Химия пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары
Мерзімі:
Пән: Химия Cыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Көмірсутектердің табиғатта кездесуі
Сабақтың мақсаты:
Қазақстандағы көмірсутектердің табиғи көздері,мұнай, мұнайға серік газдар,олардан алынатын өнімдер,отынның түрлері,газ,мұнай,тас көмір өндірілетін орындарын,олардың Республикадағы экономика және энергетика саласындағы проблемаларды шешудегі маңызы туралы білімдерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Көмірсутектердің табиғаттағы көздерін атап бере алады;
Мұнай, керосин, бензин, мазут туралы оқушылар жан-жақты білім алып, экологиялық проблемаларды шешуде өзіндік идеяларды айта алады;
Оқушылар тақырып бойынша шығармашылық қабілеттерін дамытады;
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Кім жылдам?» әдісі, «Топтық жұмыс» және « Серпілген сауал» әдісі, Блум таксономиясы
Қолданылатын ресурстар: Интербелсенді тақта, бейнекөрініс, М.Б.Усманова, Қ.Н.Сақариянова Химия 9-сынып Алматы: Атамұра, 2013, Мұғалімдерге анралған нұсқаулық «Педагогикалық шеберлік орталығы» 2015
Таным деңгей-лері
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Уақыты
|
Бағалау
|
Ұйымдас-тыру
|
1.Сәлемдесу
2.Түгелдеу
3.Сергіту сәті
4.Топқа бөлу
1-топ «Алкан»
2-топ «Алкен»
3-топ «Алкин»
4-топ: «Арен»
|
Оқушылар шаттық шеңберге жиналып, бір-бірінің жақсы қасиеттерін айтады, таратылған қағаз бойынша тапсырманы орындап топқа орналасады.
Тапсырмалар: Топтың атына байланысты беріледі, мысалы:
Алкан: «-» байланысы;
Алкен: «=» байланысы;
Алкин: «≡» байланысы;
Арен: «=, =, = » байланысы;
|
5 мин
|
Ауызша
мадақтау
|
Білу
|
Үйге берілген тапсырма «Ароматты көмірсутектер. Бензол» тақырыбы
бойынша «Кім жылдам?» әдісін қолданамын.
|
«Алкандар» тобы
1.Бензолдың ауа бойынша салыстырмалы тығыздығын анықтаңдар.
2.Төмендегі айналымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар:
С2H6 → C2H4 → C2H2 → C6H6
«Алкендер» тобы
1.Массасы 39 г бензолдың (қ.ж) көлемін есептеңдер.
2.Төмендегі айналымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар:
С→ CH4 → C2H2
СH3Cl
«Алкиндер» тобы
1.Бензолдың сутек бойынша тығыздығын анықтаңдар.
2.Төмендегі айналымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар:
С2H5OH C2H4 → (-CH2 – CH2-)n
С2H4Br2
«Арендер» тобы
1.Массасы 39 г бензолдың құрамында қанша молекула бар екенін есептеңдер.
2.Төмендегі айналымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар:
СaC2→ C2H2 → CO2 →CaCO3
|
10 мин
|
Балдық жүйе
|
Түсіну
|
Жаңа тақырыпты анықтау үшін слайдтан материал көрсету
|
Көрсетілген материалды оқушылар талдап, жаңа тақырыпты анықтайды.
|
3 мин
|
|
Қолдану
|
Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырып, мәтінмен жұмыс тапсырылады.
|
Әр топ мәтінді оқу арқылы жеке жұмыс, 1-топ: Алкан «Бензин»
2-топ:Алкен «Керосин»
3-топ:Алкин «Мазут»
4-топ: Арен «Табиғи газдар»
жұптық және топтық жұмыс жасалынып, топтар бір-біріне сұрақ дайындайды.
|
15 мин
|
Гүл –жақсы;
Жарты алма-орташа;
Тікен-төмен
Балдық жүйе
|
Талдау
|
8-зертханалық жұмыс «Мұнай өнімдерімен танысу»
Зертханадағы «Мұнай өнімдерінің туындылары» материалдарды таратып беремін.
|
Әр топ бөлінген мұнай туындыларын кестеге толтырады.
Аталуы
|
Сыртқы түрі, түсі
|
Агрегаттық күйі
|
Қолданылуы
|
Басқа белгілер
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5 мин
|
Балдық жүйе
|
Жинақтау
|
Жаңа сабақты қорытындылауға «Серпілген сауал» әдісін қолданамын
|
Оқушылар жаңа тақырып кезінде негізгі түйінді нақтылайды.
Бір-біріне қойылатын сұрақтар:
1.Тас көмір Қазақстанда қай жерде кездеседі?
2.Мұнай өнімдерінің шаруашылықтағы маңызы қандай?
3.Жергілікті жерде яғни Талас ауданы маңында көмірсутектердің табиғи көздерінің қай түрі өндіріледі?
4.Көмірсутектердің табиғи көздерінің қоршаған ортаға әсері қандай?
|
5 мин
|
Балдық жүйе
|
Бағалау
|
«Екі жұлдыз, бір тілек» формативті бағалауды қолданамын.
|
«Кім жылдам?» әдісі, «Топтық жұмыс» және
«Серпілген сауал» әдісінде бірін-бірі бағалайды.
|
2 мин
|
Жалпы ұпай
|
Үйге тапсырма
|
§50 «Қоршаған ортаны ластанудан сақтау» реферат
|
Күнделікке жазып алады.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |