Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты



бет6/9
Дата05.11.2016
өлшемі1,59 Mb.
#1048
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 28. ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар.

§ 29. ХІХ ғасырдың 80-90-жылдарындағы әкімшілік реформалар



Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Қазақстанда жүргізілген бұл реформалардың сипаты мен маңызын, оның мақсаты Қазақстанды басқарудың саясижүйесін өзгерту екендігін түсіндіру, бұл реформалардың ерекшеліктерін айту және 1822 ж. «Ережемен» салыстыра отырып, оның отарлық сипатын ашу;

  • Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, олардың тарихи үрдістерге қысқаша мінездеме беріп, қорытынды жасай білуге үйрету, оқушыларды ізденіс жұмыстарына ынталандыру, олардың мәселелерді шешудегі жеке көзқарастарына орынды баға беру;

  • Еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: әкімшілік-аумақтық бөлініс, генерал-губернаторлық басқарудың ерекшеліктері, сайлау жүйесі, міндеткерлік түрлері, контрибуция, қазақ ауылдары өміріндегі капиталистік қатынастардың дамуы мен әсері.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • «Шынберілген» қазақтардың тұрған жерлерін картадан көрсетіңдер.

  • Кестенің толтырылуын тексеру.

ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. І. ХІХ ғ. 60- жылдарындағы әкімшілік реформалар.

  2. Қазақстан аумағындағы патша үкіметі жүргізген әкімшілік реформалардың мақсаты, себептері мен реформалаудың басталуы.

  3. Қазақстанның 1867-68 жылдардағы реформалар бойынша әкімшілік-аумақтық бөлінісі.

  4. Басқару құрылымының ерекшеліктері

  5. Денсаулық сақтау, жерді пайдалану салаларындағы реформалар.

  6. Реформалардың отаршылдық сипаты.

  7. ІІ. ХІХ ғ. 80-90 жылдардағы әкімшілік реформалар.

  8. Торғай және Орал облыстарында көтерілістердің басталуы.

  9. Маңғыстаудағы көтеріліс.

  10. Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары

  11. ХІХ ғ. 80-90-жылдардағы әкімшілік реформалар.

Сабақтың бірінші бөлігі- Қазақстандағы саяси және әлеуметтік –экономикалық жағдайға сипаттама беріледі. Мұнда Қазақстанда бұл кезеңде реформа жасауға қандай жағдайлар түрткі болғанына тоқталу керек.

Алғышарттар:

Қазсқстандағы басқару жүйесін реформалау уақыт жағынан Ресейдегі крепостнойлық правоның жойылу кезеңімен сәйкес келеді.

Ресейдегі ХІХ ғ. ортасында жүргізілген буржуазиялық реформалар осы кезеңде Қазқстанда болған процестерге тікелей әсерн тигізді.

Капиталистік қатынастардың даму жағдайындағы Қазақстанда 1822 және 1824 жылдары жүргізілген реформалар империяның шаруашылық даму мақсатымен сәйкес келмеді.

Қазақстанда әкімшілік-аумақтық және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізудің себептері:

Хан билігінің сақталуы пата үкіметіне аймақты жаппай отарлауға бөгет болды.

Реформаға дейін Қазақстан екі генерал-губернаторлыққа (Орынбор және Батыс Сібір) бөлінді, ал ХІХ ғ. 60- жылдарының ортасында Ресейге Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймақтары қосылды, бұл өз кезегінде жаңа аймақтарды Ресейдің басқа аймақтарындағы басқару құрылымдарына жақындату міндетін жүктіді.

Ресейдің еуропалық бөлігіндегі дамушы өнеркәсіпке барған сайын арзан шикізат пен жұмысшы күші қажет болды.

Қазақ халқы үшін біртұтас салық жүйесін енгізу қажеттігі туындады.

Ресейдің еуропалық бөлігіндегі жерсіз шаруаларды Қазақстанға оранластыру ұйымдастарылды.

Картаны пайдалана отырып, Қазақстандағы реформаға дайындық пен оны өткізудің хронологиялық байланысын көрсетеді.



Жылдар

Жоба авторлары

Құжаттың аты

Реформаны жүргізу шаралары

1865 ж.

1867 ж.


1868 ж.

1869 ж.











Сонан соң кестенің көмегімен жаңа реформа бойынша Қазақстанның әкімшілік-аумақтық басқарылуындағы ерекшеліктерді ашамыз.

1867-1868 ж. реформалар



Тараулар

мәні

Маңызы мен салдары

Реформаның мақсаты

Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі

Басқару ерекшеліктері

Сайлау жүйесі

Фискальді жүйе және міндеткерліктер

Денсаулық сақтау

Жер пайдалану








Кесте құру немесе оқиғалардың логикалық тізбегін жасау оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, материалды тереңірек түсінуіне көмектеседі.

Тақырыпты бекіту: (дамытушылық сипаттағы тапсырмалар оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамытуға көмектеседі.)

Патша әкімшілігінің Қазақстанда 1867-68 ж. жүргізген реформаларының отаршылдық сипаты болды. Осыны дәлелдейтін деректерді келтіріңдер.

Бұл реформалар барлық қайшылықтарды шеше алмағынамен, Қазақстаның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етті. Осыған мысал келтіріңдер.



Тараулар

1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы Ереже»

1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы Ереже»

1867-1868 ж. реформалар

Жалпы сипаттама

Мақсаты

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

Басқару ерекшеліктері

Сайлау жүйесі

Сот жүйесі

Фискальды жүйе мен міндеткерліктер

Денсаулық сақтау

Жер пайдалану

Нәтижелері мен маңызы













Бағалау:


Үйге тапсырма:

Қазақстанда 1822,1824 ж. және 1867-68 ж. патша үкіметі жүргізген әкімшілік реформалардың ерекшеліктеріне тоқталып, жалпы сипатын анықтаңдар.

Сабақтың екінші бөлігі.

ІІ.Үй тапсырамсын сұрау:

Қазсқатнда 1867-1868 ж. реформаны жүргізгенде патша әкімшілігі қандай мақсат көздеді?

Реформаның отаршылдық сипаты неде?

Кестенің толтырылуын тексеру (оқушылар тақырыптық кестелер толтырғанда мұғалім олардың білімі мен іскерлігін бақылай алады).

Оқушылардың «ХІХ ғ. 80-90 ж. әкімшілік реформалар» мтақырыбы бойынша практикалық жұмысы

Алдымен сынып алдана төмендегідей міндет жүктеу керек:

ХІХ ғ. 60- жылдары жүргізілген әкімшілік реформаларжартылай ғана болды. Біріншіден, олар өмірге бірден енгізілген жоқ, ол ең алдымен оған қарсы шыққан қазақ шаруаларына байланысты болды.

Екіншіден, қазақ ауылына жан-жақтан әсер еткен капиталистік қатынастар барлық салада тиісті өзгерістер әкелді.

Сондықтан 1880-90 ж. патша үкіметі жоғарыда көрсетілген және басқа да жағдайларды есепке ала отырып, аяғына дейін жеткізуге мәжбүр болды. Осыны дәлелдейтін мысалдар келтіріңдер.

1-топқа тапсырма:

Оқулықтан Торғай және Орал облыстарындағы көтерілістер туралы мәтінді оқыңдар және оларға 1867-1868 ж. реформалардың әсері болды ма, соны анықтаңдар, пікірлеріңді деретермен дәлелдеңдер.

Оқушылар көтеріліс тарихын мына жоспар бойынша қарастырады:


  • Көтерілістің себептері;

  • Сипаты;

  • Козғаушы күштері;

  • Басшылары;

  • Негізгі оқиғалары;

  • Жеңілу себептері;

  • Тарихи маңызы.

2-топқа тапсырма:

Оқулықтан Маңғыстаудағы 1870 жылғы көтеріліс туралы мәтінді оқыңдар және оған 1867-68 ж. реформаның әсері болды ма, соны анықтаңдар. Пікірлеріңді деректермен дәлелдеңдер.

Оқушылар көтеріліс тарихын мына жоспар бойынша ашады:


  • Көтерілістің себептері;

  • Сипаты;

  • Козғаушы күштері;

  • Басшылары;

  • Негізгі оқиғалары;

  • Жеңілу себептері;

  • Тарихи маңызы.

Оқушылардың жұмыстарының нәтижелерін талқылағаннан кейін, Қазақстандағы 80-90 ж. реформалардың жылдамдатылу себептерін көрсету:

Қазақстанды үш генерал-губернаторлыққа бөлу Ресейдің еуропалық бөлігінен шаруаларды көшіру мәселелерін жүйелі әрі тез шешуге бөгет жасады;

Орта Азия әскери жолмен Ресей империясына қосылды, бұл аса үлкен аймақта басқаруда біртұтас жүйе жасауды және қаражатты үнемдеуді талап етті.

1867-68 ж. Ереже ең басынан уақытша сипатта болды.

Тапсырма: Оқушылардың оқулық мәтінемен жұмысы

1886 және 1891 жылдардағы әкімшілік басқаруды 1867-68 ж. реформалармен салыстырыңдар.

Сот жүйесінде қандай өзгерістер болды?

Бұл өзгерістердің мәні неде?

Қазсқатандағы 1886-1891 ж. ережелер бойынша болған жаңа әкімшілік-аумақтық бөліністерді картадан көрсетіңдер.
Бағалау:

Үйге тапсырма: Қазақстанның 1867-68 ж. реформа бойынша әкімшілік-аумақтық бөлінісін картаға түсіріңдер

Қазсқатанның 1886-1891 ж. ережелер бойынша әкімшілік-аумақтық бөлінісінің сызбасын картаға түсріңдер.


8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 30. Қазақстан аумағындағы казак әскерлері

Сабақтың мақсаты:


  • Оқушыларға Ресейдегі казак әскерлерінің құрылуы тарихы туралы айта отырып, үкімет олардың мемлекет пайдасына жасаған кез-келген іс-әрекетін қызу қолдағанына тоқталу және олардың қазақстармен арадағы қарым-қатынастарының ерекшеліктерін ашу (сауда-аттық, айырбас және көбінесе әскери қақтығыстар);

  • Оқушыларды құжатпен жұмыс істей білуге, алған ақпатарттарды пайдаланып, кестелер мен сызбалар жасауға үйрету;

  • Еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, білімді жетілдіре беруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсніктер: казактар, казактардың құқы мен міндеттері, казак әскерлерін құру тарихы мен маңызы, казак шендерінің терминологиясы, ескі дінді ұстанушылар, т.б.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • 1886 және 1891 ж. әкімшілік тбасқаруды 1867-68 ж. реформамен салыстырыңдар.

  • Сот жүйесінде қандай өзгерістер болды?

  • Бұл өзгерістердің мәні неде?

  • Қазақстанның 1886-1891 ж. ережелер бойынша жаңа әкімшілік-аумақтық бөлінісін картадан көрсетіңдер.

ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Қазақстандағы казак әскерлерінің негізгі міндеттері.

  2. Орал казактары

  3. Орынбор казактары

  4. Сібір казактары

  5. Жетісу казактары

Өлкеде әкімшілік реформалар жүргізуде және жергілікті халықтың көтерілістерін басуда казак әскерлеріне өте көп мән берілді. Олар Қазақстанның шекараларымен қатар аумағында да орналастырылды. Казак әскерлерінің құрылу себептері мен міндеттерін мыналардан көреміз:

Ресейге жаңа жерлерді қосуға белсене араласуы.

Шекараны көрші мемлекеттердің әскерлерінен қорғап тұрды.

Ресей халықтарының ұлт-азаттық көтірілістерін және орыс шаруалары мен жұмысшы табының баскөтерулерін басуға қатысты.

XVIII –ХХ ғ. орыс әскерлерінің шетелге жасаған жорықтарына да қатысты.

Қазак әскерлерін құру таралы әңгімесі барысында көрнекілік ретінде казак әскерлері жөнінде жалпы мәліметтер беретін және оның ерекшеліктерін ашатын төмендегідей салыстырмалы кестені толтырамын:





Орал казактары

Орынбор казактары

Сібір казактары

Жетісу казактары

Жылдары













Аумағы













Құрамы мен саны













Басқару жүйесі













Казактардың құқы мен міндеттері













Шаруашылығы













Салдары мен маңызы













Оқушылардың деректермен жұмыс істеуін дамыту және логикалық ойлау жүйесін жетілдіру мақсатында, Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы құжаттарға сүйене отырып, тапсырма беріледі. Оқулықта жазылған тарихи деректерге талдау жасай отырып, оқушылар қажетті ақпараттарды таба білуге, оларды салыстыру арқылы қорытынды жасауға үйренеді.

1-топқа тапсырама:

Мәтінді оқып шығып, Сібір казак әскерлерінеерекше әскери бөлім ретінде жалпы сипаттама беріңдер. Олардың үкіметке толық тәуелді екендігіне мысал келтіріңдер.

2-топқа тапсырма:

Мәтінді оқып шығып, сұрақтарға жауап беріңдер:

Сібір казактарының ерекшеліктерін анықтаңдар.



  1. Сібір казактарының шаруашылық қызметінде қандай ерекшеліктер бар?

3-топқа тапсырама:

Құжаттармен жұмыс. Оқулықтың 215-бетінде берілген құжат. Омбы облыстық мемлекеттік мұрағаты. 8-к, 66-іс, 117-118-парақтар.

Осы құжаттардан төмендегідей деректерді дәлелдейтін фактілерді табыңдар.

Патша үкіметінің саясаты ең алдымен Ресейдің жағдайын нығайтуға және отаршылдық езгіні күшейтуге бағытталды.

Қазақатдың құқы саяси жағынан да, әлеуметтік-экономикалық жағынан да шектелді.

Әрбір топтың жұмысын талқылағаннан кейін, сабақтың қорытындысын шығару.

IV.Сабақты бекіту:


  1. Сендер қалай ойлайсыңдар, қазсқатнда казак әскерлерін құру қажетті шара ма еді?

  2. Олар қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресіне көмектесті ме?

  3. Казак әскерлерін құруға қазақ халқы қалай қарады?

Бағалау:


Үйге тапсырама:

Құжатпен жұмыс. Оқулықтың 215-бетіндегі құжаттарждың мәтінін оқып шығып, мына сұрақтарға жауап беріңдер.



  1. Өтініш авторлары кімдер?

  2. Олар қандай талаптар қойды?

  3. Өздерінің жер жөніндегі құқын қорғау үшін олар қандай деректер келтірген?

Кестені толтыру.





Орал казактары

Орынбор казактары

Сібір

казактары



Жетісу казактары

Жылдары













Аумағы













Құрамы мен саны













Басқару жүйесі













Казактардың құқы мен міндеттері













Шаруашылығы













Салдары мен маңызы














8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 31. Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару сясаты.

§ 32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы



Сабақтың мақсаты:

  • Қазақстанды кең көлемде отарлаудың қалай жүргені Ресей империясының еуропалық бөлігінен келген орыс шаруаларының қазақстардың өміріне тигізген әсері және Қазақстандағы өзгерістер туралы әңгімелеу;

  • Мәтінмен жұмыс істеу машығын, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстыра отырып талдау жасау, белгілі бір тақырып бойынша жоспар құру біліктілігін жетілдіріп, кез келген оқиғаға өз көзқарасын қалыптастыру;

  • Достыққа, өзара көмекке, қонақжайлылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: жерге мемлекеттік меншік, 60-90 ж. әкімшілік реформалар, Қазақстанды кең көлемде отарлау, басыбайлы тәуелділік, Столыпиннің реформасы, тоғышарлар мен мещандар, жатақтар.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Кестенің толтырылуы мен құжаттар бойынша сұрақтардың жауабын тексеру. Үй тапсырмасын сұрау кезінде оқущылардың өткен материалды қаншалықты игергендігін тексереміз, олардың қателерін түзеткеннен кейін өткен сабақты қорытып алып, жаңа сабақты бастаймыз.

ІІІ.Жаңа сабақты оқытудың жоспары:

  1. Шаруаларды Қазақстан аумағына орналастырудың себептері мен басталуы.

  2. Шаруаларды қоныстандыру қарқынын күшейту.

  3. Қазақ халқының патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы баскөтеруі.

  4. Қоныс аударушы шаруалардың баспана тұрғызу ерекшеліктері. Олардың жаңа жердегі қиыншылықтары.

  5. Жер өңдеу мен мал шаруашылығының дамуы.

  6. Омарта шаруашылығы, бақша өсіру мен балық аулау.

  7. Қоныс аударушылар мен қазақстар арасындағы шаруашылық және мәдени байланыстар

Өткен тарихи кезеңдерді бүгінгі күнмен байланыстыра оқытып, оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына үнемі көңіл бөлу. Қоныс аударудың себептері мен салдары жөнінде айтқаннан соң, оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу қабілеттерін, тарихи оқиғаларды салыстыра отырып, талдау жасау, берілген тақырып бойынша жоспар құру біліктілігін жетілдіруге арналған тапсырма берді.

