CO2 көміртек (ІV) оксиді –түссіз, иіссіз, ауадан ауыр, жануды қолдамайтын,
жануарлар мен адамдардың тыныс алуы нәтижесінде бөлінетін газ. Ауадан
ауыр болғандықтан жертөлелерде, шұңқырларда, шахталарда, құдықтарда
жиналып қалады. Сол жерлерде жүргенде сақтану ережелері қолданады.
Ауадағы мөлшері -0.03%. Жоғары қысымда сұйылады, ал өте төменгі
температурада қар сияқты массаға айналады. Оны «құрғақ мұз» деп атап,
тоңазытқыш қондырғыларында қолданылады.
СО2 – қышқылдық оксид.
1. Негіздік оксидпен әрекеттесіп тұз түзеді:
СО2 + CaO = CaCO3
Негізбен әрекеттесіп тұз бен су түзеді:
2CO2 + Ca(OH)2 = CaCO3↓ + H2O
Cумен әрекеттескенде көмір қышқылы түзіледі.
CO2 + H2O = H2CO3
Кальций гидроксиді, ізбес суы, әк сүті көмірқышқыл газына сапалық реакция жасайтын реагент болады.
Ca(OH)2 + CO2 = CaCO3↓ + H2O
Достарыңызбен бөлісу: |