Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) 1.Картамен жұмыс пен кескін картамен жұмыс барысында оқушылар белсенді қатысып қызығушылықпен жұмыс жасады.
2. Топтық жұмыс «Галереяға саяхат» әдісі өте тиімді болды оқушылар топтаса жұмыс жасап бірі біріне сыйластықтары артты.
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты )? 1.Белсенді әдіс тәсілдерді көбірек және тиімді пайдаланып, саралаудың 7 тәсілін жетік меңгерсем сабағым бұдан жақсы күшті өтер еді.
2.Сабақта жақсы атмосфера қалыптастыру үшін тамаша көңілді сабақ өту үшін оқушыларды қызықтырып ынталандыру.
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? Осы сабақта оқушылардың барлығы климаттық белдеу ұғымын түсінді және келесі сабақта қосымша, оқушылар тарапынан көп ізденіс болса деген ойдамын.