Сабақтың тақырыбы
|
Көсемшенің жасалуы жолдары
|
Мақсаты
|
Көсемшенің жұрнақтарын білу.
Жұрнақтардың жалғану тәртібін ажырата алу.
Сөйлем құрауда қолдану.
|
Күтілетін нәтижелер
|
Көсемшенің жұрнақтарын біледі.
Сөйлемде ажырата алады, тұлғалық талдау жасай біледі.
Сөйлеу кезінде қолдана алады.
|
Керекті жабдықтар
|
Интерактивті тақта, смайликтер, қима қағаздар, мәтін, рефлексия парағы, тапсырмалар.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
|
Үй тапсырмасын «Серпілген сауал» арқылы тексеру, топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, «Ыстық орындық» әдісі, деңгейлік тапсырмалар.
|
С а б а қ б а р ы с ы :
|
Сабақ
кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Кіріспе
10 минут
|
Үзіліс кезінде оқушыларды 3 топқа бөлу. Әр оқушыға қима қағазадар таратылады. Әр қағазда «-ыл, іл, -л», «-ын, -ін, -н», «-ғыз, -гіз, -қыз, -кіз» деген жазулар бар. Бұл етістің жұрнақтары. Оқушылар етістің жұрнақтарын еске түсіру арқылы 3 топқа бөлінулері қажет.
1.Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай? Сабағымызды бастамас бұрын, сабаққа деген ой-пікірімізді, тілек-ниетімізді бір сөйлеммен және оған етіс және есімше жұрнақтарын қатыстыра айту.
2.Үй тапсырмасын тексеру:
- Балалар, үйге берілген тапсырма қандай еді? 203-жаттығу. Суретке қарап мәтін құрау.
3.«Серпілген сауал» әдіс арқылы сұрақтар беру
|
Оқушылар осы қима қағаздарда салынған сурет бойынша 3 топқа бөлінеді. Бөліну критерийі айтылмағандықтан, оқушылар ақылдасып, бір шешімге келулері керек.
Мұғаліммен амандасады.
Оқушылар өз ой тілектерін жеткізеді.
Мысалы:
Бүгінгі сабақта жақсы ойлар айтылады.
-Мұғалім тақырыпқа қатысты тапсырмалар орындаттырады.
Оқушылар үй тапсырмасы бойынша құраған мәтіндерін оқиды, етістіктерді табады.
Қолдарындағы допты бір-біріне жолдау арқылы сұрақтар қояды.
|
Тұсаукесер
3 минут
|
Оқушылар күннің жады мен сабақтың тақырыбын жазып болған соң, сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижесін шығару қажеттігі айтылады. Көсемшенің есімшеге өте ұқсас екендігі және етістіктің ерекше түрі екендігі айтылады. Осыдан-ақ, білім алушылар көсемшенің мақсатын дұрыс қоюлары керек.
|
Сынып сабақтың мақсатын былай белгілейді:
1. Көсемшенің жұрнақтарын білу.
2. Оның етістіктің ерекше түрі болу себебін анықтау.
3. Көсемшенің есімшеге ұқсас болуына қарамастан, айырмашылықтарын айқындау.
|
Негізгі бөлім
10 минут
3 минут
5 минут
7 минут
|
Оқушыларға интербелсенді тақтадан мынадай кестелер беріледі.
1-слайд
Жаза
Айта
Бара
Тұра
|
Күле
Жүзе
Бере
Келе
|
Сөйлей
Қарай
Тарай
Сұрай
|
Жазып
Айтып
Барып
Тұрып
|
Күліп
Жүзіп
Беріп
Келіп
|
Сөйлеп
Қарап
Тарап
Сұрап
|
Жазғалы
Барғалы
Келгелі
Сөйлегелі
|
Айтқалы
Кеткелі
Төккелі
Жатқалы
|
Оқушылардың берген жауабынан кейін айтылғандарды жинақтап, жаңа тақырып бойынша қорытынды слайд көрсетемін. Онда көсемшенің жасалу жолдары бойынша түсініктеме беріледі.
Көсемшенің түрлену жолы да айтылатын болады.
Бағалау. «Басбармақ» стратегиясы арқылы өздерін бағалайды.
Оқулықпен жұмыс.
206-жаттығу.
Жаттығу шарты бойынша орындалады. Оқушылар мәтіннен көсемшелерді теріп жазып, тұлғалық талдау жасайды.
Сыныптағы кейбір оқушыларға(дамуында кедергісі бар) жекелеген тапсырмалар ұсынылады.
Топтарға деңгейлік тапсырмалар таратылып беріледі.
І. Мәтіннен көсемшелерді теріп жазу.
Сен қалмақ болсаң, біз-қазақ, қарпысқалы келгенбіз, сен темір болсаң, біз-көмір, балқытқалы келгенбіз, танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз. Тұтқыр сары желіммін, жабысқалы келгенбіз. Берсең, жөндеп бітіміңді айт, бермесең, дірілдемей жөніңді айт, не тұрысатын жеріңді айт.
ІІ. Төмендегі көсемшелерге морфологиялық талдау жасау.
Түседі, барады, сөйлеппін, бұрылғалы, тартып, салынғалы
ІІІ. Төменде берілген сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрастыру.
Тізе қосып,көре алмайды,ауырып отырған,таба білген,барып келейін,шашқалы отыр,тілек тілеп.
«Жұптасып-ойлан-бөліс» әдісі. Әр топқа тапсырмалар беріледі.
І топ Есімшенің өзіне тән ерекшелігі
ІІ топ Көсемшенің өзіне тән ерекшелігі
ІІІ топ Көсемше мен есімшенің ортақ байланысын анықтау
Бағалау. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
|
Оқушылар бұл мысалдардағы етістіктерге тұлғасына қарай талдау жасайды.
Бұл мысалдарды да оқушылар талдай отырып, көсемшенің жұрнақтарын анықтайды және оның жасалу, яғни жалғану жолын білетін болады. Менің мақсатым- кестедегі мысалдар арқылы оқушылардың өздеріне көсемшенің жасалу жолын анықтату, ойландыру, іздендіру.
Кестенің көмегімен олар көсемшенің жасалу жолын толық меңгеріп шығады деп ойлаймын.
Оқушылар сол арқылы білімдерін бір жерге жинақтап, жаңа тақырыпты ұғып алады.
Оқушылар көсемшенің –а, -е, -й және –ып, -іп, -п түрлері ғана жіктелетінін айтады. Қалған жағдайда не жіктелмейді, не септелмейді, не көптелмейді, не тәуелденбейді дегенді айтатын болады.
Жаттығу тақтада орындалады. Оқушылар көсемше тұлғасында тұрған етістіктерді теріп жазып, оларға тұлғалық талдау жасайды.
«Сөздер банкісі» «Сәйкестендіру» жұмыстарын орындарынан отырып орындайды.
Кезекші оқушы сыныпқа деңгейлік тапсырмаларды таратып береді. Топтасып жұмыс жүргізеді.
Бұл тапсырманы оқушылар жұппен, топпен ақылдаса отырып алдарындағы флипчартқа түсіріп топ алдында қорғайды.
Оқушылар әр топтың жұмысына баға береді.
|
Қорытынды
7 минут
|
1.«Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақты бекіту. Әр топтан 1 оқушыдан шығарып тақырып бойынша сұрақтар қою.
- Көсемше неге етістіктің ерекше түрі?
- Есімшеден айырмашылығы?
- Көсемшенің жұрнақтары қандай?
- Қалай түрленеді?
- Қай түрі жіктелмейді?
Оқушылардан сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижеге жеткені сұралады.
2.Рефлексия:
1. Бүгінгі сабақта маған____________ қызықты болды.
2.Маған_______________________қиындық туғызды.
3. Менің көңіл-күйім___________________
(рефлексия парақтарына түсіреді)
Үйге тапсырма: 207- жаттығу.
Б.Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» повесінен көсемшеге 5 мысал жазу
|
Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды. Әсіресе, соңғы сұрақ бойынша тұшымды әрі толық жауап беру керек.
Сабақ барысында алған білімдерін қорыта отырып оқушылар жауап береді.
Сабақтан алған әсерін жазады. Кейбір оқушылар сыныпқа оқып береді.
Үй тапсырмасын дәптерлеріне түсіріп алады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |