Сабақтың тақырыбы. Көміртек және оның қосылыстары Сабақтың мақсаты



бет5/5
Дата21.01.2022
өлшемі30,16 Kb.
#112805
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
00076ef5-f84aa113

К өмір қышқылы – H2CO3 әлсіз, екі негізді, тұрақсыз қышқыл, оңай айырылады.

Алынуы.

1. Көмірқышқыл газын суда ерітіп: CO2 + H2O = H2CO3

2.Тұзынан күшті қышқылмен әсер етіп:

Na2CO3 + 2HCl = 2NaCl+H2CO3

Көмір қышқылы екі түрлі тұз түзеді, олар гидрокарбонаттар (NaHCO3,

Ca(HCO3)2, және карбонаттар деп аталады (CaCO3, MgCO3);



Қолданылуы. NaHCO3 - ас содасы тамақ, шыны өндірісінде және асқазан

ауруларына. LiCO3ағзада тұз жиналғанда, сондай –ақ Na2CO3, CaCO3

К2CO3 – өндірісте, құрылыс материалдары ретінде қолданылады.

IV. Сабақты бекіту. Тапсырмалар орындау



Кім шапшаң? (Сәйкестендіру тесті)

  1. C + O2 = ... + 402кДж а) СН4

  2. 2C + O2 = ә) CO2

  3. C + CuO = б) CaC2

  4. C + 2H2 = в) 2CO

  5. 2C + Ca = г) Al4C3

  6. 3C + 4Al = ғ) CO + Cu

  7. 2CO + O2 = .... + 577кДж д) Cu + CO2

  8. CO + CuO = .... + ж) H2CO3

  9. CO2 + H2CO3 = ... + ... з) 2CO2

  10. CO2 + 2NaOH = ... + ... и) Na2CO3 + H2

  11. CO2 + CaO = ... к) CaCO3 + H

  12. CO2 + Ca(OH)2 = .... л) CaCO3

Жауабы: ( 1-ә, 2-в, 3-ғ, 4-а, 5-б, 6-г,7-з, 8-д, 9-ж,10-и, 11-л, 12-к).

Химиялық эстафета. (Жүзеге асыр)

С → СО →СО2 Na2CO3→ CaCO3 →CaCl2

CO2 → CaCO3 → Ca(HCO3)2 →CaCO3 →CaCl2

Жарқыраған шың. (Есептер шығару)

  1. Құрамында 8% қоспасы бар, массасы 300 г сөндірілмеген әктің СаО массасын есептеңдер.

2. 12,8 г мысты тотықсыздандыру үшін мыс(ІІ) оксидімен неше грамм көміртек алуға болады?

V. Сабақты қорытындылау. (Тест бойынша)

1. Көміртектің периодтық жүйедегі орны:

а) ІІІ период, ІV топ, негізгі топша;

ә) ІІ период, V топ, қосымша топша;

б) ІІ период, ІV топ, негізгі топша;

2. Көміртек атомының ядро заряды:

а) 6 ә) 8 б) 4

3. Көміртектің атом құрылысы:

а) 1s22s22p2 ә) 1s22s22p4 б) 1s22s22p63s2

4. Көміртек атомындағы нейтрон саны:

а) 12 ә) 6 б) 4

5. Алмаздың физикалық қасиеттері қандай:

а) өте қатты, электр тогын жақсы өткізеді;

ә) өте қатты, мөлдір, электр тогын өткізеді;

б) жұмсақ, түссіз, электр тогын өткізбейді;

6. Көміртек (ІІ) оксидінің формуласы:

а) СО ә) СО3 б) СО2

7. Графиттің физикалық қасиеті қандай?

а) өте қатты, электр тогын жақсы өткізеді;

ә) морт, сұр түсті металдық жылтыры бар, электр тогын өткізбейді;

б) өте қатты, электр тогын өткізбейді;

8. Алмаз қайда қолданылады:

а) тау жыныстарын бұрғылауға; ә) шыны кесуге; б) бриллиант жасауға

9. Графит қайда қолданылады:

а) электродтар жасауға; ә) қарындаш жасауға;

б) майлағыш материалдар алуға;

10. Көміртек (ІV) оксидінің формуласы:

а) СО2 ә) СО4 б) СО



Жадыңда жүрсін! Есіңде сақта!

  • Массасы 1г активтелген көмірдің ауданы 800 м2, сондықтан оның сіңіргіштік қасиеті өте жоғары болады. Активтелген көмірдің түйіршіктері дәріханаларда сатылады, ол асқорыту жолдарын УЗИ –ге түсірерде немесе реагентпен тексеруде алдын ала дайындық пен спиртті тазарту үшін қолданылады. Бірақ ол иіс газын (СО) сіңірмейді.

  • Иіс газының қауіпті шамасы -2%, ол қанның гемоглобинімен мықтап байланысып алғанда өлім қаупі туады. Аздап уланудың белгілері: қан ашық қызыл түсті болады, бас қатты ауырып, кейде естен танып қалуға да жеткізеді. Иіс газымен уланған адамды дереу таза ауаға шығару керек.

  • Тері аздаған мөлшерде тыныс алуға да қатысады. Адам тәулігіне тері арқылы 7-9 г көмірқышқыл газын бөліп, 3-4 г оттек сіңіреді. Сондықтан теріні таза ұстау керек.

Сен білесің бе? Шолпан ғаламшарының атмосферасы -95% көмірқышқылынан тұрады. Құрғақ мұз бола ма? Иә СО2 78.50 С –да қатты күйге айналады, ол еріген кезде бірден газ күйіне көшеді, осы құбылыс возгонка деп аталады. Біз дем шығарғанда бөлінетін газдың құрамында 4% СО2 бар.

VI. Оқушыларды бағалау.

VIІ. Үйге тапсырма: § 22. 23. Есеп жинағынан есептер шығару.

№ 1 жалпы орта білім беретін мектеп



Сабақтың тақырыбы: Көміртек және оның қосылыстары.

9 г сынып

Өткізген: Химия пәнінің мұғалімі Қалдымұратова Гүлназ



2013 жыл.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет