8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 15. Бөкей хандығының құрылуы
Сабақтың мақсаты:
Бөкей ордасындағы 1836-1837 ж. көтеріліс алдындағы саяси және шаруашылық дамуға баға беру, ордада жүргізілген өзгерістерге Жәңгір ханның тікелей әсерін ашу;
Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, басты оқиғаны көре білуге, жеке тұлғаға баға беруге, оның істерін.е талдау жасауға баулу;
Өз халқына деген мақтаныш сезімін ояту, адамгершілік тәрбие.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
1. Құжаттармен практикалық жұмыс:
- Оқушыларға ҚР Конституциясының кейбір тарауларынан үзінді оқып беріп, оны XVIII ғ. іске асырылған дәстүрлі құқық нормаларымен салыстыру.
ҚР Конституциясы. VII тарау, 75-84-баптар
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру жоспары:
Қазхақстардың Жайықтың оң жағына өтуінің негізгі себептері. Ресей патшасы І Павелдің 1801 ж. 11 наурыздағы жарлығы. Жәңгір хан.
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуындағы өзгерістер.
Жәңгір ханның мәдени-ағартушылық қызметі.
Бөкей хандығының Қазақстан тарихындағы орны.
«XVIII ғ. Қазақ хандығы» картасын пайдалана отырып, оқушыларға қазақтарды Жайықтың оң жағына өтуге мәжбүр еткен оқиғалар жөнінде айтып беру. Және осы тұста патша үкіметінің иқазақтар жөніндегі ұстанымын айта кету. Сонан соң Бөкей хандығының басқару құрылымының ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталу, Жәңгір хан билекке келгеннен кейінгі өлкедегі саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы және оқулық пен хрестоматиядағы материалдар негізінде ханның жеке басы жөнінде әңгімелеп беру. Қосымша әдебиеттерді пайдалану негізінде оқушылардың тарихқа қызығушылығын арттыру.
№ 1 тапсырма:
Оқулықтың 99-100 беттеріндегі мәтінді оқыңдар және қазақтардың Жайықтың арғы жағына өтуінің негізгі себептерін анықтаңдар.
Сендер қалай ойлайсыңдар, Ресей үкіметі неліктен өзінің ішкі аумағында мемлекеттік құрылымның орнауына жол берді. (Ресей қандай мақсат көздеді.)
№2 тапсырама.
Картадан Ішкі Орданың аумағын көрсетіңдер, халқының санын, хан ордасының орналасқан жерін анықтаңдар.
Жаңа мемлекеттік білім беру мәртебесі жөнінде әңгімелеңдер. Оқулық, 103-бет.
№ 3тапсырма
Әр түрлі дерек көздерінен алынған ақпараттарға сүйене отырып, кесте құраңдар. Онда халықтың экономикасындағы, басқару құрылымындағы, өмірі мен тұрмысындағы, мәдениетіндегі өзгерістерді көрсетіңдер.
№ 4 тапсырма:
«Мәдени-ағартушылық миссия» терминының мәнін ашыңдар. Параграфты оқып шығып, Жәңгір хан оқу ағарту, денсаулық, мәдениет, дін салалары бойынша қандай шаралар өткізгені туралы жұмыс дәптерлеріне жазыңдар.
Жәңгір хан мына салаларда іс-шара атқарды
|
Ағарту ісі Денсаулық Экономика Мәдениет пен дін
IV.Тақырыпты бекіту: тақырыптың соңындағы сұрақтарды талқылау.
Бағалау:
Үйге тапсырма:
Кестені толтырып, онда Жәңгір хан жүргізген шаралардың жағымды және жағымсыз жақтарын көрсетіңдер.
Мына терминдердің мәнін анықтаңдар (сөздікпен жұмыс): «Бөліп ал да, билей бер» принципі, автономия, салық, мал басынан алым алу, аренде (жалға беру), жеке меншік, жер иелену түрі, жәрмеңке, алым-салық, зайырлы мектеп.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 16. Қазақстардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға қазақтардың Ресейдің 1812 жылғы Отан соғысына қатысуы туралы айта келіп, ХІХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ жүздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын түсіндіру, адамдардың соғысқа көзқарасы, соғыстың салдары мен маңызы жөнінде әңгімелеу;
Оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу машығын, логикалық ойлау жүйесін дамыту, тарихи терминдерді қолдану мен шешім қабылдай білуді үйрету;
Патриоттық, ержүректік, интернационалдық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: Отан соғысы, әділетті және әділетсіз соғыстар, патриотизм, ерлік жасау, Отан алдындағы міндет, партизан соғысы, өзара көмек, тамырластық, қазақ байларын шоқындыру.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй жұмысын сұрау:
Жәңгір ханның оқу-ағарту, денсаулық сақтау, мәдениет, дін салалары бойынша жасаған реформаларын атаңдар.
Ресей үкіметі неліктен өзінің ішкі аумағында мемлекеттік бірлестік құруына ұқсат етті.?
Жаңа мемлекеттік бірлестіктің мәртебесін түсіндіріңдер.
ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:
1. Ресеймен шекаралас Қазақстан аумағындағы аштық. Патша әкімшілігінің 1808 жылғы 28 мамырдағы жарлығы.
2. Орынбор және Орал шептерінде қазақ балаларының шоқындырылуы.
3. Қазақтардың Отан соғысына қатысуы. Оның тарихи маңызы.
Оқушыларға алғашынды 1800-1812 ж. аралығындағы кезеңде Қазақстанда болған оқиғалар жнінде айта келіп, ХІХ ғасырдың бас кезіндегі шекаралас аудандардағы қазақ-орыс қатынастарын, сауданың дамығанын, қазақтар мен орыстар арасында «тамырлық» байланыстар орнағанын, жайылымдық жерлердің таралуы мен жұт жылдары Кіші жүз қазақтарының жағдайларының нашарлағаны жөнінде әңгімелеу. Нәтижесінде шекаралас қазақ аудандарында аштық басталып, құжаттарда олардың өз балаларын сатқаны айтылады. Патша үкіметінің қазақтарды шекараның ішкі бөліктеріне көшіруі жөнінде айта келіп, сыныпқа төмендегідей тапсырма берілді.
Тапсырмалар:
Мұғалімнің кіші жүздегі әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы әңгімесінен кейін мынаны анықтаңдар:
Патша үкіметісаясатының мақсаты не?
1808 жылы 23 мамырдағы жарлықтың шығуына қандай қажеттілік болды?
Қазақтар шекара шебінің ішкі бөлігіне қоныстану үшін қандай шарттарды орындауы қажет еді.?
Қазақтардың өмірі мен шаруашылығында қандай өзгерістер болды?
Қазақ балаларын шоқындырпу не себептен болды?
Сабақ барысында оқушылардың тапсырманы қалай орындағанын тексеріп, жауаптары толықтырылады, олардың логикалық талдауларына , өз көзқарасын қалай дәлелдейтініне назар аударылады. Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуы жөнінде айтқанда картамен жұмыс ұйымдастырып, Отан тарихы жөніндегі қосымша әдебиеттермен (көркем әдебиет, кинофильмдер, суретшілердің осы тақырыптарға арналған картиналары) жұмыс істеу керек. Дүниежүзі тарихы мен орыс әдебиеті пәндерінен бұл тақырып оқушыларға жақсы таныс, сондақтан бұл сабақ ерліктің , Отанға деген сүйіспеншіліктің , халықтар достығының, өзара түсіністік пен бірін-бірі қолдаудың мысалдарына толы, ерлік сабағы ретінде өткізіледі.
IV.Сабақты бекіту:
ХІХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның Ресеймен шекаралас аудандарындағы ашаршылықтың негізгі себептерін атаңдар.
Патша үкіметі аштыққа ұшыраған қазақтарды құтқару үшін қандай шаралар қолданды?
Қазақстар Отан соғысы кезінде орыстарға қандай көмек көрсетті?
Сендер қалай ойлайсыңдар, қазақтар бұл соғысқа неге белсене қатысты?
Бағалау:
Үйге тапсырма:
Патша үкіметі 1808 жылғы 23 мамырдағы жарлығын қандай мақсатпен шығарды?
Тақырыпты оқып, кестені толтырыңдар.
«Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуы»
Шайқасқа қатысушының
аты-жөні
|
Шайқас
|
Марапатталуы
|
|
|
|
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 17. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға «Жарғының» ерекшеліктері, жүргізілген реформаның қазақ қоғамына әсері туралы айта отырып, Қазақстандағы хан билігі жойылуының себептерін түсіндіру;
Деректермен жұмыс кезінде логикалық ойлауды, еске сақтау қабілетін жетілдіру және деректерді салыстыра отырып, қорытынды шығаруға ү»рету;
Өткен тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: хан билігі, империялық басқару жүйесі, заң, бағыныштылардың құқ мен міндеттері , халықтың жаңа тәртіпке көзқарасы, «Жарғының» отаршылдық сипаты, сыртқы және ішкі округтар, дистанциялар, Орынбор комиссиясы.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Қазақстанның Ресеймен шекаралас аудандарындағы аштықтың негізгі себептері.
Қазақ балаларын шоқындыруға не себеп болды?
Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуының тарихъи маңыздылығы неде?
Кестенің толтырылуын тексеру.
ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Қазақстандағы хандық биліктің жойылуының себептері мен салдары.
Орта жүзде хандық билікті жоюдың басталуы. Жаңа басқару жүйесін енгізу.
сыртқы округтерде сайлау тәртібі және сыртқы приказдардың негізгі функциялары, міндеттері.
Шаруашылық пен сауданың дамуы.
Денсаулық сақтау, дін, білім беру салаларындағы жаңа тәртіптер. Орта жүздегі 1822 жылдан кейінгі оқиғалар.
Кіші жүзде хан билігін жою.
1877 ж. «Орынбар қырғыздырыны туралы Жарғы».
1822-1824 жж. Жарғыларды енгізудің салдары.
Қазақстанда хандық биліктің жойылуы кездейсоқ оқиға болған жоқ. Ресей империясы басынан бастап алдына осындай мақсат қойды. Ол мемлекет ішінде мемлекеттің өмір сүруіне жол беруге тырысты. ХІХ ғасырдың 1- жартысында қазақ қоғасының экономикалық, саяси, қоғамдық өмірінде болған өзгерістер, Франциямен соғыстың аяқталуы, халық арасында хандардың беделінің түсіп кетуі Қазақстанда хандық билік институтының жойылуына басты себеп болды. ХІХ ғасырдың басында жүргізілген патша үкіметі реформаның басты мақсаты қазақтың дәстүрлі саяси жүйесін жою болды. Өйткені ол қазақ қоғамын шаруашылық жағынан отарлауға бөгет жасады. Тақырыпты оқыту кезінде сабақты үш бөлімге бөлуге болады.
І кезең. Мұғалімнің әңгімесі. Ол хан билігін жоюдың негізгі себептеріне тоқтала отырып, «Жарғының» авторларына және олардың мақсатына жан-жақты тоқталады.
Одан кейін оқушыларға «Орта жүзде хан билігінің жойылуы» («Сібір қырғыздары туралы жарғы», 1822) және «Кіші жүзде хан билігінің жойылуы» («Орынбор қызғыздары туралы жарғы»,1824) деген тақырыптар бойынша өздігінен дайындалуға тапсырма береді.
ІІ кезең. Өзіндік жұмыс.
А) Оқушылар төмендегі жоспар бойынша «Орта жүзде хан билігінің жойылуы» тақырыбына хабарлама дайындаулары керек.
Жобаның аты
Шыққан жылы
Авторлары
Жаңа басқару жүйесінің ерекшеліктері
Округтік приказдарды сайлау тәртібі және функциялары
Мына салалардағы жаңа тәртіп:
экономика
сауда
денсаулық сақтау
білім беру
дін
Ә) «Кіші жүзде хандық билікті жою» (1824, 1844) тақырыбына төмендегі жоспар бойынша хабарлама дайындау:
Жобаның аты
Шыққан жылы
Авторлары
Жаңа басқару жүйесінің ерекшеліктері.
Өзіндік жұмыс нәтижелерін талдағаннан кейін, қорытынды шығару.
IV.Сабақ тақырыбын бекітуге арналған сұрақтар үлгісі:
Қазақстандағы жаңа реформаның мақсатын айтыңдар.
Орта жүзде шаруашылық, сауда, денсаулық, дін салаларында қандай өзгерістер болды? (Кесте толтыру)
1844 ж. Орынбор қазақтары өмірінде қандай өзгерістер болды?
Бағалау:
Үйге тапсырма:
Терминдердің мағынасын түсіндіріңдер.
Оқулықтағы мәтінді және Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы құжаттарды пайдалана отытыр, «Тарихи тұлға» атты хабарлама дайындау (оқушының өз таңдауы бойынша)
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 18. Ақмола бекінісінің салынуы мен дамуы
Сабақтың мақсаты:
Сабақ барысында оқушыларға қаланың салыну тарихы, оның саяси стратегиялық, экономикалық маңызы туралы әңгімелеп, қаланың қазіргі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы мәртебесіне тоқталып кету;
Әр түрлі тарихи кезеңдердегі тарихи оқиғаларды салыстыра білу, логикалық ойлау машығын дамыту, тарихи карталармен жұмыс істеуге үйрету;
Туған жерге деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезіміне , эстетикалық талғамды қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: әскери бекініс, округтік приказ, қала мәртебесі, Ақмола әскери бекінісінің негізгі тарихи кезеңдері, қалалықтардың кәсібі, тарихи-архитектуралық ескерткіштері.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Қазақстандағы хан билігі қандай жағдайда жойылды?
1822 ж. шыққан «Сібір қазақтары туралы жарғының» басты мақсаты қазақтың дәстүрлі саяси жүйесін жою, және аумақтық басқарылуын өзгерту болды. Осыны растайтын деректер келтіріңдер.
Картадан округтік приказдар мен Кіші жүздің үш бөлігін көрсетіңдер. Орта және Кіші жүз қазақьары қай генерал-губернаторларға бағынды?
ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Жаңа округтің ашылуына дайындық. Ақмола округтік приказы.
Ақмола-аймақтағы ірі сауда орталығы. Округтік қаланың мәртебесі.
«Ақмола» энциклопедиясы (немесе қала тарихы туралы кез-келген қосымша әдебиеттер) материалдары негізінде оқушыларға ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру. Сабақта міндетті түрде тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының тарихы айтылатын кез келген жаңа деректерді пайдалану. Ізденіс барысында оқушыларды астананың әскери бекініс ретіндегі тарихымен таныстыру (пәнаралық байланыстар: география, әдебиет, ғылыми зерттеулер).
Оқушылар арасынан құрылған топтарға төмендегі бағыттар бойынша тапсырмалар беру:
1-топ. «Ақмола» бекінісі. Географиялық орналасуы. Табиғаты мен табиғи ресурстары тақырыбына хабарлама дайындау
Жалпы мәліметтері
Рельефі
Климаты
Су ресурстары
Жер бедері
Халқы
2-топ. «Ақмола округтік приказы-аймақтағы ірі орталық» тақырыбына хабарлама дайындау.
Жаңа басқару тәртібі
Жкономикасы
Архитектурасы мен қала құрылысы
Халқы
Білім беру
3-топ.Мына тақырып бойынша хабарлама дайындау:
«Қаланың қалыптасу тарихы»
Ақмола бекінісі-Ақмола округтік приказы-Ақмола-Цениноград-Ақмола-Астана.
Жылдар
Қаланың мәртебесі
Архитектуралық ескерткіштер
4-топ. Мына тақырып бойынша хабарлама дайындау:
«Астананың ақ таңы» (Қазақстан Республикасы астанасының қалыптасу тарихы)
Оқушылардың жұмыстарының қорытындысын шығару, талқылау және баға қою.
IV.Сабақты бекіту кезінде оқушыларға Астананың 10 жылдығына арнап газет шығаруды ұсыну.
Бағалау:
Үй тапсырмасы:
Әр түрлі деректерді пайдаланып, сәулет өнері ескерткіштерінің бірінің суретін дайында. Авторы кім, ғимарат қалай аталады, көркемдік деңгейі және маңызы жөнінде айтыңдар.
