Сабақтың тақырыбы Комуникативті дағдыларын дамыту ойындары



бет6/17
Дата09.05.2020
өлшемі1,64 Mb.
#66854
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
1 Апта жоспары
МАТЕМАТИКА, МАТЕМАТИКА, 11 сынып тәрбие
Тілдік мақсаттар:

Белгісіз – неизвестный – unknown

Сан – цифр – figures



Құндылықтарды дарыту

Ұжымшылдыққа тәрбиелеу,жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын, орыс тілі

Бастапқы білім:

«Теңдеу»

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы:


Амандасу. Түгендеу.

Психологиялық ахуал

Математика, достарым

Ең маңызды, керекті.

Қатал да нақты пәніміз.

Ол - қызықты, сүйікті

Математика пәніміз.

Қанша фигураны алып тастады? х-тің мәні неге тең? Жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылар­дан­ тапсырманы өз бетінше оқып және оны орындауын­ сұраңыз. Өткен сабақта олар осындай тап­сырманы орындаған, сондықтан белгісіз бөлікті табу тәсілі туралы білуі керек. Олар енді белгісіз қосылғыштың­ мәнін табады. Егер фигураның бастапқы­ саны мен қанша қалғаны белгілі болса, енді қан­ша фигураны алып тастағанын санай отырып таба алады.

Жауабы:

9 тіктөртбұрыш;

70 санақ таяқшасы

Шаттық


шеңбері

Оқулықпен жұмыс




Сабақтың ортасы:

Сабақтың соңы:



Шығарып көр. Тапсырманы топта орындауды ұсыныңыз. Шешімді нақты түсіну үшін текшелер­ ден оқулықтағы иллюстрацияларға сәйкес фигура құрастыруды ұсыныңыз. Оқушылар бірінші фигураны құрастырып, одан екінші бір фигура шығатындай бірнеше текшелерді алып тастауы керек. Жойылған

бөліктегі текшелер саны белгісіз х-тің мәніне тең болады.

Жауабы:

а) 3; ә) 8.



Орындап көр. Оқушыларға тапсырманы жұпта орындатыңыз. Оларға моншақ салынған қораптарды таратыңыз­. Моншақ саны 20-ның көлемінде болу керек. Бірінші ойыншы екінші ойыншыға бірнеше моншақ­ салынған қорапты ұсынады. Екінші ойыншы қораптағы­ моншақты санап, оның санын есіне сақ тауға тырысады. Содан кейін бірінші ойыншы қорап­ тан бірнеше моншақты алады — бұл белгісіз бөлік, яғни бірінші ойыншының екіншіге жасырған бөлігі. Осыдан кейін екінші ойыншы моншақты қайта­дан­ санайды­ да, “Қанша моншақты бірінші ойыншы жасырып қалды?” деген сұраққа жауап беруі тиіс. Оқушылар тапсырманы орындау барысында айырма мен азайғыштың мәні бойынша белгісізді табу тәсілін бекітеді.
Сергіту сәті

Иіліп оңға бір, иіліп, солға бір.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ, сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

х әрпін қолданып теңдеу құрастыр. х-тің мәні неге тең? Тап. Тапсырма азайтумен берілген теңдіктегі­ белгісіз бөлікті табу дағдысын бекітеді. Оқушылар­ жұмыс парағында иллюстрация бойынша белгісіз азайтқыш­ теңдеу құруға тиіс. Шешу кезінде оқушы­ лар бұрын үйренген кез келген әдісті қолдануына болады:

— бүтіннен қалдықты шегеру және азайтудың нәтижесі бойынша азайтқыштың мәнін білу;

— қалдықты бүтінге дейін толықтыру және толықтырған заттың саны бойынша белгісіз бөліктің мәнін білу;

— екі топта заттар жұбын құрастыру және сан­ дардың айырмасы бойынша х-тің мәнін табу.

Барлық шешу жолы қабылданады. Егер тап­сырма екінші, үшінші тәсілмен және оны сыныпта орындаған­ жағдайда азайтумен тексеруді сұраңыз.

Жауабы:

а) 4 кәмпит; ә) 4 таңқурай жемісі; б) 5 жаңғақ; в) 9 текше; г) 5 үшбұрыш; ғ) 8 жұлдыз.


Оқулықпен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс


Жұмыс дәптері



Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ереже лері АКТ құзыреттілігі



Оқушыларға математика лық терминдерді­ дұрыс қолдануға көмектесу. Шешуін тексеруге байла нысты тапсырмаларды орындауда оқушыларды толық жауап беруге және өз таңдауын түсіндіру.

Оқушылардың жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін білу үшін мынадай бағалау парағын беруге болады.





Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?




Бүгін оқушылар не білді?




Сыныптағы ахуал қандай болды?




Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?




Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?




Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?





Тексерілді:

Пәні: математика

Мектеп: «Н.Островский атындағы орта мектеп» КММ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет