8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 6. Кіші жүздің Ресейге қосылуы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды Кіші жүздің Ресейге ққосылуының негізгі себептерімен таныстыра отырып, оған жоңғар шыпқыншылығының әсерін және Әбілқайырдың Ресейге қосылу саясатында қандай мақсат көздегенін түсіндір.
Салыстырмалы талдау жасау арқлы оқушылардың шығармашылық ынтасын дамыту, тақырыпты ашу үшін күрделі немесе қарапайым жоспарлар құру, өз көзқарасы н дәлелдеуге үйрету.
Мақсатқа жету жолында табандылыққа, шыдамдылыққа, ерік-жігердің күшті болуына тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: Сыртқы саяси жағдайдың шиеленісуі, орат, Ресейдің «азиялық саясаты», қазақстарды башқұрттарға айдап салу саясаты, елшілік, бодандық, империя, саяси және экономикалық тәуелділік, әскери қорғаныстық бекіністер.
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Кестенің толтырылуын тексеру.
Оқушылардың өздері жинаған мәліметтерін оқуға мүмкіндік беру, оны сынып болып талқылау, бағалау.
ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
XVIII ғасырдың І-ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру үшін Әбілқайыр ханның ұстанған бағыты.
Ресей мемлекетінің XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяқ кезіндегі Қазақстанға қатысты ұстанымы.
XVIII ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кіші және Ұлы жүздің жағдайы.
Үй тапсырмасын тексергеннен икейін, карта арқылы өткен материалды қаншалықты игергенін көріп, Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайының күрделене түскені жөнінде әңгімелеймін. Ол үшін қалыптасқан жағдайдың төмендегідей сызбасын ұсынамын.
Ішкі жағдай
Аңырақай шайқасынан кейінгі хан тағы үшін күрес салдарынан қазақ билеушілері арасында келіспеушіліктер пайда болды.
Феодалдық бытыраңқылық күшейді.
Сыртқы жағдай
Жоңғарлар тарапынан қауіп сақталып қалды.
Қазақтардың Бұхара және Хиуа хандықтарымен арадағы жағдай күрделі күйінде қалды.
Еділ қалмақтарымен және башқұрттармен қарым-қатынас күрт шиеленісіп кетті.
Мұндай жағдайда Қазақ хандығы алдында басты мәселе сыртқы жаудан қорғану және елдің тұтастығын сақтап қалу болды. Бұл жерде Әбілқайырдың жеке басына тоқталу керек. Оқушылар ханның жеке басы жөнінде өз білетіндерін айтқаннан кейін, оқулықтағы қосымша деректерді пайдалана отырып, төмендегі кестені толтыру керек: «Әбілқайыр ханның жеке басының жағымды қасиеттері мен кемшіліктері» (ерекшеліктерін айқындау, салыстырмалы түрде талдау жасау).
Жеке басының жағымды қасиеттері
|
Жеке басының кемшіліктері
|
Әбілқайырды Ресейден көмек сұрауға мәжбүр еткен жағдайлар:
1.
2.
3.
4.
«XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяқ кезіндегі Ресейдің Қазақстанға байланысты ұстанымы». Бұл тақырыпшаны оқыту үшін мынадай өзіндік жұмыстар жүргізуге болады:
А) XVIII ғ. 30- жылдарына дейінгі қазақтардың патша үкіметімен қарым-қатынасы.
Ә) Әбілқайырдың Ресей императрицасы Анна Иоановнаға жіберген елшілігі. 1730 ж.
Б) сыртқы істер коллегиясының тілмашы А.Тевкелев бастаған орыс елшілігінің Қазақстанға келуі.
В) Ресейдің отаршылдық саясаты. Қазақстанды алуға жасалған қадамдар:
1734 ж-
1735 ж-
1735-37 ж-
1740 ж-
1738 ж-
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының нәтижелерімен танысқаннан кейін Ресейдің Қазақ хандығына қатысты саясатын қорытындылаймыз. Бұл жерде белгілі тарихшы М.П.Вяткиннің мына сөзі оқылады:
«... Ішкі феодалдық күрес үдеп тұрған кезде жүргізілген бұл саясат мемлекетті ыдыратуға, қазақ жүздерін, ең алдымен Кіші жүзді әлсіретуге бағытталған анархиялық саясат болды. Тек қазақ қоғамының бытыраңқылығы ғана патша үкіметіне қазақ жүздеріне қарсы кең көлемде шабуыл жасауға мүмкіндік беретін еді».
Бұған қоса оқушылардың назарын мына мәселеге аудару қажет: орыстардың қазақ жеріне тереңірек енуіне төмендегі жағдайлар қолайлы әсер етті.
Қазақ жерін біртіндеп отарлау.
Қазақ билеушілерінің өзара тартыстарын тиімді пайдалану патша шенеуніктерінің іс-әрекетін жеңілдетті., патша үкіметі ешқандай қарсылықсыз Жайық өзені бойында бірнеше әскери бекіністер тұрғызды.
Қазақстанның батысындағы және солтүстігіндегі әскери бекіністерді Орта Азия мемлекеттерінің аумағына енуі үшін әскери тірек базалары ретінде пайдалану.
XVIII ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кіші және Орта жүздегі қалыптасқан жағдайды толық түсіну үшін оқулықтағы тақырып бойынша картамен практикалық жұмыс жүргізу.
IV.Сабақтың практикалық бөлігі:
XVIII ғ. 30-40 жылдарында Ресей неліктен Қазақстанның солтүстік-шығысында әскери бекіністерін құра бастады?
Олар қашан және қайда салынды? Картадан көрсетіңдер.
Қазақтардың Ресеймен және орта Азия мемлекеттерімен сауда жасаған негізгі қалаларын атаңдар.
Орыс-қазақ сауда байланысы жөнінде не айтасыңдар?
Бағалау:
Үйге тапсырма:
1. Тақырыпты оқыңдар және параграф соңындағы сұрақтарға жауап беріңдер.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 7. XVIII ғасырдың ортасындағы Қазақстан.
§ 8. Қазақ-қалмақ қатынастары
Сабақтың мақсаты:
Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін Кіші жүзде қалыптасқан жайдайды түсіндіру, әскери-қорғаныстық бекіністердің салына бастауы жөнінде әңгімелей отырып, Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық саясатын ашып көрсету, оқушылардың назарын қазақ-қалмақ қарым-қатынастарына аудары;
Құжаттармен, картамен жұмыс жасау тәсілдерін жетілдіру, саяси қайраткерлердің
қызметіне талдау жасау және баға беру арқылы оқушылардың логикалық ой-өрісін жетілдіру, танымдық қызығушылықтарын дамыту;
Халық тарихына құрметпен қарауға, достыққа, бір-бірін түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: Қазақ-башқұрт қарым-қатынастар спецификасы, әскери-қорғаныстық бекіністер салу, «Шаңды жорық», қазақ-қалмақ қатынастары.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Әбілқайыр хан неліктен Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болды?
Кіші жүздің Ресей құрамына кіруіне байланысты қалыптасқан негізгі оқиғаларды әңгімелеңдер.
XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының саяси, экономикалық, мәдени өміріне бодандық қалай әсер етті?
Хронологиялық диктант
ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Әбілқайыр хан қаза тапқаннан кейін Кіші жүздегі жағдай.
Қазақ-башқұрт қатынастарының ерекшеліктері
Шекара аймақтарында әскери бекініс шептерінің салынуы.
Қазақ-қалмақ қатынастары
«Шаңды жорық». Қазақтардың қалмақтарды жеңуінің тарихи маңызы.
Үй тапсырмасын бірден Әбілқайыр қаза тапқаннан кейінгі Кіші жүздің жағдайын талқылауды бастаймын:
Кіші жүз
Экономикалық жағдай
|
Саяси жағдай
|
Орта жүздің шекара аудандарында жер дауының онан әрі шиеленісуі. (Патша үкіметі қазақ жерін ашық басып ала бастады:
А) шекара аудандарында әскери бекіністер тұрғызу;
Ә) 1755 ж. патша үкіметі Орта жүз қазақтарына Ертістен өтуге тыйым салды;
Б) 1765 ж. Он шақырымдық белдеу межеленді.
В) Қазақстарға орыс бекіністеріне 30 шақырымға дейін жақындауға тыйым салынды.
|
10 шілде, 1749ж. Ресей үкіметі ресми түрде Нұралыны Кіші жүз ханы етіп бекітті. Оған жылына 600 сом жалақы тағайындалды. (Бірақ Кіші жүз тәуелсіз екі бөлікке бөлінді. Солтүстік-батыс бөлігін Нұралы, ал оңтүстік-шығысын Батыр биледі.)
Қазақ-башқұрт жанжалдары;
Жоңғарлардың Қазақстан аумағына әскери жорығы;
Осы жағдайға байланысты Ресей ұстанымы:
А) қазақстанр мен башқұрттардың Ресейге қарсы күресте бірігіп кетпеуі үшін араларына от салу, ол үшін кез-келген қолайлы сәтті пайдалану.
|
Осыдан кейін оқушыларды қазақстардың башқұрттармен және қалмақтармен қарым-қатынастарының ерекшеліктерімен таныстыра отырып, Қазақстан тарихы хронологиясындағы материалдар негізінде салыстырмалы кесте жасау, сол арқылы оқушылардың салыстырмалы талдау жасау, тақырыптағы әр түрлі деректерді пайдалана отырып қорытынды шығаруын дамыту.
Қазақ-башқұрт қатынастыры
(Башқұртстан)
|
Қазақ-қалмақ қатынастары (Еділдегі Қалмақ хандығы)
|
Осы халықтар арасындағы қатынастарға байланысты Ресейдің ұстанымы (құжаттарды пайдалану)
|
|
|
|
Қазақстанның солтүстік-шығысында XVIII ғ-дың 30-40 жылдарында әскери бекіністер салу мәселелерін қарастырғанда картамен жұмыс жасау пайдалы:
Салынған бекіністердің аты мен салыну себебі
Орналасқан жері
Алып жатқан аумағы
Маңызы
Жүргізілген жұмыстарды қорытындылай келе, Ресейдің жер мәселесі жөніндегі орталық саясатын ашып, оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту үшін төмендегі тапсырманы беремін
Тапсырма: Оқулықтағы тақырып пен Қазхақстан тарихы хрестоматиясындағы материалдарға сүйене отырып және картаны пайдалану арқылы патша үкіметінің Қазақстандағы жер саясатының отаршылдық мәнін ашатын мысалдар келтіру. (Берілетін жауап үлгілері: Қазсқстанның тәуелділігінің күшеюі; қазақ әскерінің құрылуы, жайылымдарды тартып алып, әскери тірек базаларын салу, жергілікте қазақ руларын жайылымдық жерлерден біртіндеп ығыстыру және босаған жерлерге казактарды қоныстандыру, жергілікті ақсүйектердің саяси ықпалын әлсірету, олардың жерін тартып алу, т.б.)
IV.Сабақты бекіту:
Оқулықтың 55-56 беттеріндегі құжатпен жұмыс ( Добромыслов А.И. Торғай облысы. Тарихи очерк. Орынбор. 1901, 149-150-беттер)
Тапсырмалар: Құжатты оқи отырып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Қазақ-қалмақ қатынастарының қандай ерекшеліктері бар?
Патша үкіметі неліктен қалмақтардың Жоңғарияға көшуіне қарсы болды?
Ресей қалмақтарға қарсы қандай шаралар қолданды?
Қазақстардың Еділ қалмақтарыны талқандауда негізгі рөл атқарғанын қалай түсіндіресіңдер?
Қазақтар
Башқұрттар
Қалмақтар
|
Шаруашылығы
|
Киіз үй жабдықтары
|
тілдері
|
Діні
|
Ортақ белгілер: рухани және материалдық негізде
|
|
|
|
|
|
|
Бағалау:
Қазақтардың қалмақтарды талқандауының қандай тарихи маңызы бар?
Үйге тапсырма: Кестені толтырыңдар.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 9. Абылайхан билігі тұсындағы қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету. Абылайды осындай дәрежеге көтерген деректерді ашу;
Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Абылай хан бейнесі арқылы оқушыларды Отағна деген сүйіспеншілік, адалдық, табандылық рузында тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: саяси және мемлекеттік қайраткер, ішкі және сыртқы саясат, Қазақ хандығының Ресеймен, Жоңғариямен, қызғыздармен қарым-қатынасы.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
«XVIII ғ. ортасындағы Қазақстан» және «Қазақ-қалмақ қатынастары» тақырыптары бойынша сұрақтар қою.
1. Картамен жұмыс:
Картадан Башқұртстанның қайда орналасқанын көсетіңдер. Башқұртстанның мемлекеттік құрылымы жөнінде не білесіңдер?
Қалмақ хандығының географиялық орналасу ерекшеліктері. Қалмақ хандығының пайда болу тарихы.
Қалмақ билеушілерінен кімдерді білесіңдер?
XVIII ғасырдың ортасына қарай Кіші жүздің жағдайы неліктен шиеленісіп кетті?
Қазақстар мен башқұрттар арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері жөнінде не білесіңдер?
Тарихи тұлға
|
Жылдар
|
Оқиғалар
|
Нұралы
|
1771
|
Еділ қалмақтарын Жоңғарияға бастап барған қалмақ билеушісі
|
Батырша
|
10 шілде, 1749
|
Әбілқайыр ханның баласы. Патша үкіметі оны Кіші жүз ханы етіп ресми түрде бекітті
|
Неплюев
|
1765
|
Генирал-поручик, Сібір шебінің қолбасшысы, Ертістің дала жағынан 10 шақырымдық белдеу орнатуды межеледі.
|
Шпрингер
|
1697
|
Орыс патшасы, Аюкені ресми түрде Еділ қалмақтарының ханы етіп бекітіп, Ресейдің оңтүстік-шығыс шекараларын қорғауды тапсырды.
|
І Петр
|
1742
1754
|
Орынбор өлкесінің губернаторы, қазақстарды көршілес башқұрттармен, қалмақтармен жауластыру саясатын жүргізген
|
Убашы
|
1755
|
Башқұрттардың Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің негізгі басшысы.
|
Орта жүзде жер мәселесінің шиеленісуі неліктен болды?
Қазақстар Еділ қалмақтарын талқандауда неліктен шешуші рөл атқарды?
(Сабақта хронологиялық кестені пайдалану оқушыларға оқылған тарихи оқиғаларды терең меңгеруіне, олардың себеп-салдарлық байланыстары мен заңдылықтарын меңгеруге тарихты ғылыми түсінуге көмектеседі.)
Карточкалармен жұмыс.
№1 тапсырма. «Тарихи тұлға».
-Төмендегі тарихи оқиғалар мен оған қатысты тарихи тұлғаларды рет-ретімен қойып шығыңдар.
№2 тапсырма. «Қазақстан XVIII ғ. ортасында» деген тақырып бойынша тарихи оқиғалардың хронологиялық тізбесін жасау:
1748ж.-
1740-1755 жж.-
1752-1755 жж.-
1765 ж.-
1771 ж.-
№3 тапсырма. «Қазақ –қалмақ қатынастары» тақырыбы бойынша тарихи оқиғалардың хронологиялық тізбесі:
1628 ж.-
1697 ж.-
1723 ж.-
1726 ж.-
1771 ж.-
ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Абылай-аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері.
Абылай ханның ішкі саясатының ерекшеліктері
Абылай тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
Абылайды Қазақстан тарихындағы орны.
І. Өмірбаяны. Абылай тұлғасының қалыптасуы:
«Әбілмансұр-Сабалақ-Абылай».
Қосымша деректердің (әдеби шығармалар, ғылыми-көпшілік әдебиет, кинофильмдер, деректі хроника, т.б.) көмегімен оқушыларды пбылай ханның өмірбаянымен таныстыру.
№1 тапсырма. Абылайдың өмірбаяны.
Абылай қандай қасиеттермен ерекшеленді?
Қалай ойлайсыңдар, Абылайдың балалық шағы және жастық кезеңдері белгілі оқиғаларға сәйкес келмегенде тұлға ретінде қалыптасар ма еді?
Абылайдың қандай қасиеттері сендерге ұнайды?
ІІ. Абылай ханның мемлекеттік қызметі.
№2 тапсырма. Абылайдың ішкі саясаты.
Тақырыпты оқи отарып, мына сұрақтарға жауап беріңдер:
Абылай өзінің ішкі саясатында алдына қандай мақсат пен міндет қойды?
Абылайдың өзі билеген кезеңде жүргізген реформаларын көрсетіңдер, оның Қазақ хандығының саяси және экономикалық өміріндегі маңызын анықтаңдар.
ІІІ. Абылайдың сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
№3 тапсырма. Тақырыпты оқып, кестені толтырыңдар.
Қазақ-орыс қатынастары
|
Қазақ-жоңғар қатынастары
|
Қазақ-қырғыз қатынастары
|
|
|
|
№4 тапсырма:
Тақырыпты оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:
Абылай өзінің сыртқы саясатта жоспарлаған барлық істерін жүзеге асыра алды ма?
Бұл шаралар қандай нәтиже берді?
Абылайдың саясатына сендер қандай баға бересіңдер?
Абылайдың есімі қазақстан тарихында қандай орын алды? (Бүгінде Абылай тек әйгілі хан ғана емес, оның есімі тәуелсіздік пен бірліктің символы)
IV.Сабақты бекіту: Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беріңдер.
Бағалау:
Үйге тапсырма:Абылай хан жорық жасаған елдер мен аймақтарды картаға түсіріңдер.
Абылайханның өмірі мен қызметі жөнінжегі қандай шығармаларды білесіңдер? Неліктен халық оған көзі тірісінде «әруақтай» сыйынды?
«Абылай хан» тақырыбына сөзжұмбақ құрастырыңдар
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §10. Қазақстардың Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы
Сабақтың мақсаты:
Жалпы тарих курсындағы осы тақырыпты еске түсіре отырып, қазақстардың Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуының себептері мен негізгі кезеңдерін қарастыру;
Оқушылардың тақырыппен жұмыс істеу, салыстыру, талдау жасау машықтарын жетілдіру, логикалық ойлау жүйесі мен өз ойын белгілі дәрежеде жеткізе білуге, сөйлеу мәдениетіне, тарихқа құрметпен қарауға үйрету, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: шаруалар соғысы, көтеріліс, жетекші күштер, алғышарттар, себептері және көтерілістің барысы, тарихи маңызы.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
«Абылай мен оның заманы» атты эссе жазу.
Тақырып бойынша тест сұрақтары.
ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндірудің жоспары:
Қазақстардың Е.Пугачев бастаған көтеріліске қатысуының негізгі себептері.
Кіші жүз қазақтарының қатысуы
Орта жүз қазақстарының негізгі қатысқан кезеңдері
Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары
Шаруалар көтерілісіне қазақтардың қатысуының тарихи маңызы
Оқушылар тақырыппен «Жалпы тарих» курсы бойынша таныс, сондықтан Ресейдегі 1773-1775 ж. шаруалар соғысы тарихы бойынша сұрақтар қойып, естеріне түсіремін. Сонан кейін қазақстардың бұл көтеріліске неліктен қатысқанын өздігінен ізденулеріне жөн сілтеу. Ол үшін сыныпты екі топқа бөліп жұмыс істету керек.
№ 1 тапсырма: Тақырыпты оқып, Кіші жүз қазақтарының Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы жөнінде шағын жоспар құру (қатысу себептері, қозғаушы күштері, щаруалар соғысына қазақтардың қатысу кезеңі, негізгі оқиғалар, жеңілу себептері, тарихи маңызы).
№ 2 тапсырма:
Тақырыпты оқи отырып,Орта жүз қазақтарының Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы жөнінде шағын жоспар құру (қатысу себептері, қозғаушы күштері, шаруалар соғысына қазақстардың қатысу кезеңі, негізгі оқиғалар, жеңілу себептері, тарихи маңызы)
Осыдан кейін оқушылардың еңбетерінің нәтижелерін тыңдай отырып, сабақта мына тақырыпшалар төңірегінде қорытындылау:
Қазақстардың Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысу себептері.
Осы кезеңдегі негізгі оқиғалар.
Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары.
Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қазақтардың қатысуының тарихи маңызы.
IV.Сабақты бекіту:
1773-1775 ж. көтеріліске қазақтар қатысқан негізгі кезеңді атаңдар.
Кіші жүз қазақтарының Е.Пугачев көтірілісіне белсене қатысқаны туралы мысал келтіріңдер.
Орта жүз қазақтарының Е.Пугачев көтерілісіне қатысуының ерекшеліктері неде?
Көтеріліске қатысушылар мен оның жекекшілеріне сипаттама беріңдер. Е.Пугачев, Нұралы хан, сұлтандар-Айшуақ, Досалы, Ералы, т.б. (мінездері, іс-әрекеттері, көзқарастары)
Бағалау:
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып, соңындағы сұрақтарға дауап беріңдер
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §11.Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Қазақстан аумағында болған отаршылдыққа қарсы ірі баскөтерулердің бірінің тарихы жөнінде әңгімелеу. Оларға көтерілістің ерекшеліктерін, С.Датұлының жеке басының осы кезеңдегі саяси оқиғаларға тікелей әсерін, көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызын түсіндіру.
Жұмыс істеу машығын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: тапша үкіметінің отаршылдық саясаты. Жер мәселесі, салықтар, қазақ ақсүйектерінің ұстанымдары, тарихтағы тұлғаның рөлі, жеңілудің объектіивті және субъективті себептері, тарихи маңызы.
Достарыңызбен бөлісу: |