Сабақтың тақырыбы: Көпмүшелерді топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару Орындаған: математика пәнінің



Дата07.05.2017
өлшемі60,92 Kb.
#16120
түріСабақ
«Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп» ММ



Сабақтың тақырыбы: Көпмүшелерді топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару

Орындаған:математика пәнінің

Мұғалімі Женсхан Жанар Женсханқызы

Кеңтүбек


2015-2016 оқу жылы

Пәні:алгебра

Сабақтың тақырыбы: Көпмүшелерді топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

а)білімділік:көпмүшені көпмүшеге көбейту амалына кері амал ретінде көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу тақырыбынан алған білімдерін тұжырымдап,білім дәрежелерін байқау;

ә)дамытушылық:есептер шығарту арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін,іскерліктерін,өз бетімен еңбектену,жеке оқушының білім,білік дағдыларын дамыту;

б)тәрбиелілік:оқушыларды ұқыптылыққа,сауаттылыққа,шапшаңдылыққа,алғырлыққа,топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:аукцион сабақ

Сабақтың әдісі:практикалық

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,аукционға қажетті заттар,тест парақшалары

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру

а) сәлемдесу;

ә)оқушылар тізімін тексеру және оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру,қабілеттеріне қарай оқушыларды топқа бөлу;

б)үй тапсырмасын тексеру;

Өткен тақырыптар бойынша негізгі мәселерге шолу жасау:

Қойылатын сұрақтар:1.Бірмүшені көпмүшеге қалай көбейтеді?

2.Көпмүшені көпмүшеге қалай көбейтеді?

3.Жақша сыртына шығарылатын ортақ көбейткішті қалай анықтайды?

4.Қандай жағдайларда көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу үшін топтау

тәсілін қолданады?

ІІ.Аукцион тәртібімен таныстыру.

Балалар,бүгінгі аукционда математика сабағына қажетті оқу-құралдары сатылады.Бүгінгі сабақта сендердің білімдерің бағамен белгіленеді.Жақсы жауап берген,есепті дұрыс шығарған оқушы аукционға қатысып,қажетті заттарды ала алады.

Саудаға түсетін заттар:дәптер,қойын кітапша,қалам,қарындаш,транспортир,сызғыш.

Аукционға қатысушыларға сұрақтар:

1.Қандай өрнектерді бірмүше деп атайды?

2.Бірмүшенің дәрежесі қалай анықталады?

3.Көпмүше деп нені айтамыз?

4.Бірмүшенің стандарт түрі қалай жазылады?

5.Көпмүшенің дәрежесі деп нені айтамыз?

6.Көпмүшелерді қосу және азайту ережелерін айтыңдар.

ІІІ.Аукцион есептері

Қойылған сұраққа тез әрі дұрыс жауап берген оқушы аукционға қатысып,оқу-құралдардың бірін таңдап,сол құралдың астында кеспе қағазда жазылған тапсырманы орындайды.Оқушы есепті қате шығарған жағдайда тобынан оқушы көмекке келуге болады.

“Дәптер”-дің есебі: Көбейткіштерге жікте: 5m2n-6an+10m2-3an2

“Қойын кітапша”-ның есебі: Көбейткіштерге жікте: 8mn3-24n2-7mn+21

“Қалам”-ның есебі: Көбейткіштерге жікте: ax2+yx2+ax+cx2+yx+cx

“Қарындаш”-тың есебі: Өрнектің мәнін тап:6x2-6xy-8x+8y, мұндағы х=2, у=-3

“Транспортир”-дің есебі: Өрнектің мәнін тап: 3xy-x3y3-6+2x2y2, мұндағы х=1, у=-1

“Сызғыш”-тың есебі: Көбейткіштерге жікте: 15a2c+14в2с+6авс2+35ав2

IV. “Кім жылдам?”.Оқушыларға әртүрлі нұсқада деңгейлік тест тапсырмалары жазылған парақшаларды үлестіремін.Бір оқушыны тақтаға орындатамын.Дұрыс әрі тез орындаған оқушы “өте жақсы” бағамен бағаланады.Тест парақшасының үлгісі:



Тапсырмалар

Жауаптар

А

В

С

Д

1

Өрнекті ықшамда:

5у-2(8у-1)+4(3у+1)



А)у+6

В)-у+6


С) 33у+6

Д) у+2














2

Көпмүше түрінде жаз:(2-5а)(6а-3)

А) 30а2+27а-6 В)-30а2+27а-6

С) -30а2-27а-6 Д) -30а2+27а+6















3

Ұқсас мүшелерді біріктір:5х2у-ху2-4х2у+ху2-ху+7


A) х2у-ху-7 B) х2у-2ху+7

C) х2у+ху+7 Д)х2у-ху+7
















4

Теңдеуді шеш:

х2+х=0



А)0;8 В)8

С)0;-8 Д)-8















5

Үшмүшені көбейткіштерге жікте:х2-3х-4

А) (х-4)(х-1) В) (х+4)(х+1)

С) (х+4)(х-1) Д)(х-4)(х+1)















Жауаптары:1.А 2.В 3.Д 4.С 5.Д

V.Қорытынды.Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап,жақсы белсене араласқан оқушыларды айтып,сабақты қорытындылау.



VI.Үйге тапсырма: №278. Анықтамаларды жаттау
Каталог: uploads -> doc -> 0bef
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0bef -> Сабақтың мақсаты: Білімділік:
0bef -> Сабақ: география Мектеп: Қарауылкелді орта мектебі Күні: 30. 11. 16 Мұғалім: Бердіғали Ш
0bef -> Сабақтың тақырыбы : Координаталық сәуле Сабақ реті : 6 сабақ Сабақтың түрі : Жаңа тақырып меңгеру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет