, естеріне түсіремін, себебі бұл материалдардың жаңа тақырыпты түсіндіруге тікелей қатысы бар:

  1. 1680-1715 жлдары Қазақ хандығын кім биледі?

  2. Тәуке хан шығарған «Жеті Жарғы» заңдар жинағының қандай тарихи маңызы бар?

  3. Жоңғар хандығы қашан құрылды? Жоғңғар билеушілерінен кімдерді атай аласыңдар?

  4. XVI ғасырдағы қазақ-орыс қатынастарының қандай ерекшеліктері болды?

Осыдан кейін оқушылардың жауаптарын тыңдап балаларға XVIғасырдың аяғы мен XVII ғасырдағы Ресейдің қазақ жеріне баса назар аудара бастағанын әңгімелеймін.

Ол, бірінші, Ресейдің саяси және сауда -әлеуметтік-экономикалывқ дамуынан, екіншіден орыс мемлекетінің Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық және дипломатиялық байланыс орнатуынан көрінеді. Сабақты түсіндіре отырып, оқушылардың көз қаперін арттыру үшін төмендегідей хронологиялық кесте толтыртамын.



Жылдар

Негізгі оқиғалар

Мақсаты мен маңызы

1552

1556


1585

1586


1587

1594


1604

1710


1716

1717


1718

1720








№1 тапсырма:

Осы оқиғаларға сүйене отырып, Ресей Қазақ хандығына қатысты саясат жүргізгенде алдына қандай мақсат көздегенін анықтаңдар.

Осыдан соң Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайын, сондай-ақ Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін жоғары билік үшін әр жүздің билеушілері арасындағы таласты оқушылардың есіне сала отырып, келесі тапсырманы беру керек.

№2 тапсырма:

- Қазақстан тарихы хрестоматиясынан Тәуке ханның билігі кезіндегі материалдарды пайдалана отырып, Тәукенің жеке басына мінездеме беру. (Бұл тапсырма бұрынғы алған білімді жаңа сабақ арқылы толықтыруға көмектеседі. Осыдан кейін оқушылардың жауаптары бойынша кесте толтыра отырып, XVIII ғасырдың І-ширегіндегі Қазақ хандығының қызметін көрсету.)



Хандар

Тәуке хан

Қайып хан

Әбілқайыр хан

Жеке бас ерекшеліктері










Ханның жүргізген іс-әрекеті мен саясаты










Тарихи маңызы










Қазақстан аумағына сыртқы қауіптің күшеюі мен жоңғар шапқыншлығы төмендегі жағдайларға байланысты болды: Тәуке ханның қайтыс болуы, хандық ішіндегі саяси бытыраңқылық, Қазақ хандығына көрші мемлекеттердің басып кіруі, бір орталыққа бағынғн Жоңғария мемлекетінің құрылуы және оның бұрыннан көз алартып жүрген қазақ жеріне негізгі күштерін жіберуге мүмкіндіктің пайда болуы, т.с.с. Жоңғарияға тойтарыс беру әрекеттері жөнінде айтар алдында оқушыларға келесі сұрақтарды қоямын: қарсы тұру қозғалысы қалай ұйымдасты, осы кездегі қазақ сұлтандарының іс-әрекеттері, жауға тойтарс беру идеясына батырлар мен халықтың көзқарасы. Қазақтардың қару-жарақтары мен әскери салт-дәстүрлер туралы айта отырып, қосымша «Қолданбалы өнер үлгілері», «XVIII ғ. Қазақтардың қару-жарағы», т.б. еңбектерді пайдаланамын

IV.Жаңа тақырыпты бекіту үшін қойылатын сұрақтар:



  • XVIII ғасырда Ресейдің Қазақстанға қызығушылығының күшеюіне не себеп болды?

  • XVIII ғасырдағ Қазақ хандығының ішкі жағдайын қалай бейнелеуге болады?

  • XVIII ғасырдың І-ширегіндегі Қазақ хандығы төңірегіндегі сыртқы хал-ахуал өте күрделі болды, осыған мысал келтір.

(Құжаттармен жұмыс, 19-бет.)
Бағалау:
Үй тапсымасы:

Картамен жұмыс-Ресейдің Қазақстан жерімен шектесетін аумақтарда салған әскери-тірек бекеттерін картаға түсіріңдер.

Осы кезеңде қазақ хандары ішінен кімді жетекші болды деп есептеуге болады, себебін көрсетіңдер.

1635ж ., 1710ж ., 1715ж. – Қазақ хандығы тарихындағы қандай оқиғаларға байланысты даталар.



8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §3. Жоңғар шапқыншылығы.

§4. Қазақ халқынығң жоңғар басқаншыларына қарсы азаттық күресі



Сабақтың мақсаты:

Сабақ барысы:

  • оқушыларды Қазақ хандығы төңірегінде қалыптасқан саяси оқиғалармен таныстыру, қазақ билеушілерінің басы бірікпеуінің салдары қандай болғанын көрсету, үш жүздің әскери күштерін біріктірудегі Әбілқайырдың рөлі және халықтың тәуелсіздік үшін күресінің маңызын әңгімелеу;

  • Оқушыларды материалды жүйелеуге , оқиғалар арасын байланыстырып, одан қорытынды шығаруға машықтандру;

  • Оқушыларға Отанымыздың тәуелсіздігі мен азаматтығ үшін күрескен батырлардың ерлігін айта отырып, жауаптылыққа, батылдыққа үйрету, патриоттық тәрие беру.

Сабақтың түрі: Лекция

Әдісі: интерактивті

Негізгі түсініктер : жұт, азаттық үшін күрес, агрессия, аманат, сардарбек, құрылтай, патриотизм.

Көрнекілік: Карта, сызба, суреттер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • «Хабар» ел жаңалықтарына шолу /сұрау/

Жаңа тапсырманы жақсы түсіну үшін оқушылар алдында өткен материалдарды жете меңгеру керек. Сондықтан сабақты өткен материалды қайталаудан бастаймын.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:



  • XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайының ерекшеліктеріне тоқталыңдар.

  • XVIII ғасырдың І ширегінде Ресей мемлекетінің Қазақ хандығына қызығушылығының артуына не себеп болды?

ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Жоңғарияның күшеюі және оның қазақ халқына қарсы шапқыншылығы.

  2. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі.

  3. Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығының салдары.

І кезең. Өзіндік жұмыс.

1) Мына териминдердің мағынасын қалай түсінесіңдер?



  • Азаттық соғысы

  • Басқншылық, шапқыншылық

  • Батыр,

  • Батырлық, қаһармандық

  • Шын берілгендік

Оқушылардың жеке шығармашылық жұмысы, нәтижесін ұжым болып талқылау.

ІІ кезең-сабақтың негізгі бөлімі (проблемалық мәселелерді талқылау)

Сабақтақырыбымен жұмыс, онан кейін оқушылар XVIII ғасырдың І ширегіндегі Қазақ хандығы тарихының төмендегі саяси аспектілрін анықтаулары қажет.

(жауап беру үлгілері):

№1 тапсырма:

Қазақ хындығының жай-күйі Қазақ хандығы төңірегіндегі қалыптасқан

саяси жағдай

1. 1.


2. 2.

3. 3.


4. 4.

№2 тапсырма

-Материалды пайдалана отырып, анықтаңдар:

1. Жоңғар шапқыншылығының мақсаты.

Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресін ұйымдастыру.

Құрылтайдың қазақ халқының саяси өміріндегі рөлі. Батырлар

№3 тапсырма:

Мына тақырыпта жұмыс құру:

«Жоңғар шыпқыншылығы және жоңғарларға қарсы халық күресін ұйымдастыру».

«Халық құрылтайы».




Қайда өтті?

Қандай мәселелер көтерілді?


Тарихи маңызы?

Немен аяқталды?




IV.Сабақты бекіту:

Сұрақ: Қазақ хандығының саяси тарихына бұл кезеңдегі оқиғалардың басқаша сипат алуы (нәтижелері, дамуы) мүмкін бе еді?

«Қазақ хандығындағы орталық биліктің әлсіреуі жаңа жоңғар шапқыншылықтары үшін қолайлы жағдай туғызды. XVIII ғасырдағы жоңғар-қазақ қарым-қатынасының шиеленісунің басты себебі жер мәселесі болды. Цеван-Рабтан Жетісуды, Түркістан арқылы өтетін керуен жолдарын түпкілікті ойраттарға қалдыруды көздеді. Олар экономикалқ және саяси дамуда болды, жер өңдеу бұрын болмаған жетістіктерге жетті, көрші мемлекеттермен сауда байланыстары жан-жақты дамыды, темір өндіру технологиясы жетелдіріліп, швед офицері Ренат оларға зеңбірек құю өндірісін, қару мен оқ-дәрі дайындауды үйретті. Кейбір жеңістеріне қарамастан, қазақтар үнемі жеңілумен болды. Оның себептері Қазақ хандығының ішкі әлсіздігімен мен көрші мемлекеттерге тәуелділігінен еді. Ұлы жүздің жетекші билері Жоңғарияға тәуелділікті мойындады, Кіші жүз ханы Әбілқайыр өзінің жеке билігін күшейтумен айналысты, сондықтан ол 1741 жылы жоңғарлар басып кіргенде, ойрат басқыншылығына қарсы тұруға қатысудан бас тартты».

IV.Сабақты бекіту:

Жоңғарияның көрші мемлекеттерді басып алу саясатын жүргізуінің негізгі себептерін айтыңдар.

Қазақтардың жеңілу себептері және қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресінің тарихи маңызы.

Қазақ-жоңғар соғысы кезінде көзге түскен қазақ хандары, сұлтандары, билер мен батырлары жөнінде жазылған қандай әдеби шығармаларды білесіңдер? Отанға адалдық пен патриоттық жөнінде, ержүректік пен қаһармандық, сертке адалдық туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер ?

Бағалау:

Үй тапсырмасы:

Тақырыпты оқып, мына кестені толтырыңдр: «Жоңғар шапқыншылығына қарсы халықтң азаттық күресінің ұйымдастыру».

Жылдар

Оқиғалар

Тарихи маңызы

1710

1711


1712

1713


1718

1720


1723

1723-1727

1725









8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 5. XVIII ғасырдың алғашқы үштен біріндегі қазақ-орыс қатынастары

Сабақтың мақсаты:


  • Оқушылардың қазақ-орыс қарым-қатынастарының дамуы жайлы білім деңгейін ұлғайту. Патшалық Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық саясатының мәнін ашып көрсету, әскери бекністерінің салынуына қарсы қазақ халқының күресі туралы баяндау;

  • Оқушыларды түрлі оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдары мен тарихи маңызын талдай білуге , жаңа деректер мен фактілерге , ақпарат көздеріне сүйене отырып логикалық ойлай білуге дағдыландыру;

  • Оқушыларды өзара көмектесу, ынтымақ, достық рухында тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілігі: карта, сызба

Негізгі түсініктер: қамал, бекініс, әскери-барлау экспедициялары, Ресей империясының отаршылдық саясаты, қазақ халқының әскери бекіністер салуға қарсы ерлік күресі.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырамысн сұрау:

  • Жоңғар хандығы жаулап алушылық саясатының негізгі себептері қандай?

  • Қазақстар жоңғар басқыншыларына қай жерлерде өткен шайқастарда тойтарыс берді? Жоңғарларға қарсы азаттық күресінің басында кімдер тұрды?

  • Шапқыншылықтың алғашқы кезеңіндегі қазақстардың жеңілу себептері және жоңғарларға қарсы халық-азаттық күрестің тарихи маңызы.

ІІІ.Жаңа сабақты оқытудың жоспары:

  1. Қазақ хандығы мен Ресей мемлекеті арасындағы қарым-қатынастың жандана бастауы

  2. Патша үкіметінің әскери бекіністер салуы.

  3. Ресейдің Қазақстанға жіберген елшіліктері

  4. Ресейдің Орта және Кіші жүз қазақстарымен шекаралық қақтығыстары.

Екі ел арасындағы өзара демократиялық және әскери байланыс орнатуға деген мүдделіліктің болғаны оқушыларға өткен сабақтардан таныс. Осы қарым-қатынасты нақтылай түсетін мысалдар келтіре кету керек. Жаңа тақырыпты баяндау барысында орыстар күнделікті өмірде және ресми құжаттарда қазақстарды неге «қырғыз», «қырғыз-қайсақ» атағанын түсіндіремін. Оқушылардың білімділік дәрежесін арттыра түсу мақсатымен, екі ел арасындағы қарым-қатынастың қыр-сырын кесте арқылы терең ашып көрсетеміз.

«XVIII ғасырдың алғагқы үштен біріндегі қазақ-орыс қатынастары»



Қатынастары

Қазақ хандығы

Ресей мемлекеті

Дипломатиялық

Сауда-экономикалық

Екі ел байланыстарының маңызы








Картаның көмегімен әскери бекіністер салудың барысымен танысамыз. Оқиғалар тізбегі:

Орыс-қазақ қатынастарының тарихы ерте кезден басталады, XVIII ғасырдың басынан бастап екі елдің бір-бірін танып білуге деген қызығушылығы арта түсті. Сібір губернаторы М.П.Гагарин орыс патшасына Ертістен Жаркентке дейінгі алтынға өте бай жасаған жобасын ұсынады. 1715 жылы шілдеде подполковник И.Д. Бухгольц басқарған экспедиция Тобылдан шығып Ертісті бойлай аттанады Экспедициясының жұмысының нәтижесінде Жәмішев және Омбы (1716жылы) бекіністерінің негізі қаланды.

1715-1716 жылдары князь А.Д.Бекович-Черкасскийй экспедициясы Хиуаға жорыққа шықты.

1717 жылы Жәмішевпен Ертісті бойлай әскери қамалдар салу үшін П.Северский мен В.Чередовтың экспедициясы жасақталады. П.Северскийдің отряды Железинск бекінісін салды. В.Чередовтың отряды Калбасинск қамалы тұрғызып, Ертістің оң жағасында Семей бекінісінің (1718 жылы) негізін қалады.

1719-1720 жылдары майор И.М.Лихаревтің экспедициясы Ертісті бойлай жүріп, 1720 жылы Өскемен, Черноярск және Коряков қамалдарын салып шықты . Кейінірек олардың арасына шағын редуттар мен форпосттар орнатылады. Бұл әскери-қорғаныстың тірек пунктері Жоғары Ертіс шекаралық шебін құрды және жоңғар, т.б. шабуылынан қорғануда зор рөл атқарды.

1722 жылы парсы жорығынан оралған І Петр қазақстарды Орыс мемлекеті құрамына қосып алу жоспары: «... миллионға дейін жұмсалса да, аса көп шығындарға қарамастан... Азияның барлық елдері мен жерлеріне жеткізеді... бағы заманнан естіліп кеткен қырғыз-қайсақ ордаларын Ресей империясының құрамына алу ...» туралы айтты.

IV.Сабақты бекіту:

Ресей империясы мен қазақ халқы арасындағы қарулы қақтығыс жайлы , оқушыларға жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін білу үшін, қорытынды тапсырмалар беріліп, сұрақтар қойылады.

1-тапсырма. Құжаттармен жұмыс.

-Оқулық пен хрестоматиядан тиісті құжаттарды оқыңдар.

1. Ресей мемлекеті Қазақ хандығына қатысты саясатында қандай мақсаттарды көздейді?

2-тапсырма. Құжаттармен жұмыс.

Оқулық пен хрестоматиядан тиісті құжаттарды оқып шығып, мына сұрақтарға жауап беріңдер:

И.Д.Бухгольцтің Қазақстандағы әскери экспедициясының мақсатын анықтаңдар.

Ертістегі әскери бекіністер не мақсатпен салынды?

Сабақты бекіту:

Әскери бекіністер салуға қазақ халқы қалай қарады?

Орыс бекініс қамалының тұрғындары мен қазақтар арасындағы әскери қақтығыстар неге жиі болып тұрды?

Бағалау:

Үйге тапсырма:

1715-1720 жылдары тұрғызылған әскери бекіністер желісін картаға салып келіңдер.

XVIII ғасырдың үштен біріндегі қазақ-орыс қарым-қатынастарының жандануының себептері неде?

XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының жағдайына сипаттама беріңдер.


Каталог: uploads -> doc -> 131d
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
131d -> Сабақ жоспары Күні : қазан 2016 ж
131d -> «Болашақ»мектеп- гимназиясының көшбасшысы Байжарқынова Шарипаның 2015-2016 оқу жылының І жарты жылдығындағы атқарылған жұмыстарының есебі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет