Метан - СН4 иіссіз, түссіз газ. Ол шалшық немесе кеніш газы деп
аталады. Суда ерімейтін, ауадан жеңіл газ. D(ауа) = 0,55
Н
Метанның құрылымдық формуласы: Н – C – H СН4
Н
СО көміртек (ІІ) оксиді – түссіз, иіссіз, улы газ. Суда нашар ериді, басқа
заттармен реакцияға түспейді. Оны иіс газы деп те атайды. Отын шала
жанғанда бөлінген иіс газымен адам дем алса, уланады. Ауада көгілдір
жалынмен жанатын газ . 2СО + O2 = 2CO2
СО тұз түзбейтін, бейтарап оксид, көбінесе жоғары температурада
тотықсыздандырғыш ретінде домна пешінде, органикалық синтезде
қолданылады. Қыздырғанда металл оксидтерінен металды
тотықсыздандырады. CuO + CO = Cu + CO2
SiO2 + 2CO = Si + 2CO2
Достарыңызбен бөлісу: |