Сабақтың тақырыбы: Кірме сөздер Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға кірме сөздер туралы түсінік қалыптастыру



Дата26.08.2017
өлшемі38,15 Kb.
#28488
түріСабақ
Сабақ жоспары:

Сынып: 5

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Кірме сөздер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға кірме сөздер туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: Түрлі тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың ойын, ойлау қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың әдісі: топшаға бөліп оқыту

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, тақта, кітап

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Күн сияқты барлығымыз жадырап,

Сабағымызды біз күлімдеп бастайық.

Әрқашанда қуанышты көңілменен,

Бар білімді ортаға кеп тастайық.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылар сынақ тапсырмаларын жазған болатын, сол себепті оқушыларға ережені қайталап келуге берілді. Ия, балалар, үйге не берілді? Оқушылар тұрып жауап береді.



III. Жаңа сабақты меңгеру.

Олай болса кітаптарымызды ашамыз. Бүгінгі күнді жазамыз. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Кірме сөздер.

Кірме сөздер дегеніміз не? Балалар сендер қалай түсінесіңдер.

БББ кестесі

Білемін

Білдім

Білгім келеді










Кестені толтырайық.

Жарады олай болса, басқа тілден енген сөздерді кірме сөздер дейміз. Бұрынғы заманда біздің ата-бабаларымыз 5 ғасырда Ислам дінін қабылдады, сол кезден бастап қазақ еліне араб-парсы тілдерінен түрлі сөздер қазақ тіліне сіңісіп кетті. Ал қазақтар тайпа-ру кезінде « Ұлы Жібек жолы » кезінде саудамен айырбас жасап жүргенде монғол елінен түрлі сөздер енді. Кейін Үш жүздің басы қосылып, Ресей мемлекетіне тәуелді болған кезде, отаршылық саясат жүргенде, қазақ еліне тағыда сөздер енді. Қазақтар қалай естісе,оны өздерінше аудармалап айтып жүрді. Ал енді оқушылар слайдқа назар аударайық.



Араб-парсы тілінен енген сөздер

Монғол тілінен енген сөздер

Орыс тілінен енген сөздер

Адам, әлем, мұғалім, білім, мектеп, тарих, әдебиет, мәдениет, пән, емтихан т.б

Ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ т.б

Шәйнек, самаурын, бөтелке, тарелке, кәмпит т.б



Кітаппен жұмыс:

Ал оқушылар біз осылай үш топқа бөліндік . Енді сол бойынша слайдқа қарап тапсырмалар орындаймыз.

I.топ Көктер

II.топ Қызылдар

III. топ Жасылдар.

I.деңгей Тапсырмаларына назар аударайық.

I.топ Көктер 171-жаттығу.

II.топ Қызылдар 172-жаттығу.

III. топ Жасылдар.175-жаттығу.

Бұл жаттығудың тапсырмалары ортақ. Мұнда мәтінді түсініп оқып, көшіріп жазып, кірме сөздердің астын сызу керек. Ал оқушылар іске сәт!

II. деңгей Тапсырмаларын көрейік.

I.топ Көктер 173-жаттығу.

II.топ Қызылдар 176-жаттығу.

III. топ Жасылдар.178-жаттығу.

Мұнда балалар кірме сөздерді тауып, көшіріп жазамыз. Кейін осы сөздердің баламасын, яғни аудармасын табуыларың керек немесе синонимдерін.

III.деңгей.Тапсырмасы 3 топқа да ортақ тапсырмалар. Өйткені оқушылар бұл тапсырмалар басқаларына қарағанда қиынырақ.

179-жаттығу.Осы тапсырмада компьютерге, экономикаға байланысты кірме сөздер жазып, оларға өз бетінше сөйлем құру.

180-жаттығу.Қазақ тіліне өз сөзі секілді сіңісіп кеткен сөздерді өз ойларынан жазып, олардың баламаларын табуға тырысыңдар және оны сол басқа тілмен салыстырыңдар.

Қорытындылау:

Сонымен оқушылар кірме сөз дегеніміз не? Балалар осы тақырыпты қалай түсіндіңдер? Сабақ сендерге ұнады ма? Маған осы сабақ бойынша сұрақтарың бар ма? Ал сабақты қорытындылайық. Сонымен қазақ тілін бай тіл деуге болады.Қазақ тілі-синонимге, антонимге, тұрақты сөз тіркестеріне, кәсіби сөзге, термин сөзге, жаңа сөзге, көнерген сөзге, кірме сөздерге т.б сөздерге өте бай. Балалар қазақ тілі-ол біздің ана тіліміз. Біз өз тілімізді құрметтеуіміз керек. Қазақ тілін үнемі оқу керек,қазақ тілі қиын тіл. Сондықтан балалар өз тілімізде сөйлеп, өзгелерге үйретуіміз керек, бір-бірлерімізді қолдап, қол ұшымызды беруіміз керек.



Бекіту: БББ кестесін аяқтау.

Білемін

Білдім

Білгім келеді










Үйге тапсырма:Оқушылар күнделіктеріңді ашыңдар.Үйге тапсырма жазып алыңдар. Үйге:171-181 жаттығу.

Бағалау: Топ бойынша оқушылар бір-бірін бағалайды. Кейін мұғалімге спикер тұрып жауап береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет