Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты



бет8/9
Дата05.11.2016
өлшемі1,59 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: диаспора, катаклизм, миграция, эмигрант, ирриденттер.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қазіргі Қазақстанда тұратын диаспоралар жөнінде жазылған әңгімені тексеру.

  • Терминологиялық диктант.

  • Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  • Қазақстардың Қазақстаннан тыс жерлерге көшу себептері

  • Қазақстар Ресей империясының ішкі губерниялар аумағында.

  • Қытайдағы қазақ халқының қалыптасу ерекшеліктері

  • Монғолиядағы қазақстар.

  • Қазақстар Түркіменстанда, Өзбекстан мен Ауғанстан жерінде.

Оқушыларға алдымен қазақтардың шет елдерге кету себептерін (саяси, әлеуметтік-экономикалық) түсіндіру керек. Ол үшін оқушыларға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қоюға болады.

Сендер қалай ойлайсыңдар, қазақтар не себепті шет елдерге кетті?

Бұл үрдіске қандай оқиғалар себеп болуы мүмкін?

Бұрынғы өткен тақырыптар бойынша қазақ миграциясы туралы мысалдар келтіріңдер.



Қазақ

диаспорасы



Сыртқа кетуге себеп болған оқиғалар

Орналасқан аумағы

Қоныстанушылардың саны

Кәсібі

Ресей империясының ішкі губернияларындағы қазақтар













Қытайда тұратын қазақтар













Монғолияда тұратын қазақтар













Өзбекстенда тұратын қазақтар













Ауғанстанда тұратын қазақтар













Сонан соң оқулық материалдарына сүйене отырып, көрнекілік ретінде пайдаланылатын кестенің көмегімен шет елдердегі қазақтардың қалыптасу ерекшеліктеріне тоқталамыз.

IV.Сабақты бекіту: Бұқаралық ақпарат құралдары материалдарын пайдалана отырып, оқушыларды шетелде тұратын қазақтардың тұрмысымен таныстырып, өкіметтің оралмандар мен шетелдердегі қазақтарды қолдау жөніндегі бағдарламасы туралы айту керек.
Бағалау:

Үйге тапсырма: § 38. Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы



8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы:§ 39. Қазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезінде.

Сабақтың мақсаты:

  • 1905-1907 ж. болған орыс революциясының Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге тигізген әсері туралы айтып, өлкеде мұсылман қозғалысының күшею себептері мен кәсіподақ қызметінің ерекшеліктерін түсіндіру;

  • Тарихтың әр түрлі кезеңдерінде болған оқиғаларды салыстырып, қорытынды жасау машығын қалыптастыру;

  • Адамдардың діни көзқарастарына құрметпен қарауға, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ.Жаңа сабақты оқытудың жоспары:

Бірінші орыс революциясы және патша үкіметінің отаршылдық саясатының күшеюі. Өлкедегі мұсылман қозғалысы.

Жұмысшы қозғалысының күшеюі. Қазақстандағы социал-демократтар ұйымдары мен кәсіподақтар. Ауыл тұрғындарының қозғалысы.

Қазақ зиялыларының ұлт-азаттық қозғалыстардағы орны

Қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы.

Бірінші орыс революциясының қазақ халқының сана сезімінің өсуіне ықпалы.

1905 ж. 9 қаңтардағы «Қанды жексембіден» кейін Ресейдің басқа жерлеріндегі сияқты Қазақстанда да революциялық әрекеттер басталды. Отаршыл әкімшілік халықтан шындықты жасыруға тырысқанымен, Қазақстанда қанды қырғынға қарсы баскөтерулер болып өтті. Осы тұста оқушыарды революция кезіндегі Қазақстандағы саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ерекшеліктерімен таныстыра кеткен жөн. 1905-1907 ж. революцияның негізгі алғышарттарының бірі патша үкіметінің отаршылдық аграрлық саясаты болды. ХХ ғ. бас кезінде Ресейдің орталық губернияларынан Қазақстанға шаруалар ағылды. Бұл Қазақстандағы саяси жағдайды ушықтырды. Қазақ ауылдарынан көшіп келгендердің жағдайы нашарлап кетті.

Патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейді, қоныс аудару қорына қазақтардың ең құнарлы жерлері алынды.

Өлкеден арзан шикізат , минералды ресурстар тасып әкетілді.

Қазақ жұмысшыларының тұрмысы өте ауыр болды. Әйелдер мен бала еңбегі пайдаланылды, еңбекақы мөлшері тым аз еді.

Мұсылман қозғалысының күшеюі, мұсылман съездерін ұйымдастыру, онда діни мәселелерден басқа қазақ қоғамының саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелері де қаралды.

Жұмысшы қозғалысының күшеюі.

Қазақстанда социал-демократиялық және кәсіподақтық ұйымдардың құрылуы. Қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының қызметіне араласа бастады.

Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, қажетті ақпаратты таба білу және қорытынды шығара білу біліктілігін жетілдіру мақсатында оларға мына бағыттарда өзіндік жұмыс беруге болады.

№1 тапсырма:

Оқулық пен хрестоматия материалдарын пайдаланып, қазақстандағы мұсылман ұйымдарының бағдарламаларына баға беріңдер.

№ 2 тапсырма:

Оқулықтан «Жұмысшы қозғалысының күшеюі» деген тақырыпшаны оқып шығып, мына сұрақтарға жауап беріңдер.

Қазақстандағы саяси жағдайдың шиеленісуіне Ресейдегі оқиғалардың әсері жөнінде мысал келтіріңдер («Қанды жексембі», «Октябрь саяси стачкасы», т.б.).

Успен руднигіндегі стачкаға сипаттама беріңдер.

№3 тапсырма:

Қазақстанда 1905-1907 ж. аралығында болған оқиғаларды хронологиялық ретпен құрыңдар.

№4 тапсырма:

Оқулықтан «Қазақстандағы социал-демократиялық және кәсіподақ ұйымдары» деген тақырыпшаны оқып шығып, мына сұрақтарға жауап дайындаңдар:

Социал-демократтар деген кімдер?

Сендер басқа елдердегі кәсіподақ ұйымдарының тарихы жөнінде не білесіңдер?

Қазақстанда қандай кәсіподақ ұйымдары болды?

Қазақстан кәсіподақтарының ерекшеліктерін атаңдар.

IV.Сабақты бекіту:



  1. Қазақ зиялыларының ұлт-аззаттық қозғалыстарындағы рөліне қандай баға беріңдер?

  2. Үкімет саясатына жұмысшылар қандай әдістермен қарсылық көрсетті?

Үйге тапсырма: Сөйлемді аяқтаңдар.

1905-1907 ж. революция Қазақстанда жеңіліске ұшырады, өйткені:

-//-

-//-


-//-

1905-1907 ж. революцияның тарихи маңызы мынада:

-//-

-//-


-//-

-//-


І Мемлекеттік Думаның құрамына енген қазақтар:

  1. Торғай облысынан-

  2. Уфа облысынан-

  3. Орал облысынан-

  4. Астрахан облысынан-

  5. Ақмола облысынан-

  6. Семей облысынан-

ІІ Мемлекеттік Думаың құрамына енген қазақтар:

  1. Ақмола облысынан-

  2. Торғай облысынан-

  3. Семей облысынан-

  4. Орал облысынан-

  5. Астрахан облысынан-

  6. Сырдария облысынан-

  7. Жетісу облысынан-

Бағалау:


Үйге тапсырма: :§ 39. Қазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезінде.

8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 40. Қазақтардың петициялық қозғалысы

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Қазақстандағы петициялық қозғалыстың мәні мен мағынасын түсіндіру, отаршылдық езгінің күшейгенін айта келе, қазақтардың Мемлекеттік Думадағы қызметін, ұлттық сананың оянғанын көрсету;

  • Қосымша деректермен жұмыс істеу арқылы оқушылардың тарих пәні бойынша білімдерін жетілдіру, салыстырмалы талдау жасау біліктілігін, есте сақтау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту;

  • Еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

«Қазақтардың мемлекеттік Думаға қаысуы».



  • Сөйлемді аяқтаңдар:

Мемлекеттік Дума-бұл.........................................................................................................................

Қаралған мәселелер- ...........................................................................................................................



  • 1906 ж. шаруалар толқулары болған Қазақстан облыстарын картадан көрсетіңдер.

Үй тапсырмасын тексеру: «1905-1907 ж. революцияның жеңілу себептері мен тарихи маңызы».

Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының дамуы туралы не білесіңдер?

ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:


  1. Петициялық қозғалыстың бсаталуы. Қарқаралы петициясы.

  2. Қарқаралы петициясының мазмұны.

  3. Петициялық қозғалыстың тарихи маңызы.

Мұғалімнің Қазақстандағы петициялық қозғалыс, оның қызметі мен мазмұны жөніндегі кіріспе сөзінен кейін, сыныпты бірнеше топқа бөліп, қарқаралы петициясы жөнінде өзіндік жұмыс беруге болады.

№ 1 тапсырма:

Хрестоматия мен оқулық материалдарын оқып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:


  1. Қарқаралы петициясы қашан және қайда жазылды?

  2. Петиция мазмұнына мемлекеттік шенеуніктер қалай қарады?

  3. Петицияны дайындауға кімдер қатысты?

  4. Петицияның басты талабы не болды?

Тарихи маңызы.

№2 тапсырма: Құжаттармен жұмыс.

Оқулық пен хрестоматия материалдарын пайдалана отырып, Қарқаралы петициясының мазмұны бойынша жоба құрастырыңдар:

Сайлау жүйесін қайта құру жөнінде ұсыныс;

Діни мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар;

Қазақ тілінде білім беру;

Жер мәселесі бойынша ұсыныс;

Қазақстар арасында сот ісін жүргізу жөнінде ұсыныс.

Оқушылардың шығармашылық жобаларын талқылағаннан кейін, сабақты қорытындылау.

IV.Сабақты бекіту:

Сабақ барысында мұғалім тақырыпқа байланысты оқиғаларды баяндайды, бұл оқушылардың тақырыптың мәнін ашып, білімдерін тереңдетуге және қорытынды жасау біліктілігін дамытуға көмектеседі.

Сендер қалай ойлайсыңдар, ХХ ғ. бас кезінде қазақтар арасында петициялық қозғалыс неліктен күшейді?

Ондағы мәселелерді басқа жолмен шешуге болатын ба еді?

Петицияның авторлары жөнінде не айта аласыңдар?

Патша үкіметінің бұл талаптарды қанағаттандырмағанына қарамастан петициялық қозғалыс халық арасында неліктен үлкен қолдауға ие болды?

Бағалау:


Үйге тапсырма:

280-281-беттердегі құжатпен жұмыс. ("Ұлы мәртебелі патша ағзамға...»)

Сұрақтар:

Қазақтарды земство жиналысына жібермеудің себептерін авторлар немен байланыстырады?

Олар өздерінің сайлау құқықтарын қандай дәйектер арқылы қорғауға тырысты ?

8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 41. Ұлттық-демократиялық қозғалыстың өрлеуі

Сабақтың мақсаты:


  • Бірінші орыс революциясының себептері мен ұлттық-демократиялық қозғалыстың өрлеуіне тигізген ықпалы туралы айту, қазақ зиялыларының жалпыұлттық-демократиялық қозғалыстағы орны мен қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің оянғандығын көрсету;

  • Қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықьтарын арттыру, өз көзқарасын деректермен дәлелдей білуге үйреті;

  • Халық тарихына құрметпен қарауға, патриотизмге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: реакция, ұлттық сана сезімнің өсуі, қаражүздіктер ұйымы, революция, жалпыұлттық-демократиялық қозғалыс, жандарм басқармасы.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қазақстанда петициялық қозғалыстың дамуына қандай оқиғалар әсер етті?

  • Қарқаралы петициясы қашан және қайда жазылды?

  • Петициялық қозғалыстың тарихи маңызы неде?

ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:

  1. Реакцияның күшеюі. Қазақ зиялыларының қызметі.

  2. Ә. Бөкейханов-жалпыұлттық-демократиялық қозғалыс көсемі. Бөкейхановтың серкітері.

  3. Қазақстандағы алғашқы басылымдар:

  4. Газеттер;

  5. Журналдар;

  6. Қазақ тілінде басылған кітаптар.

Оқушыларға қазақ зиялыларының осы кезеңдегі қызметін ашып көрсету үшін, алдымен Қазақстанның қоғамдық өміріне баға беру қажет.

Реакция күшейіп, үкімет бұратаналарды мүлдем басып тастау үшін, оларды сайлау құқығынан, митинг жасау құқығынан айырды, қазақ тілінің мәртебесі төмендеді, т.б.

Бұл тақырыпты тереңірек түсіну үшін оқушыларға қосымша әдебиеттер бойынша (ғылым, көркем әдебиет, энциклопедия) өзіндік жұмыс беруге болады. Ол балалардың шығармашылықпен айналысуына, салыстырмалы талдау жасауына, сөйтіп оқиғаларды терең түсінуіне мүмкіндік береді.

Жұмыс барысында оқушылар кесте толтырады:

Тарихи тұлғалар

Өмір сүрген жылдары

Туған жері

Мамандығы

Немен айналысты

Көзқарасы

Ғылыми еңбектері т.б.

Ә.Бөкейханов

А.Байтұрсынов

М.Дулатов

М.Тынышбаев

М.Шоқай

Бақтыгерей Құлманов



Көлбай Тоғысов


















Сонан соң Қазақстандағы алғашқы басылымдарға баға беріп, олардың маңызын көрсетеді.

Қазақ ұлттық баспасының пайда болуы

Алғашында олар таза ақпараттық-анықтамалық сипатта болды.

Қазақ тіліндегі басылымдардың көбейе бастауы

Араб графикасы.

Газет, журналдардың және қазақ тілінде кітаптардың шығуы қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің қалыптасуында және қазақ зиялыларын біріктіруде өте үлкен рөл атқарды.

IV.Сабақты бекіту:

291-беттегі құжатпен жұмыс істеу. Құжат бойынша қойылатын сұрақтар:

Жер мәселесін қалай шешу көзелінді?

Шаруалармен ижанжалдасып, қақтығысқа барудан сақтану үшін қандай амалдар қарастырылды?

Бағалау:


Үйге тапсырма:

«Тарихи тұлғалар» тақырыбында сөзжұмбақ құрастырыңдар

Төмендегі тарихи оқиғалар мен фактілерді хронологиялық мерзіміне қарай рет-ретімен қойыңдар:

М.Жұмабаевтың «Шолпан өлеңдер жинағы шықты.

«Түркістан уәлаяты газетінің» алғашқы саны жарық көрді.

«Дала уәлаяты газетінің» алғашқы саны жарық көрді

Қазақтың тұңғыш журналы «Айқап».

«Балапан» журналы

Жалпыұлттық «Қазақ» газеті

Абай мен А.Байтұрсыновтың өлеңдер жинағы

С.Сейфуллинның «Өткен күндер» кітабы.

А.Байтұрсыновтың «Маса» жинағы.



8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 42. Оқу-ағарту ісі

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы білім беру жүйесінің құрылымы және негізгі бағыттарымен таныстыру, патша әкімшілігі халық ағартыу саласында қандай мақсаттар көздегенін, өлкедегі оқу-білім ісінің маңызын ашып көрсету;

  • Оқушыларды ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы тарихи оқиғаларға шығармашылық тұрғыда талдау жасай білу әдісіне үйрету және білімнің маңызы жайлы логикалық-танымдық ойлау жүйесінің дамып,тақырыпты терең меңгеруге деген қызығушылығының арта түсуіне ықпал ету;

  • Алға қойған мақсатқа жетуде оқушыны табандылық таныту, қажырлылық көрсету және шыдамды болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару

Негізгі түсініктер: зайырлы және діни білім, медресе, оқу пәндері, кадет корпусы, гимназист, гимназия, жаңа әдістемелік мектептер.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

Қазақтың дәстүрлі оқу-ағарту ісі. Жаңа әдістемелік мектептер.

ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезінде өлкеде зайырлы мектептер мен оқу орындарының ашылуы.

Дала өлкесінде ауылдық мектептердің пайда болуы.

Омбы-Дала өлкесіндегі ағарту ісінің ірі орталығы.

Ресей империясының жоғары оқу орындарында оқушы қазақ жастары.

Тақырып түрлі мазмұндағы мәліметтерге, қалалар атына, адамдар есімі мен тарихи даталарға толы. Сондықтан тақырыптың аса қажетті деген тұстарын ғана іріктеп алып, түсіндіріп өту. Тақырыптық қалған материалдарын өздігінен оқып үйрену үшін үй тапырмасы етіп берген жөн. Жаңа сабақты түсіндіру жоспары мына тұрғыда құрылады.

Патша үкіметінің қазақ халқын ағарту саласындағы саясаты.

Білім беретін мекемелер

Олардың бағыттары



  1. Кімдерді және қанша жастан бастап оқытты?

  2. Білім беру ісін кім қаржыландырды?

  3. Қандай пәндер оқытылады?

  4. Сабақтарды кімдер өткізді, оларға қандай кәсіби талаптар қойылды?

Жаңа сабақты түсіндіру барысында ХІХ ғасырдың алғашқы кезі мен ХХ ғасырдың басындағы зайырлы білім беру саласындағы ұқсастықтар мен өзгешеліктерді түсіндіріп өтеді.

Осы тұста мына төмендегі кестені толтыруға болады:

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында ашылған зайырлы мектептер мен оқу орындары (ерекшеліктері)

Ұқсас жақтары

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында ашылған зайырлы мектептер мен оқу орындары (ерекшеліктері)








Қазақ студенттерінің Ресей мен шетелдердің жоғары оқу орындарында оқыған қалаларын картадан көрсетеді. Оқушылар мен айтқан және оқулықтың хрестоматиясынан оқыған деректерге сүйеніп кесте толтырады.

Кестеде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі және бірінші егеменді еліміздегі оқу-ағарту ісін салыстыруға мүмкіндік жасалынған.
«Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің құрылымы»


Қазақстандағы ХІХ ғасырдың соңы

мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту жүйесі (білім беру сатылары)



Қазақстан Республикасындағы

оқу-ағарту жүйесі

(білім беру сатылары)







IV.Сабақты бекіту:

Қазақ мектептеріндегі білім беру ісі жалпыресейлік оқыту жүйесіне мүмкіндігінше сәйкестендірілді. Патша үкіметі отар аймақты басқару үшін жергілікті ұлт өкілдерінен сенімді шенеуніктер дайындауға мәжбүр болды.

Оқулықтың 299-бетіндегі құжатпен жұмыс. Құжат бойынша қойылатын сұрақтар:

Қазақ балаларын гимназияларда оқыту қалай жүргізілді?

Автор қазақ балаларының білімге деген ынтасы мен алғырлығын қалай суреттейді?


Бағалау:

Үйге тапсырма беру:

Халық ағарту саласының дамуындағы негізгі бағыттарды атаңдар.

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы білім беру ісінің қандай кемшілік жақтары болды?

Оқу-білім, ғылым туралы мақал-мәтелдерді жатқа айтыңдар.

8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 43. Ыбырай Алтынсарин-қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы

Сабақтың мақсаты:


  • «Қазақ әдебиеті» пәнінен алған білімдерін негізге ала отырып, оқушыларды Ы.Алтынсариннің өмір жолы және қызметімен таныстыру. Ағартушының бүкіл ғұмырын туған халқының білім көкиегін кеңейтуге арналған игілікті ісіне талдау жасау, оның педагог, жазушы, қоғамқайраткері, ғалым-этнограф ретіндегі шығармасын жан-жақты зерделеу;

  • Оқушырдың әдеби шығармаларымен жұмыс істеу дағдасын қалаптастыру, автордың айтпақшы ойын түсіне білуге, қойылған сұраққа нақты, жүйелі түрде жауап қайтара алуға және тарихи оқиғаның мазмұны мен сипатын терең ұғынуға үйрету;

  • Оқушыларды еңбексүйгіштікке, өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Патша үкіметі Қазақстанда білім беру мекемелерін аша отырып, қандай мақсатты көздеді?

  • Қазақстандағы халық ағарту ісінің дамуында қандай кедергілер болды?

  • Бүгінде шетелдердегі сияқты біздің елемізде де жеке меншік оқу орындарының білім беру сапасы жайлы не ойлайсыңдар?

ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Ы.Алтынсаринның ағартушылық көзқарасының қалыптасуы.

  2. Педагогикалық қызметі

  3. Экономикалық көзқарасы

  4. Ғылыми және әдеби қызметі

  5. Қоғамдық саяси қызметі

Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметі оқушыларға «қазақ әдебиеті» пәнінен жақсы таныс. Сондықтан аса көрнекті педагог, жазушы, фольклорист, этнограф және қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің қазақ халқын ағарту саласындағы атқарған қызметіне жан-жақты тоқталып, өткен жөн. Алдымен мына терминдердің мағынасын анықөтап алайық:

Ағарту


Фольклор

Этнография

Қоғамдық қайраткер

Оқушыларға Ы.Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметін бар қырынан толық зерделеуге мүмкіндік беретін кесте толтырамыз. Бұл тапсырма оқушылардың интеллектуалдық деңгейін дамытуға және алған мақсатын жүзеге асыру дағдысын, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге игі ықпал етеді. Жаңа сабақты меңгеру барысында оқушы оқу-ағарту ісінің маңызы жөнінде дұрыс тұжырым жасай алады.




Каталог: uploads -> doc -> 131d
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
131d -> Сабақ жоспары Күні : қазан 2016 ж
131d -> «Болашақ»мектеп- гимназиясының көшбасшысы Байжарқынова Шарипаның 2015-2016 оқу жылының І жарты жылдығындағы атқарылған жұмыстарының есебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет