Сыныбы: 6 «б» Уақыты: 16:05
Сабақтың тақырыбы:Көпір жасау Мақсаты: Көпір жасау жаттығуларын меңгерту.
Міндеттері: А) Білімділік – Көпір жасау әдістерін көрсету, үйрету;
Ә) Дамытушылық :Оқушылардың икемділігі мен ептілігін дамыту;
Б) Тәрбиелік:Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Құрал- жабдықтар: Гимнастикалық төсеніш, ысқырық, секундомер;
Байланысы: волеология пәні
Сабақтың жоспары: Кіріспе дайындық бөлімі (15 мин)
Негізгі бөлім (25мин)
Қорытынды бөлім (5 мин)
Сабақтың барысы: 1. Кіріспе дайындық бөлімі 1. Сапқа тұру. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын айту. Саптағы жаттығулар. Оңға! Солға! Айнал!(Нұсқау: Оқушылардың сабаққа дайындығына спорт киіміне көңіл бөлу).
2. Денені қыздыру: жүріс, жүгіру арқылы.
1.1. Жүріспен орындалатын жаттығулар:
а) қол жоғарыда аяқтың ұшымен;
ә) қол желкеде аяқтың өкшесімен;
б) қол белде табанның сырт жақ қырымен;
в) қол белде табанның ішке қырымен;
г) қол алдыда жартылай отырып жүреміз;
ғ) аяқ, қолды сілку.
(Нұсқау: Басты, денені, қолды түзу ұстап жүрулерін қадағалау). 2.2 Жүгіруде орындалатын жаттығулар:
а) қол белде оң жақ бүйірмен тіркеме адыммен;
ә) қол белде сол жақ бүйірмен тіркеме адыммен;
б) қол алдыда тізені жоғары көтеріп жүргізу;
в) қол екі жанда төменде аяқты артқа сілтеп жүгіру;
г) қол артта аяқты артқа сілтеп жүгіру;
ғ) залдың оң жақ қабырғасынан жылдамдықпен жүгіру;
д) арқамен алдына қарап жүгіру;
е) жүріс пен демалысты қалпына келтіру.
(Нұсқау: Денені тік, қолдарын дұрыс қойып ұстауларын, дұрыс демалуын қадағалау). Жұппен жасалатын жаттығулар жиынтығы:
І. Бастапқы қалыпта қол ұстап, бір-біріне қарама – қарсы тұрады (2-4 рет):
1. Қолды екі жаны арқылы жоғары көтеру, сол аяқты артқа ұстау;
2. Бастапқы қалыпқа келу екінші аяқпен де осылай жасау, осы жаттығуды кезекпен орындау.
(Нұсқау: денені түзу, жаттығуды сан арқылы орындау). ІІ. Бастапқы қалыпта қолдарын төмен ұстап бір – біріне арқаларымен тұрады: «Б», «А»-ның қолының басынан ұстайды. (2-4 рет):
* Сол аяғының ұшымен жанға қояды, оң қолды жанға қояды, оң қолды жоғары көтеріп, солға еңкейеді;
* Бастапқы қалыпқа келу. Екінші жаққа да осылай жасау.
ІІІ. Бастапқы қалыпта қолдарын бір-бірінің иықтарынан ұстап, алға еңкейіп, қарама – қарсы тұрады, аяқтарының арасы алшақ ұсталады (Нұсқау: Қолды құшақтау арқылы денені барынша созу): * Алға қарай серпіле түрде еңкею;
* Солға бұрылу. Екінші жаққа бұрылыс жасау, осылай істеу.
ІҮ. Бастапқы қалыпта қолдарын жоғары көтеріп ұстап, бір-бірлеріне арқаларын беріп тұрады(Нұсқау: Денелері тік қолдарын көтеріп иілу арқылы аттау): Сол аяқпен ілгері аттау, артқа шалқаю;
Бастапқы қалыпқа келу. Екінші аяқпен де осылай жасау.
Ү. Бастапқы қалыпта қолдарын шынтақтан іліп алып, бір-біріне арқаларын беріп тұру (Нұсқау: Арқалары тік бірдей отырып тұру): 1. Жартылай отыру;
2. Бастапқы қалыпқа келу.
ҮІ. Бастапқы қалыпта табандарын тіреп, аяқтарын тізеден бүгіп, қолдарынан ұстап, еденде қарама-қарсы отырады. (Нұсқау: Бір-бірінің көмегімен аяқты жоғары созу). Сол аяқты жоғары көтеріп, созып ұстайды;
Бастапқы қалыпқа келу. Оң аяқтан осылау жасау.
ҮІІ. Бастапқы қалыпта табандарын тіреп, аяқтарын алшақ қойып, бір-біріне қарама-қарсы отыру, оң қолдарымен ұстасады (Нұсқау: Жаттығуларды алма кезек орындау): Біреу алға еңкейсе, екіншісі шалқаяды;
Бастапқы қалыпқа келу;
Екінші жаққа еңкейіп, шалқаю.
ҮІІІ. Бастапқы қалыпта «А» тізерлеп отырып, сол қолын алда, оң қолын жоғары ұстайды; «Б» оған қарама-қарсы оң аяғын алға салып тұрады, оң қолымен «А»-ның сол қолын ұстайды; 1-2 артқа қарай шалқаю, 3-4 бастапқы қалыпқа келу (Нұсқау: Жаттығулардағы сақтандыру: қолды дұрыс ұстауы, барынша).