Мына тақырыптар бойынша қысқаша әңгіме жазу: «Астана тойы-біздің жас мемлекетіміздің үлкен жетістігі», «Ұлы істі ұлі халық пен ұлы басшы ғана атқарады», «Сарыарқаның інжу-маржаны» немесе тақпақ шығару.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 19. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық қозғалысы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды Кіші жүздегі көтіріліс тарихымен таныстыру. Көтерілістің алғышарттарын, себептерін анықтап, көтеріліс басшыларының ықпалына баға беғру. Көтерілістің өз құқықтарын қорғаулары үшін қажет болғанын түсіндіру;
Оқушыларды салыстырмалы талдау жасау мен іздену жұмыстарын жүргізуге машықтандыру, дұрыс жоспар құруға, пікірін жеткізе білуге йрету;
Оқушылардың көтерілісшілерге деген көзқарастары арқылы оларға партиоттық тәрбие беру, халық тарихын сыйлап, оған мақтанышпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.
ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:
Көтерілістің себептері және басталуы.
Көтерілістің аумағы мен негізгі оқиғалары.
Жеңілу себептері мен тарихи маңызы.
Сабақ алдында жаңа сабаққа қатысы бар өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады:
Кіші жүз қазақтары қатысқан қандай көтерілістерді білесіңдер?
Тарихтан, қазақ әдебиетінен сендер ХІХ ғ. басындағы Кіші жүздің саяси жағдайы, экономикалық және рухани өмірі туралы не білесіңдер?
Сонан соң картаға сүйене отырып, көтерілістің негізгі себептерін анықтаймыз. Шығармашылық жаттығу ретінде оқушылардың бұл мәселелер жөнінде қаншалықты білетінін көру үшін дискуссия ұсынамыз.
Көтерілістің себептері:
жер мәселесі;
салықтар, қазақ ақсүйектерінің өздері ұйымдастырған әр түрлі тонаулапр мен айыппұл салу.
халықтың Жәңгір хан саясатына қарсы болуы, феодал ақсүйектердің ұстанымдары.
Ресейдің қол астындағы қазақтарға жүргізген саясаты.
Көтеріліс аумағын көрсету, көтеріліс тарихымен таныса отарып, негізгі оқиғалардың хронологиялық тізімін жасау.
Жылдар
|
Адамдар
|
Оқиғалар
|
1836ж., ақпан
Наурыз
Қыркүйек
1837 ж. басы
1837 ж. жаз-күз
1837 ж. қазанның соңы
1837 ж. 15 қараша
1837 ж. 13 желтоқсан
1838 ж. басы
1838 ж. 12 шілде
1842 ж.
1845 ж.
|
|
|
Көтерілісшілердің негізгі қимылдарын сипаттау үшін Махамбет өлеңдерінен үзінділер оқып беру, оқушылардың сол тарихи оқиғаларды жүрегімен ұғынуына, халықтың жағдайын түсінуіне, көтерлісшілердің мақсатын нақты анықтауға көмектеседі. Оқушыларға ақын шығармалары бойынша тапсырма беруге болады.
Махамбеттің өлеңдерін оқып, мыналарды анықтаңдар:
Махамбеттің жауларымен қарым-қатынасы?
Ол халықтың қайыршылануына кімді кінәлі санады?
Оның Исатаймен, басқа да серіктерімен қарым-қатынасы?
Ол өз құқын қалай қорғау керек деді. Көтерілісшілердің идеологы ретіндегі оның өлеңдері халықтың хал-жағдайын, қайғысы мен үмітін көрсетті.
IV.Сабақты бекіту:
Оқулықтың 132-133-беттеріндегі мәтінді оқып, кестені толтырыңдар: «Көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызы».
|
Әскер саны
|
Қару жарағы
|
Әскери стратегияны, тактиканы, соғыс жүргізу әдістерін білу
|
Әскери мамандар (офицерлер)
|
Көтерілісшілер
|
|
|
|
|
Оыс армиясы
|
|
|
|
|
Бағалау:
Үйге тапсырма:
1836-1837 ж. көтерілістің негізгі себептері жөнінде әңгімелеңдер
Көтерлістің тарихи маңызы.
Кестені толтырыңдар.
«Кіші жүздегі 1836-1837 ж. көтерілістің басшылары»
|
Исатай Тайманұлы
|
Махамбет Өтемісұлы
|
Қай жерде туды?
|
|
|
Қай рудан шыққан
|
|
|
Қандай қызмет атқарды?
|
|
|
Мінез-құлық ерекшеліктері
|
|
|
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 20. Қазақтанда отаршылдық езгінің күшеюі.
