Ойлан «Тусыз бірлік болмайды, қарусыз жігіт болмайды» деген мақалды қалай түсінесің?
Әр елдің мемлекеттік рәміздері болады. Олар – елтаңба, ту және әнұран. Қазақстанның рәміздері мемлекетіміздің тарихы туралы әңгімелейді. Олар еліміздегі барлық адамдарды біріктіреді.
«Бағдаршам» ойынын ұйымдастырыңыз. Қазақ тіліндегі сөзді жасыл түспен, орыс тіліндегі сөзді сары түспен, ағылшын тіліндегі сөзді қызыл түспен белгілеңіз. Әр топқа тірек сөздер жазылған үлестірме парақшалар таратып беріңіз. Оқушыларға түсті дөңгелекті көрсетіңіз бір немесе белгілі бір түс (қызыл, жасыл, сары) атауын айтыңыз. Оқушылар түске сәйкес тірек сөздерді тиісті тілде атайды.