XVIII ғ. мен –ХХ ғ. бас кезінде Қазақстан халқының басым көпшілігін қазақтар құрады (80%), патша үкіметінің қоныс аударк саясаты салдарынан халықтың ұлттық құрамы өзгеріске ұшырады, қазақ жеріне әскерилер, «саяси сенімсіздер», орыс шаруалары, ұйғырлар, дүнгендер, т.б. қоныстандырыла бастады. Патша үкіметінің қоныстандыру саясаты төмендегідей мақсаттарды көздеді:

Ресейдің орталық аудандарында Ресейдегі басыбайлық құқық жоыйлғаннан кейін күшейіп кеткен жерсіз шаруалардың баскөтерулерін әлсірету;

Империяның ұлттық шеткері аймақтарында патша үкіметіне тірек болатын әлеуметтік топ құру;

Қазақстарды отырықшылыққа көшіріп, оларды шаруалар арқылы шоқындыру және орыстандыру саясатын жүргізу.

Қоныс аудару кезеңдері:

Алғашқы кезеңде патша әскерлері қазақ жеріне казак әскерлерін орналастырумен шектелді.

ХІХ ғ. 60-жылдарынан бастап Орталық Ресейдегі орыс шаруаларын қоныс аудару басталды; ол үшін қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланды.

ХІХ ғ. 70-жылдарында орыс, украин, белорус шаруаларын-Ақтөбе, Қостанай, Орал, т.б. жерлерге жаппай қоныс аудару басталды. Әсіресе Жетісуға көп адам көшіп келді.

Қоныс аударушыларға төмендегідей жеңілдіктер жасалды:

Әрқайсысы 30 десятинадан жер алды;

15 жыл бойы салықтың барлық түрлері мен міндеткерліктен босатылды;

100 сом мөлшерінде несие берілді.

Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты салдарынан қазақтар ең құнарлы жерлері мен табиғи байлықтарынан айырылды. Оған қоса рухани мәдениеті де зардап шекті. Ол жөнінде біз келесі сабақтарда айтамыз. Ары қарай біз сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушыларға оқулық пе хрестоматия материалдары негізінде төмендегідей өзіндік жұмыс тапсырамыз.

1-топқа тапсырма (тапсырмалардың қиындығы әр түрлі деңгейде):


  • Патша үкіметінің Қазақстан аумағына қоныс аударушыларды ораналастыруға байланысты шаралары мен жарлықтарын хронологиялық ретпен жазыңдар.

2-топқа тапсырма:

  • Қоныс аударудың маңызы мен салдарына баға беріңдер.



Тиімді жақтары

Тиімсіз жақтары






3-топқа тапсырма:



  • Мына терминдердің мағынасын түсіндіріңдер:

  • отаршылдық тәуелділік

  • Басыбайлы тәуелділік

  • Жергілікті (автохтонды) халық

  • Үлеске тиген жер, кесілген жер

  • Столыпиннің аграрлық саясаты

  • Ходоктар

  • Хутор

  • Жатақтар

  • Мына адамдар жөнінде не білесіңдер?

  • Г.А.Колпаковский

  • П.А.Столыпин

  • Куропаткин

IV.Сабақты бекіту:

Оқушылардың білімі мен оқулықтағы материалдарға сүйене тоырып, «Қоныстанушылардың шаруашылығы» тақырыбына кесте толтырамыз.



Қоныс аударушы шаруалар

Тұрғын жайы

Жаңа жердегі қиыншылықтар

Шаруашылық қызмет түрлері

Қазақстар мен қоныстандырушылар арасындағы шаруашылық және мәдени байланыстар
















Бағалау:


Үйге тапсырма:

Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы материалды пайдаланып, хабарлама дайындаңдар: «Патша үкіметінің отаршылдық саясаты». Саясаттық мақсаты, орыс шаруаларын орналастыру аумағы және салдары

Сендер қалай ойлайсыңдар, қазақстар мен қоныс аударушылар бір-бірінің өміріне, тұрмысына, мәдениетіне өзара ықпал етті ме? Өз жауаптарыңды деректермен дәлелдеңдер.

Қазақ малшылары мен Ресей шаруаларының өмірі мен тұрмысын салыстырыңдар.



Каталог: uploads -> doc -> 131d
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
131d -> Сабақ жоспары Күні : қазан 2016 ж
131d -> «Болашақ»мектеп- гимназиясының көшбасшысы Байжарқынова Шарипаның 2015-2016 оқу жылының І жарты жылдығындағы атқарылған жұмыстарының есебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет