Сабақтың тақырыбы Компьютердің құрылғылары



бет2/2
Дата23.10.2019
өлшемі0,51 Mb.
#50534
түріСабақ
1   2
Байланысты:
1 АКТ 3 сынып 1Бөлім Компьютер құрылғысы 2 сабақ-2 нұсқа Сабақ жоспары


2 Қосымша

Бос торға құрылғылардың атауын жазып толтырыңыз




3 Қосымша

Топтық жұмыста дайындалуға арналған ақпарат

Компьютер кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоктардан тұрады.

Блоктардың номенклатурасы әртүрлі болуы мүмкін, бірақ кез келген компьютер жұмыс істеуі үшін үш блоктан тұратын жинақ керек. Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады. Оларға принтер, дыбыс колонкалары, құлаққап, микрофон, модем, сканер, тінтуір, трекбол, терте жатады. Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі - жүйелік блок. Компьютердің жүйелік блогы – компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша.

ДК (дербес компьютер деген атау бір-ақ адам қолданады дегенді білдіреді) бірнеше құрылғыдан тұрады. Монитор, жүйелік блок, пернетақта, мультимедиа колонкасы, модем, тінтуір және т.б.

Бұл құрылғылардың ең негізгісі монитор, жүйелік блок, пернетақта.

Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып-қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, тінтуір, модем. Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контролер арқылы жалғасады..



Жүйелік блок

Жүйелік блокта компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын CD-ROM орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD-ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен Процессор   Жедел жад (ОЖҚ)

Дисплей

Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей: электрондық – сәулелі түтікшеден (ЭСТ) (электронная лучевая труба ЭЛТ), қоректендіру блогынан және сәулелі басқарушы электрондық блоктан тұрады. Монитор түрлі түсті монохромды болады.

Монитор - ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы. Мониторды екі белгісі бойынша жіктеуге болады. Бейнелеу түсі бойынша және шығаратын ақпараты бойынша

Пернетақта (Клавиатура)

Пернетақта - компютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 105 перне болады. Ол таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылғысы болып табылады.

Шартты түрде пернетақтаны 5 бөлікке бөлуге болады:

-басу пернетақтасы (алфавитті- цифрлық және таңбалық ернелер)

-функционалды пернелер: F1-F12

-арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab, Ctrl, Alt, BackSpace

-меңзерді басқару және өңдеу пернетақтасы.

-сандық пернетақта.



Функционалдық пернелер. Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан, компютердің күрделі операцияларын тез орындайды. Әртүрлі программаларда әртүрлі қызмет атқарады.

Символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.

Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.

Цифрлық қосымша NumLock пернетақта арқылы қосылып ажыратылады.

Enter - енгізу пернесі, – белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.

Бос орын символдарды бір-бірінен ажыратады.

← немесе Backspace пернесі алдыңғы символды өшіреді.



Shift  кіші әріптерді үлкен етуге және керісінше орындауға болады.

Caps Lock  үлкен әріптер енгізеді.

Delete  меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.

Кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын пайдаланады. Ctrl Alt



ТінтуірҚазіргі кездегі компьютерлер тағы да бір ақпараттарды енгізу құрылғысы – «Тінтуір» манипуляторымен жабдықталған. Бұдан былай оны тек Тінтуір (маус) деп қана атайтын боламыз. Оның аты Тінтуір деп бекер аталмаған. Себебі ол - сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы.

Джойстик. Джойстик - компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын нысандарды басқаруға арналған рычагты манипулятор.

Принтер. Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса да, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтердің үш түрі бар: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік.

Матрицалық принтерлер – бұл қарапайым басу құрылғылары. Деректер қағазға инелердің бояйтын таспа арқылы соғуының нәтижесінде пайда болады.

Лазерлік принтерлер полиграфиялық баспадан кем емес баспа сапасын қамтамасыз етеді. Олар минутына бет баспаға шығу жылдамдығымен өлшенеді.

Сия бүріккіш принтерлер. Кескін бояудың тамшыларының қағазға түсуінің нәтижесінде пайда болады. Сиябүріккіш принтерлер түрлі түсті баспада кеңінен қолданылады



Сыртқы жад: сыртқы жад ретінде магнитті диск пайдаланылады. Дискілер қазіргі дербес компьютерлерде ақпарат тасушы болып табылады, олар ақпаратты тұрақты түрде сақтауға арналған. Магнитті дискілердің екі типі болады. Бірінші типке иілгіш, алмалы-салмалы дискілер немесе дискеттер жатады.

Компакт –дискілер. Компакт дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның сыйымдылығы өте үлкен, олардағы ақпаратты тек оқуға болады. CD-R компакт –дискілеріне басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе ақпараттарды қайта жазуға болмайды. Ал CD-RW дискілеріне ақпаратты жазуға, қайта жазуға болады.

Флэшка - жинақтауыштар және жады карталары. Флэшка ақпаратты сақтау үшін ең қолайлы контейнер болып табылады. Оларға 32 Мбайттан 8 Гбайтқа дейін ақпарат сақтауға болады. Салмағы жеңіл, қолайлы флэшкаларды USB –портқа қосады, секундына 1-10 Мбайт жылдамдықпен ақпарат жазуға болады.

Сканер - қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді сканерлеуге (түсіріп алуға) болады.

4 Қосымша

Қалыптастырушы бағалау

Өзіңді тексер

Мәтінді оқып бос орынға қажетті сөздер жаз.

1 нұсқа

............................картаның суреті көрсетіліп, ........................ әуеннің дыбысы шықты. Содан-соң .............................. қала тұрғызылатын орынды көрсет деген ұсыныс келді. Арман .........................(не?) арқылы қала тұрғызылатын орынды көрсетіп, оның атын ....................... арқылы терді. Кейін ол «Сақтау» командасын берді. Енді қала картасы ...................... сақтаулы тұр.



2 нұсқа

Қателерді түзет.

(Қате жазылған сөздерді сызып, орнына дұрыс жауапты жазып қой)

Мен компьютерді қосып, тінтуірдің дыбысын күшейтіп, өзімнің сүйікті ойынымды сканерді тез жылжыта отырып ойнадым. Рекордтық нәтижеге ие болып, мен колонкалар арқылы өз есімімді енгізіп проектор арқылы рекордшылар тізімін басып шығардым. Содан-соң микрофон арқылы өз жанұиям туралы шығарма теріп, принтерден соңғы суреттерімді көшіріп алып мәтінгі орналастырдым да, пернетақта арқылы шығармамды басып шығардым.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет