ҚМЖ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Желілер және қауіпсіздік»
|
Мектеп: «Иқан» ЖОМ
|
Мұғалімнің аты-жөні: Ш.Марипов
|
Күні: 08.10.2019 ж
|
Сынып: 7 «Ә»
|
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
7.1.3.1- компьютерлік желілерді топтастыру
|
Сабақ мақсаттары
|
Компьютерлік желі туралы білу
Компьютерлік желілерді қолдану
Компьютерлік желілерді топтастыруды талдау
|
Бағалау критерийі
|
компьютерлік желі ұғымын біледі;
компьютерлік желілерді қолданады;
компьютерлік желіні топтастыруды талдайды.
|
Тілдік мақсат
|
Шлюз, желі, адаптер, коммутатор, концетратор,сервер, топология, шина, сақина, жұлдызша, клиент.
|
Құндылықтарға баулу
|
Шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау, қарым-қатынас жасау қабілеті.
|
Пәнаралық байланыс
|
физика, география, сызу.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Компьютер
|
Алдыңғы білім
|
Компьютерлік жүйелер мен желілер
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин
|
Үйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау
ҚБ
|
Компьютер, оқулық
|
Сабақтың ортасы
10 мин
|
Жаңа сабақ.
Компьютерлік желі - коммуникациялық құрылғыларды (дисктер, файл, принтер) тиімді пайдалану мақсатында бірыңғай деректерді алмасу арнасына біріккен компьютерлік желілер тобы.
Желілерді таралу ерекшелігіне байланысты 4 түрге бөлуге болады.
Аумақтық таралуына;
Тиістілігіне;
Деректерді тасымалдау жылдамдығына;
Деректерді тарату ортасына қарай бөлінеді.
Жергілікті желі - шектеулі аймақта (бір бөлмеде, мекемеде, зауыт т.с.с.) компьютерлерді біріктіреді. Жергілікті желі құрудағы мақсат - өндірістік процестерді автоматтандыру, керекті құжаттарды жедел өңдеу, ақпарат алмасуды жылдамдату болып табылады.
Корпоративтік немесе аймақтық желі - бір қала немесе аймақ көлемінде компьютерлердің бір жүйеге бірігуінен пайда болатын желі атаймыз. Корпоративтік желі - ірі компан банктер, басқа да құрылымдардың пайдалану үшін өте ыңғайлы желі.
Дүниежүзілік желі - дүниежүзі бойынша компьютерлерді ортақ бір арнаға біріктіру арқылы байланыс жасауды айтамыз.Қазіргі кезде мүндай желі интернет болып табылады.
Байланыс арналары:
Радиобайланыс 100 м қашықтыққа тарайды (11 Мбит/с -
54 Мбит/с)
Инфрақызыл сәулеленуі (5 - 10 Мбит/с)
Инфрақызыл лазерлер (100 Мбит/с)
Артықшылығы: Кабельдердің қолданылмауы, ноутбуктармен жұмыс жасаудың қолайлылығы, өте үлкен аймақтарды қамтитын байланыстың болуы.
Кемшілігі: Басқа радио жиіліктермен сәйкессіздіктің болуы, деректер алмасуда ақпаратты сыртқы кедергілерден қорғаудың төмендігі.
Желілер топологиясы.
Жергілікті желідегі компьютерлердің бір – бірімен геометриялық байланысын тәсілін топология деп аталады. Байланысуына қарай желілерде «шина», «жұлдызша» және «сақина» түріндегі топологиялар жиі қолданылады.
БЖБ №2
|
Компьютер
Оқулық,
|
Тапсырмалар
1. Информатика кабинетінде екі компьютер, ноутбук және бір принтер бар. Олар бір бірімен байланысқан.
а. Компьютерлік желіні атаңыз.
_________________________________________________________________
2. Екі компьютерлік желінің сипаттамасын мұқият оқыңыз.
Ойланыңыз және кескініне желі атауын жазыңыз. Бос дөңгелектерге желінің артықшылықтары сипатталған деп есептесеңіз «+» белгісін, желінің кемшіліктері сипатталған жерге «-» белгісін қойыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |