Басы
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау
Ортасы
Жаңа білім
Жаңа сабақты
бекіту
|
Күнделікті шаралар:
Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.
Сынып тазалығын қарау
5-тапсырма
Энциклопедиялар мен АКТ материалдарынан ізденіп, төрт түлік малдың жас ерекшелігіне және т.б. қасиеттеріне қарай түрлерін жазыңдар
Үй тапсырмасын бекіту
«Сұрақ-жауап» әдісі
1.Кідіріс дегеніміз не?
2. Кідірістің түрлерін ата
3.Кідірістің шартты белгісі қандай?
4. Грамматикалық кідіріс дегеніміз не?
5. Психологиялық кідіріс дегеніміз не?
Жаңа сабақты болжау
КІРІСПЕ:
1)Оқу мақсаттары, бағалау критерийлерімен таныстыру
2) Жаңа сабақты түсіндіру
Видео
1-тапсырма. Оқылым
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер. Екінші азат жолдағы уақыт өлшемдеріне түсінік беріп көріңдер.
Ойтүрткі
1. Мерзім, мезгіл өлшемдері атауларынан нені аңғаруға болады? 2. Уақыт мезгілдерін анықтауда өлшемдердің көптігі нені білдіреді? Қалай ойлайсың ар, өзге халықтарда осындай атаулар бар ма?
3. Өздерің осы өлшемдерді сөйлеу тілінде қолданасыңдар ма?
Әдебитіл нормалары
Әрбір сөйлем белгілі бір ойды хабарлап, сұрау мағынасында немесе сан алуан көңіл күй құбылысын білдіріп тұрады. Сол себепті айтылған сөйлемдегі ойдың мазмұн-мағынасына қарай сөйлемдегі бір сөзге мағыналық, яғни, логикалық екпін түседі. Ол басқа сөздерге қарағанда сәл ерекшелеу оқылып, дауыс сазы арқылы тыңдаушы назарын сол сөзге аударады.
Қалыпты сөйлемдерде логикалық екпін баяндауыштың алдындағы сөзге түседі. Сондықтан оның алдында кідіріс болады. Мысалы: Маған // зергерлік бұйым қажет. Зергерлік бұйым // маған қажет
2-тапсырма.
Оқылым мәтінінен 3–4 сөйлемді логикалық екпін белгісін қойып жазыңдар.
3-тапсырма.
Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, қай жалғау екенін айтыңдар.
4-тапсырма.
«Ару ана мен төрт түліктің төлдері» ертегісін аяқтаңдар. Интонацияны дұрыс қойып, рөлге бөліп оқыңдар
|
Мұғаліммен сәлемдеседі.
Топқа бөлінеді
1-топ Көшпенділер
2-топ Уақыт
3-топ Өлшем
Дескриптор:
- төрт түлік малдың жас ерекшелігіне қарай түрлерін жазады
- қасиеттеріне қарай түрлерін жазады
- орфографиялық нормаға сай жазады
|