Кіріспе: «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мәні
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру.Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасы
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басталуы
Миға шабыл статегиясы бойынша үй тапсырмасын қайталау
Сұрақ жауап
1 Дін туралы не білеміз?
2 Діннің қалыптасу кезеіңін ата
3 Діни ұғымдар
4 Діни ағымдар
Оқушылар өз ойларын ортаға салады
Мадақтау
суреттер
Ортасы
.Қазақстан - зайырлы мемлекет! Себебі, мемлекет пен дін өзінше бөлек, автономды өмір сүреді, мектеп діннен ажыратылған. Мемлекеттің қарекеттері азаматтық заң нормаларымен реттелінеді де дін істеріне араласпайды. Ал діннің тіршілігі діни нормалармен реттелінеді, мемлекет жұмысына араласпайды. Адам, азамат қандай көзқарас, наным не сенім ұстанамын десе де өз еркі. Конституцияда көрсетілген ар мен ұждан бостандығы талаптары адамды сеніміне және көзқарасына байланысты қудалауға тиым салады. Яғни, дін заңмен қорғалады. Алайда дін нормалары мен тәжірибесі азаматтық заң нормаларына қайшы келмеуі керек. Дін саясатпен шұғылданбауы тиіс. Бір сөзбен айтқанда құрылымдары мен институттары Конституциямен баянды етілген мемлекет жұмысына дін ешбір кедергі келтірмеуі тиіс.
зайырлылық дегеніміз дінсіздік емес, ол – гуманистік құндылықтарды, соның ішінде адамның ар-ұждан және діни сенім бостандығын жүзеге асыруды қолдайтын, дүниетанымдық еркіндікті, рухани саладағы ой-сананың көптүрлілігін мойындайтын, адамгершілік-өнегелілік және құқықтық құндылықтарға негізделген әмбебап жүйе. Сондықтан діни таным да зайырлы дүниетанымның бір бөлігі болып табылады.