Сабақтың мақсаты:
ХІХ ғ. 1-жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының ерекшеліктерін ашу, патша әкімшілігінің қазақ халқын отарлық езгіге салуы, басқару жүйесін өзгертуі, жайылымдарын тартып алуы, т.б. жөнінде әңгімелеп беру;
Фактілерд салыстыра отырып, талдау жасауға үйрету, оқиғаларға байланысты өз көзқарастарын білдіруге дағдаландыру;
Ұлттық патриотизмге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Көтерілістің негізгі себептерін атаңдар.
Көтерілістің тарихи маңызы қандай?
Кестемен жұмыстың орындалуын тексеру
ІІІ.Жаңа сабақты оқытудың үлгі жоспары:
Жаңаелек шебінің дұрыс құрылуы (1810-1822 ж.)
Жоламан Тіленшіұлы көтерілісі
Жаңашеп ауданының құрылуы
Қасым Абылайұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтеріліс.
Үй тапсырмасын сұрағаннан кейін, осы материалға сүйене отырып, Ресейдің Қазақстанға байланысты саясатын түсіндіру. Отарлық езгінің күшеюі, қазақ жерлерін ашық тартып алу, бекіністер салу, т.б. жөнінде әңгімелеу. Картамен жұмысты ұйымдастыру:
Картадан Елек, Жайық, Изобильная, Буранная, Жаңаелек, Линевская, Угольная, Ветлянская форпостарын картадан көрсету.
Жаңаелек құрылысы туралы әңгімелегеннен кейін оқушыларға төмендегідей логикалық сұрақтар қоюға болады:
Бұл бекіністер не үшіне тұрғызылды.
Сендердің ойларыңша, неліктен жер таңдап алынды?
Қазақстар арасында бұл жер несімен белгілі?
Неліктен патша үкіметі қазақстардан бұл жерді зорлықпен тартып алып, ол жергет әскерлерді, казактардыжәне Ішкі Ресейден әкелінген шаруаларды қоныстандырды? Өз жауаптарыңды дәлелдеңдер.
«Ж.Тіленшіұлы көтерілісі» және «Қ.Абылайұлы мен С.Қасымұлы бастаған көтерліс» деген тақырыпшаларды оқыту кезінде жұмыс дәптерлеріңе көтерілістің негізгі оқиғаларын жазып отырыңдар.
Ж.Тіленшіұлы бастаған көтеріліс
Жылдары...........................
Көтеріліс аумағы.........................
Көтерілістің себептері........................
Негізгі оқиғалар.................................
Жеңілу себептері.............................
Маңызы...................................
ол
Қ.Абылайұлы мен С.Қасымұлы бастаған ұлт –азаттық көтеріліс
Жылдары...........................
Көтеріліс аумағы.........................
Көтерілістің себептері........................
Негізгі оқиғалар.................................
Жеңілу себептері.............................
Маңызы...................................
ол
IV.Сабақты бекітіу:
Оқулықтағы мәтінге сүйене отырып, төмендегі кестені толтырыңдар:
Жаңа аудандар
|
Құрылған жылдары
|
Тартып алынған қазақ жерлері
|
Жергілікті қазақьардың тағдыры (қоныс аудару, жерді жалға беру)
|
Жаңаесіл
|
|
|
|
Жаңаелек
|
|
|
|
Жаңашеп
|
|
|
|
Бағалау:
Үй тапсырмасы:
Тақырыпты оқып, соңындағы сұрақтарға жауап беріңдер.
Құжаттармен жұмыс. 140-беттегі «Сұлтан Қасым Абылайхановтың Орынбор әскери губернаторына Көкшетау округтық приказын жоюды өтініп жазған хаты, 24 маусым, 1825 жыл».
Құжат бойынша сұрақтар:
Өз хатында Қасым сұлтан қандай талаптар қойды?
Неліктен ол бекініс салуына қарсы болды?
Қалай ойлайсыңдар, Қасым сұлтан неліктен Батыс-Сібір генерал-губернаторына емес, Орынбор губернаторына хат жазды?
Достарыңызбен бөлісу: |